Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенконың Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына сапары

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенконың Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына сапары

2025 жылдың 30 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Дариян ауылында «Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі» тақырыбында кездесу өтті. Аталған іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп, еңбек пен әйелдердің әртүрлі өмір салаларын дамытуға қосқан үлесін айшықтады. Кездесуді Батыс Қазақстан облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Бәйтерек ауданы әкімдігімен бірлесе  ұйымдастырды. Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко, депутаттар, облыстық және аудандық деңгейдегі қоғамдық бірлестіктердің уәкілдері, ауыл еңбеккерлері қатысты. Олардың ішінде: В.К. Шохина - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, А.Г. Искалиева – «Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, Л.А.Федулеева - Янайкин ауылдық округі әйелдер кеңесінің мүшесі, еңбек сіңірген педагог, ақын, Ю.Р. Яфарова - Бәйтерек ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, «Янарыш» қоғамдық бірлестігінің басшысы, Р.Д. Бабақожа - Дариян ауылдық округі Аналар кеңесінің төрағасы және тағы басқалар. Кездесуге ауданның 22 ауылдық округі әйелдер кеңесінің 150-ге жуық өкілі қатысты.

Іс-шара барысында көрмелер, шеберлік сыныптары, диалог алаңы жұмыс істеді, әр округтің әйелдер кеңестерінің жарқын өкілдерін – ауыл әйелдерін құрметтеу рәсімі өтті.    

2025 жылғы бұл кездесу, онлайн алаңда ауыл әйелдері бастамашыл, қоғамдық өмірге тартылған, еңбекқор екендігімен қатар, әртүрлі мамандықтар мен ұрпақтардан өзара идеяларымен және тәжірибелерімен алмасып, әлеуметтік бастамаларды ілгерілетіп, жаңа білім алуға, сондай-ақ өз дамуына әртүрлі қолдау мен шабыт табуға мүмкіндік алатындығын тағы да бір көрсетті. Осылайша әйелдер қауымы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбек идеологиясын ілгерілетуге және жеке тұлғаның қалыптасуына белгілі бір үлес қосады.