Ағымдағы жылдың 7 қазанында Батыс Қазақстан облысының құрылыс және тілдерді дамыту басқармаларының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаев және департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Р.Хайруллина қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны өтеу жағдайларының қатаңдануы, мемлекеттік қызметшілердің іссапар кезіндегі өзін-өзі ұстауы, мемлекеттік қызмет көрсетуде қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сыйлықтарды сыйлауға жол берілмейтіндігі туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алудың жаңа мүмкіндіктері туралы баяндалды.