16 тамызда Орал қаласында, Тұңғыш Президент алаңында, «AUYL FEST. Қой шаруашылығы» атты алғашқы халықаралық фестиваль өтеді. Батыс Қазақстан облысында, әйгілі «Еділбай» қой тұқымының отанында өтетін бұл фестиваль дәстүр мен заманауи технологияны және әлемнің 14-тен астам елінен келген қой шаруашылығы саласының үздік мамандарын біріктіреді.
«Ғылыми-тәжірибелік конференция, үлкен форум өтеді, онда біз қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылап, оның дамуына серпін беруді көздейміз. 25-тен астам іс-шара өткізу жоспарланған. Форумнан бөлек бірнеше тақырыптық көрмелер болады. Бұл форматты біз Петропавл қаласында сынап көрдік. Халық өте жақсы қабылдады», – деді «Ауыл» партиясының азаматтық бастамаларды қолдау департаментінің директоры Бағдат Қадыров.
Іс-шара аясында қонақтарды күтіп тұрған бағдарламалар:
Фестиваль жарқын этномәдени оқиға ғана емес, сондай-ақ қой шаруашылығын Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бағыттарының бірі ретінде дамыту мен инвестиция тартудың тиімді алаңы болмақ.