Жұмысшы мамандықтар жылы: Бөкейорда ауданында шахмат турнирі өтуде

Жұмысшы мамандықтар жылы: Бөкейорда ауданында шахмат турнирі өтуде

 

Бүгін, 2025 жылдың 17 шілдесінде, Бөкей Ордасы ауданының Сайқын ауылында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында дойбы және шахмат турнирі өтуде. Турнирге әр түрлі сала қызметкерлері – ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, коммуналдық қызмет, ветеринария және басқа да еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Жарыс Сайқын ауылындағы Орда спорт клубында ұйымдастырылған. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандық иелерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан басшылығы, мекеме жетекшілері мен еңбек ардагерлері қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы:
«Бұл турнир – тек жарыс емес, әріптестер арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыратын тамаша мүмкіндік. Жұмысшы мамандықтарын насихаттау – қоғамның дамуына қосылған үлес», – деп атап өтті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталады.