Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Мирас Мүлкәй тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Мирас Мүлкәй тағайындалды



Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен БҚО әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды.

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылысшы»мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өңір басшысы өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Мирас Мүлкәйға алдағы жауапты қызметінде табыс пен сәттілік тіледі. Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бірқатар маңызды міндеттерді атап өтіп, жаңа орынбасардың осы бағыттарда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Әр жылдары:
* Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі- абаттандыру секторының бас маманы,
* Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі,
* Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің орынбасары,
* Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы,
* Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінде болды.

Мирас Мүлкәй құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы, абаттандыру мәселелеріне жетекшілік етеді.