«Таза Қазақстан: Таза орта – ұрпақ амандығы!» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан: Таза орта – ұрпақ амандығы!» экологиялық акциясы

Бүгін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында балалар алаңын тазалау және әктеу жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараға 10 астам ерікті жас қатысып, өз үлестерін қосты.

Бұл акцияның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру және волонтерлік бастамаларды дамыту арқылы жастардың белсенділігін арттыру. Сондай-ақ, туған өлкені таза ұстауға баулу – бастаманың басты міндеттерінің бірі.

Акция аясында балалар ойын алаңы қоқыстан тазартылып, ойын элементтері мен қоршаулар әктеліп, жаңартылды. Аталмыш шараға 10 астам ерікті жас белсенділік танытып, жоғары жауапкершілік көрсетті.        Аула тұрғындары атқарылған іске оң бағасын беріп, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау қажеттілігін қолдады.

Шара барысында Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сарсенбаев акцияның маңыздылығына тоқталып, былай деді:

«Мұндай игі істер қаламыздың көркіне көрік қосып қана қоймай, жастардың бойында экологиялық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға жол ашады. Жастардың белсенділігі – қоғамның даму көрсеткіші. Сондықтан осындай бастамаларға жастарды кеңінен тарту – өте маңызды».

Ұйымдастырушылар бұл бастаманың жалғасын табатынын атап өтіп, Орал қаласының тұрғындарын алдағы уақытта өтетін экологиялық шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Нәтижесінде балалар алаңы тазаланып, жаңаша келбетке ие болды. Қоғам игілігі үшін жасалған бұл бастама тек бір күндік жұмыс емес, тұрақты жалғасатын ортақ жауапкершілікке айналуы тиіс. Табиғатқа жанашырлық – келешек ұрпаққа аманат.

#ТазаҚазақстан #чистая страна #экология #TazaChallenge