«FSM Social» мобильдік қосымшасын енгізу

«FSM Social» мобильдік қосымшасын енгізу

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасы арқылы әлеуметтік қолдау шараларының бизнес-процестерін цифрландыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 10 маусым мен 18 маусым аралығында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған FSM Social цифрлық платформасын енгізу бойынша жобалық топпен (құрамында: Отбасын қолдау орталықтарының жұмысын үйлестіру жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшылары, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғам сарапшылары, мобильдік қосымшаны жасақтаушылар) оқыту семинарлары өткізілді.

Барлық аудандар мен Орал қаласының Отбасын қолдау орталықтарының мамандары мен өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша мобильдік топтардың мүшелері оқытылды.

Оқуға 2 мыңнан астам қатысты. Бұл ішкі істер және пробация органдарының, білім, денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері.

Анықтама

Облыста 13 Отбасын қолдау орталығы қызмет көрсетеді, с.і. біреуі Орал қ., қалғандары аудандарда. А.ж. 1  маусымына орталықтарға 700 жуық  адам жолықты, оларға 859 қызмет көрсетілді. Бұл заңгер, психологтың кеңестері, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер (тұрғын үй, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім және т.б.). Әр түрлі бағытта 300-ден астам шара өткізілді (ашық есік күндері, дөңгелек үстелдер, тренингтар, мастер-класстар).