Бүгін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары мен базар маңындағы шағын кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға үндеу және еріктілердің қатысуымен жасыл бастамаларды ілгерілету болды.
Акция аясында:
Шара барысында Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сарсенбаев акцияның маңыздылығына тоқталып: «Акцияның негізгі мақсаты — қоғамды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, қоршаған ортаны таза ұстауға үндеу және еріктілерді тарту арқылы экологиялық бастамаларды ілгерілету. Апта сайын өңірімізде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі шарамыздың басты ерекшелігі — еріктілердің белсенділігі мен халықтың экологиялық сана-сезімге оң көзқараспен қарауын қалыптастыру», — деп атап өтті.
Ұйымдастырушылар бұл бастаманың жалғасын табатынын және Орал қаласының тұрғындарын алдағы шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan