Бүгін еліміздің бірқатар аймағында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдерін сайлауы өтуде.
Казталов ауданында Казталов, Көктерек, Жаңажол, Бостандық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жүріп жатыр.
Казталов ауылдық округінде №258, №219, №220 сайлау учаскелерінде таңғы сағат 07:00-де әнұран шырқалып, дауыс беру науқаны науқаны басталды. №219 сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс берген ауыл тұрғыны Гүлжиян Едресова болды.
-Биыл халқымыз алғаш рет ауыл әкімдерін өзі таңдау құқығына ие болып отыр. Бұл ауылдың болашағы ауыл тұрғындарының таңдауына байланысты деген сөз. Бүгін мен Казталов ауылдық округінің әкімі лауазымына лайықты үміткерге дауысымды бердім. Барша ауылдастарымызды дұрыс таңдау жасауға шақырамын. Себебі қос үміткердің де сайлауалды бағдарламасы баршамызға таныс. Бағдарлама үміткердің халқына берген уәдесі. Ол орындалатын болса ауылымыздың болашағы жарқын болатынына кепілдік мол, - дейді ауыл тұрғыны Гүлжиян Идресова.
Жайық Пресс
Бүгін сағат 7.00-де #294 Бұлан сайлау учаскесінде мемлекеттік Әнұран ойналып, әкім сайлауы салтанатты түрде ашылды. #294 Бұлан сайлау комиссиясының төрағасы Айдарбек Көлбаев сөз сөйледі. Алғаш болып ауыл тұрғыны Қалқаман Мұхамбетжанов өз таңдауын жасады. Белсенді дауыс беруші тұрғындардың кіре берістен дене қызулары өлшенуде.
"Қазақстан Халық партиясынан" Бұлан ауылдық округі әкіміне үміткер Руслан Тасқалиевтың сенім білдірген өкілі Ләззат Бақтығалиева, "Ауыл" партиясынан ұсынылған үміткер Мұрат Әділгереевтің сенімді өкілі Мәлік Тәжіғалиев, "Партиялық емес бақылау орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының байқаушысы, мобильді капитан Самира Қасымова, "Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы" қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің байқаушысы Сымбат Қуатова сайлауға қатысуда.
Айта кетейік, #294 сайлау учаскесінде 315 тұрғын таңдау жасамақ. Үйден дауыс берушілердің 13-і жасы келген қариялар болса, 11 адам үй карантиніндегілер.
Жайық Пресс
Теректі ауданында төрт ауылдық округтегі сайлау учаскелері бойынша округ әкімдерін сайлау басталды.
Сағат 7.00-де №360 Подстепный ауылдық округіндегі сайлау учаскесінде мемлекеттік Әнұранмен әкім сайлауы салтанатты түрде ашылды. №360 Подстепный ауылдық округі сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Молдағали сөз сөйледі. Алғаш болып ауыл тұрғыны Алтай Өтегенов өз таңдауын жасады. Санитарлық талаптар қатаң сақталған.
Айта кету керек, №360 сайлау учаскесінен 1600 тұрғын өз таңдауын жасамақ. Үйден дауыс берушілердің саны бес адам, олардың 3-уі жасы келген қариялар болса, 2 адам мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан.
Жайық Пресс
Бүгін Батыс Қазақстан облысында сайлау басталды. Облыс бойынша барлығы 93 кандидат ұсынылды, оның ішінде 40 үміткер саяси партиялардан түссе, 53-і өзін-өзі ұсынғандар. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде 18.00-ге 82 кандидат тіркелді, оның ішінде 39-ы саяси партиялармен ұсынылғандар, 43-і өзін-өзі ұсынғандар.
Әртүрлі себептермен 11 кандидат алынып тасталды, оның ішінде 3-уі мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, 8-і сайлау жарнасы түспеуіне байланысты. Тіркеуден бас тарту жағдайы орын алған жоқ. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде жергілікті уақытпен 18.00-ге дейін 12 кандидаттың құжаттары тіркеуге түсті. 18.00-ден кейін сәйкесті аудандық АСК-лар 4 кандидатты тіркеу туралы шешім кабылдап, 8 кандидатты тіркеуден бас тартты.
Арнайы тексеруге 93 кандидаттың құжаттары жолданды – барлығына 93 жауап келді, оның ішінде 90-ы құпталды. Мемлекеттік кіріс органдарына 93 кандидаттың құжаттары жолданды, 93 жауап алынды - барлығы сәйкесті.
Барлық тіркелген кандидаттар кандидат күәлігін алды, сайлау бюллетеніне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама аудан әкімдерінің сайтында орналастырылды.
14 сайлау округінде - 2 кандидаттан, 14 – 3 кандидаттан, 3 – 4 кандидаттан, 3 сайлау округінде - 3 саяси партиядан кандидат тіркелді. 7 сайлау округінде – 2 саяси партиядан, 17 сайлау округінде - 1 саяси партиядан, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе аудандарының 4 ауылдық округінде - тек өзін-өзі ұсынған кандидаттар тіркелді. 6. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезінде сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ.
Жайық Пресс
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 11.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 29,0% алды.
Соның ішінде:
Ақжайық ауданы – 16,2%;
Бәйтерек ауданы – 30,9%;
Бөрлі ауданы – 23,1%;
Бөкей ордасы ауданы – 29,3%;
Жаңақала ауданы – 32,5%;
Казталов ауданы – 38,6%;
Қаратөбе ауданы – 34,3%;
Сырым ауданы – 41,0%;
Теректі ауданы – 26,6%;
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 09.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 8,1% алды.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде елорда уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 31 ауылдық округтерде 79 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.
ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Меңдіғалиев Темірхан Жалғасұлы тағайындалды.
Меңдіғалиев Темірхан Жалғасұлы – 1973 жылы туған. Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу автомобиль-жол институтын «инженер», «инженер-механик» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– «Металлист» Орал зауытының токарі;
– «Оралавтожол» Орал қазыналық кәсіпорының бас жетекші, бас маманы;
– «Қазақавтожол» РМКК Батыс Қазақстан облыстық филиалының №31 ӨЖУ бастығы;
- ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасында жауапты қызметтерде;
- ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының орынбасары;
- «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады.
2020 жылдан бастап «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ШЖҚ РМК мемлекеттік есепке алу департаментінің директоры қызметін атқарды.
Темірхан Меңдіғалиев құрылыс, көлік және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Алдағы 2022 жылға ҚР-на шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру туралы
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларының» 6 тармағына сәйкес 2022 жылға арналған квотаға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы жұмыс берушілерден өтініштерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлаймыз.
Өтініштер 2021 жылдың 15 шілдесінен бастап 1 қазанға дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде тек электрондық түрде қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) БҚО ЖҚҮжӘББ басшысының атына жазылған ілеспе хат; хатта кері байланыс үшін орындаушының байланыс деректерін көрсету қажет (ұялы телефон, электрондық пошта мекен-жайы);
2) ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН, ОКЭД (экономикалық түрі), ағымдағы жылы жұмыс жасайтын шетелдік азаматтардың саны (егер олар болса), 2022 жылы тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінін саны санаттар шегінде көрсетілген екі тілдегі кесте.
Кесте толтырған кезде тартылатын шетелдік жұмыс күші бойынша толық негіздеме ұсыну қажет, сондай-ақ 2022 жылы жоспарланған жобалар, көрсетілетін қызметтер бойынша келісім-шарт, келісімдерді көрсету қажет (келісім-шарттардың көшірмелерін ұсынуды қажеті жоқ, олардың нөмірі мен мерзімдерін, сонымен қатар көрсетілетін қызметтін атауын ұсыну).
Құжаттар толық көлемде немесе бекітілген нысанға сәйкес келмеген жағдайда тапсырылған құжаттар кері қайтарылады.
Өтінімдерді тіркеу үшін u.sobes@bko.gov.kz. электронды пошта арқылы БҚО ЖҚҮжӘББ кеңсесіне жіберу керек. Кеңсе телефоны 8(7112) 508170.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямадамен, аталған елдің сауда палатасының басшысы Хироши Икэдамен және инвесторлармен онлайн кездесу өткізді.
Басқосуға Жапонияның INPEX NORTH CASPIAN SEA LTD, APPAK LLP, ITOCHU Corporation, Komek Machinery Kazakhstan, JICA Kazakhstan, Sumitomo Corporation Moscow, Toyota Tsusho Corporation, Marubeni Corporation, Mitsubishi Corporation, Tokyo Rope Mfg Co. Ltd NISSIN CORPORATION секілді 23 ірі корпорациясы мен басқа да ірі компаниялардың өкілдері қатысты.
Онлайн кездесу барысында жапондықтарға облыстың инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, іскерлік байланыстардың жай-жапсары талқыланды.
Өңір басшысы екі ел компаниялары арасындағы кәсіпкерлік қарым-қатынасты одан әрі дамыта түсуге қызығушылық білдіргені үшін қатысушыларға алғыс айтты.
– Біз барлық шетелдік ірі компаниямен ынтымақтастық тақырыбын талқылағанда шетелдік бизнес екі бағытта жұмыс істей алатынын жиі айтамыз. Біріншісі – елдің негізгі мұнай-газ кен орны орналасқан Қазақстанның батысындағы біздің өңір. Екіншісі – біздің облыстың Ресей Федерациясына жақын оналасқаны және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне шығуға болатыны, – деді әкім.
Инвесторлар біздің өңір туралы және келешек жобалар жөнінде толық түсінік алуы үшін облыс әкімі екі тараптың компаниялары арасындағы ынтымақтастықты егжей-тегжей талқылайтын жұмыс тобын құруды ұсынды.
– Біз өз тарапымыздан жапондық компанияларға жер учаскелерін беруге, қажетті инфрақұрылымды Қазақстан есебінен жүргізуге және сату нарығында көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Ғали Есқалиев.
Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямада Батыс Қазақстан облысы екі ел арасындағы бизнес үшін ерекше орын алатынын атап өтті. Елші Джун Ямада пандемия аяқталған соң, аймаққа арнайы сапармен баруға ниет білдірді.
– Жақында біздің дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 30 жылдығы тойланады. Біз ынтымақтастықтың нәтижелерін шығарып, алдағы бірлескен жұмыстардың жалпы бағытын белгілейміз. Мен бұл кездесуді болашақ үшін өте орынды деп санаймын, – деді Джун Ямада.
Кездесу барысында жапондық бизнес өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Батыс Қазақстан облысы мұнай-газ, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, егін және мал шаруашылығына маманданған батыс макроөңірге жатады. Таныстырылым барысында әлемдегі ең ірі Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнының, көптеген зауыт-фабрикалардың, экономиканың табысты дамып жатқан салаларының жұмысы көрсетілді.
Біздің өңір шетелдік компаниялардың қатысуы арқылы жаңа жобалардың алаңына айналуға дайын. Облыста арнайы техника өндірісін ұйымдастыру, машина жасау саласы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жапондық мекеме-кәсіпорындармен ынтымақтастықтың болашағы зор.
Ясипа Рабаева
zhaikpress.kz