1 маусымда отбасылық үлгідегі балалар ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Балалық шақ үшін" атты тақырыптық кездесу өтті. Кездесу кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиев қатысты.
Кездесуге балалар үшін олардың тәлімгерлері ұйымдастырған шеберлік сыныптары, спорттық жарыстар, флэш-мобтар кірді. Педагогтар мен балалардың бірлескен жұмысының жемістері көрмеге қойылды, оның барысында балалар өздерінің таланттарын көпшілікке көрсете алды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Кездесу барысында өңір басшысы Нариман Төреғалиев балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
БҚО БАҚ материалдарынан
Кибербуллинг, жасөспірімдер қылмысы, су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігі, суицид, онлайн ойындар және синтетикалық есірткілер, өскелең ұрпақты моральдық-адамгершілік тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды беру, балалардың денсаулығын сақтау. Осы және басқа да мәселелер облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ұйымдастырған ата-аналар форумында талқыланды.
- Бәрі отбасынан басталады. Бұл қоғам қалыптасатын қоғамның бірлігі деп бекер айтылмаған. Сондықтан басты аспект – ата-ана тәрбиесі. Оған баса назар аудару керек. Форумның мақсаты-отбасы институтын нығайту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, рухани - адамгершілік құндылықтарды ілгерілету, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету, - деді қатысушылар.
Форумның пленарлық бөлімінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Шаттық Өтебалиева, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Губайдуллина, Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ҚМПС бастығы Ернар Сұлтанғалиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Төлегенова қатысты
Форум жұмысы үш бағыт бойынша тақырыптық секцияларды да қамтыды. Қатысушылар отбасылық тәрбие идеяларымен алмасты, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналар жұртшылығының, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтудың тиімді жолдарын талқылады.
Форум қорытындысы бойынша қарар қабылданды.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 12 шілдеде сағат 11:00-де Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді, сондай-ақ 12 шілдеде сағат 15:30-да Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде (мекен жайы: Н.Назарбаев даңғылы, 179) министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (7112) 24 05 96 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Жиынды саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын сүйемелдеу бойынша жұмыс тобының жетекшісі Жантас Сафуллин ашты.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Президенттің Жарлығын орындау мақсатында 2020 жылдан бастап арнайы жұмыс тобы қызмет етіп жатыр. Біз бүгін 2022 жылы жарық көрген 7 кітаптың таныстырылымын өткіземіз. Бұл кітаптардың үшеуі монографиялық еңбек, екеуі архив құжаттарына арналған, екеуі анықтамалық. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауда қиындық жоқ, қазір Президент жарлығына сәйкес барлық архив құжатары қолжетімді, - деп атап өтті ол.
Дөңгелек үстелге өлкетанушылар, тарихшылар және жоғарыда аталған жеті кітаптың авторлары қатысты.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев: «Егер бүкіл кеңес халқы үшін 1937-38 жылдардағы куғын-сүргін «үлкен террор» жылдары зор қайғы болса, онда біздің еліміз үшін бұрын-соңды болмаған қасірет болды. Дәл осы жылдары большевиктік-сталиндік режим алдын-ала әзірлеген саясатының нәтижесінде қазақ халқының саны едәуір кеміді.
Бұл орайда, өңірлік комиссияларды құрудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жарлығы аясында ұсыныстар әзірлеу үшін осы уақытқа дейін құпия болып келген немесе әлі белгісіз, ұмытылған деректерді, фактілерді табу, жинау, репрессияның түрлері мен механизмдерін анықтау, ауылдардағы қуғын - сүргін орталықтары мен орындарын, құрбандардың санын, аты-жөнін анықтау және зардап шеккендер туралы осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат жинау, талдап- сараптау болатын. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысын мемлекеттік тұрғыдан зерттеп, талқылап және жаңаша тарихи баға беру - бүгінгі ұрпаққа, бізге жүктелген ауқымды міндет», - деді.
Аймақ басшысы өз сөзінде комиссияның жұмысы үшін облыс бюджетінен қаржылай қолдау білдіріліп келгенін, алдағы уақытта да қолдау болатынын жеткізді.
“Жайық пресс”
Ағымдағы жылы КПО б.в. қаражаты есебінен «Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК-на визит-орталығының және әкімшілік корпусының құрылысы жалғасуда. Бас мердігер- «Жайықсельстрой» ЖШС.
Жоба бойынша екі қабатты әкімшілік ғимараты мен визит-орталығының ғимараты қарастырылған.
Бірінші қабатында: экскурсиялық бөлім, экспозициялық бөлім, ғылыми бөлім, 48 орынға арналған мәжіліс залы, жұмысшыларға арналған кабинеттер, библиотека, 24 адамға арналған кафетерий орналасқан.
Екінші қабатында кабинеттер орналасады.
Визит-орталығының ғимаратында: күзет бөлмесі, гардероб, санузелдар, фотолаборатория, касса орналасқан.
Қазіргі уақытта әкімшілік ғимараттың шатыр жабыны бойынша жұмыстар аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары басталды.
Нысан құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған.
23-маусым Мемлекеттік қызметші күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбаевтың «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Бөрлі ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Басимова Ольга Махметқызы, Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шарушашылығы бөлімінің басшысы – Тоқпанов Сергей Хариполлаұлы, Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – Жұмақай Бейбіт Серікұлы марапатталды.
Салтанатты жиында саланың бір топ өкілдері Облыс әкімінің «Алғыс хаты», Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының алғыс хаты, Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада жеңімпаздары, «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының, «Отбасым – үйім, Отбасым – тірегім» мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында эстафета жарысының жеңімпаздары, «Ана тілім – арым» дәстүрлі облыстық байқауының және «Үздік ауыл әкімі» мен «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» конкурстарының жеңімпаздарына жүлделер табыс етілді.
Дәл қазір Орал қаласындағы Жылу электр орталығында жаңа блокты-модульдік градирняның салтанатты ашылуы өтіп жатыр. Мамандардың айтуы бойынша турбоагрегат пен градирняны қайта құру жобалары қаланың жылу электр орталығын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылған. Бүгінгі таңда градирняны қайта жаңарту толық аяқталған. Қондырғыны ауыстыру өндірілетін электр энергиясын 12 МВт ұлғайтуға мүмкіндік берді, ал жалпы электр энергиясын өндіру 58 МВт құрайды. Градирняның іске қосылуы Жайық өзенінен жылу электр орталығының қажеттілігіне пайдаланылатын техникалық судың көлемін азайтады, сонымен қатар, жылу-алмасу суларын Жайық өзеніне кері жіберуді тоқтатады.
- Бүгін "Жайық жылу қуат" АҚ мекемесінің жұмысшылары мен қала тұрғындары үшін қуанышты күн. Көптен күткен жоба іске қосылғалы тұр. Мекеме облыс және қала тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған бірден бір мекеме. Бүл жобаны іске қосу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 6 млрд қаржы бөлінді. Турбогенератор мен градирняның іске қосылуы қысы-жазы үздіксіз жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның үздіксіз жүмыс жасауына атсалысып отырған барлық жұиысшыларға алғыс білдіремін, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев салтанатты шараның ашылуында.
Анықтама:1953 жылы - Жылу электр орталығының құрылысы басталған.
1960 жылы 22 желтоқсан – алғашқы 12 МВт турбоагрегат жұмысқа қосылған.
1961 жылы 2 қаңтарда – № 2 қазандық,
1961 жылы желтоқсанда – № 3 қазандық қатар іске қосылған.
1966-67 жылдары – № 4 және №5 қазандық агрегаттары орнатылған.
1969 жылы желтоқсан – қуаты 12 МВт №3 ст.турбоагрегаты орнатылған.
Оралдағы Жылу электр орталығын техникалық сумен жабдықтау көзі - Жайық өзені.
Қазіргі уақытта Жылу электр орталығын техникалық сумен жабдықтау жүйесі Жайық өзенінен су ала отырып, тікелей ағынды схема бойынша жұмыс істеп тұр.
Альфия Шамаева,
zhaikpress.kz
🌲Бүгін, Деркөл мәдени-демалыс саябағында БҚО «Жасыл Ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтарының кезекті маусымының ашылу салтанаты болып өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен мемлекеттік қызмет мекемелерінің басшылары және «Жасыл Ел» жастар еңбек және құрылыс жасағының сарбаздары қатысты.
🌴15 жылдан астам тарихы бар «Жасыл Ел» бағдарламасымен бүгінгі таңда облысымызда 25 мыңнан астам жастар қозғалыс мүшесі болып, мерзімді жұмыспен қамтылған. Биыл облыста бағдарлама аясында экобағыт бойынша 1175, ал құрылыс жасақтары бойынша 500 адам жұмыспен қамтылатын болады.
🌿Шарада өткен жылдың қорытындылары мен еңбек маусымында атқарылған жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы көрмемен танысып, әрі қарай еңбек маусымының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жас сарбаздарды құттықтады.
☘️«Жасыл Ел» жобасының басты мақсаты - жастарды білімдерімен бірге еңбекке баулу. Бүгінгі күні жасақ сарбаздары өңіріміздің дамуына үлес қосуда. Сондай-ақ, қаланың тазалығы, экологиялық мәселелерге үлес қосу арқылы еліміздің дамуына атсалысып жатыр.
Баршаңызды еңбек маусымының ашылуымен құттықтай отырып, сіздерге ең бастысы денсаулық тілеймін. Еңбек арқылы барлығына жетуге болады. Білімдеріңді одан әрі жетілдіре отырып, еңбек етуден қашпауларыңыз қажет. Еліміз бен облысымыздың дамуына осылай үлес қоса беріңіздер!», - деді облыс әкімі.
🪴Сондай-ақ, жиында еңбек жасағының командирі облыс әкімін «Жасыл Ел» еңбек маусымында бас командир етіп сайлап, еңбек жасағының формасын табыстады.
🌱Әрі қарай салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада кішкентай бүлдіршіндер «Қазақстаным» әнін орындап, өңірдің мың бұралған бишілері дөңгелене биледі. Табиғат аясындағы еңбек маусымының ашылу салтанаты осылай мерекелік көңіл күйде аяқталды.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
2017 жылы жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігі енгізілді. Биылғы жылы біздің облыста қуаты 20 МВт-қа дейінгі күн электр станциясының құрылысына аукцион өткізу жоспарлануда.
Бұл ретте әлеуетті инвестордан қаражатын инвестициялау және инновациялық технологияларды енгізу талап етіледі. Ал жергілікті атқарушы орган тарапынан инфрақұрылымы жүргізілген жер учаскесі беріліп, жобаны толық сүйемелдеу қарастырылады.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу 2023 жылғы 23 қарашаға жоспарланды.
Барлық сұрақтар бойынша БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасына @batys_energy хабарласуға болады.