Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
15 января 2024
БҚО әкімі су тасқынының алдын алуды тапсырды

 

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде кеңейтілген жиын өтті. Өңір басшысы ауа райының құбылмалылығын, ылғалдың мол болуын айтып, көктемгі су тасқынының алдын алуға ертерек дайындалу қажеттігін айтты.

Осы орайда облыс көлемінде су тасқынына дайындық деңгейі облыс орталығында және аудандарда қалай жүзеге асып жатқандығы жөнінде БҚО ТЖД басшылығы баяндама жасады.

«Кешенді жоспардың 166 шарасы бойынша 700 млн теңгеге 133 іс-шара орындалды, әкімдіктер 210 млн теңгеге 100-ден астам жабдықтар мен арнайы техникалар сатып алды. Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін орнату, су қоймасын жөндеу, қажетті жабдықтарды сатып алу секілді қалған 33 шара бойынша жұмыстар жалғасуда, - деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Р.Б. Блялов.

Сонымен қатар, жиын барысында алдағы уақытқа арналған  ауа райы болжамы, су қоймаларын тиімді пайдалану жөнінде баяндамалар жасалып,  Бөрлі, Казталов аудандарының әкімдері мен Орал қаласы әкімінің орынбасары көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында  атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев орынбасарларына арнайы комиссия құрып, су тасқыны болуы мүмкін мекендерді аралап, су қоймаларын, құбырларын тексеруді тапсырды. Сонымен қатар, өңір басшысы қаңтар-ақпан айларын тиімді пайдаланып, қар тазалау, құбырларды тазарту бойынша жұмыс жүргізуді жүктеді.

 

                     Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

12 января 2024
Батыс Қазақстан облысында жастарды баспанамен қамту бойынша «Жайық жастары» жобасы іске қосылды

 

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мақсатында «Отбасы банк» АҚ БҚО филиалы басшысымен арнайы меморандумға қол қойды.

Бұл меморандум нәтижесінде «Отбасы банк»-пен бірлесе 35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген несие берілмек. Осы орайда, БҚО-да жастарға тұрғын үй алуға 600 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.  

Осылайша «Жайық жастары» жобасы жастарды баспанамен қамтуға бағытталған. 

 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

 

12 января 2024
Батыс Қазақстан облысында «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске қосылады

 

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Әділетті Қазақстан -Адал азамат» атты жас мамандармен кездесу жиынында республикамызда алғаш рет өңірімізде іске қосылғалы тұрған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасымен таныстырды.

Облыс әкімі өз сөзінде ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған  «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген мақаласы аясында өңірімізде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Мақалада қозғалған басты жобаларды жүзеге асыруда, әсіресе жастардың рөлі басым екенін айтқан өңір басшысы елімізде тұңғыш рет халықты қаладан ауылдық жерлерге көшіруге бағытталған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске қосылатынын хабарлады.

«Президенттің тапсырмасы аясында өткен  жылы елімізде ауылдық аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында БҚО-да халықты қаладан ауылдық жерлерге көшіру бойынша пилоттық жобаны іске асыратын боламыз. Бұл туған жерге туымызды тігу үшін,  қара шаңырақтың түтінін қайта жаңғырту, ауылдарымызды иесіз қалдырмау және жаңғырту үшін басталып жатырған жоба.

Біз ауылға көшіп барамын деген азаматтарға өз тарапымыздан мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып барынша қолдау білдіреміз. Өткен жылы ауылдық жерлерге барған дәрігерлерге 2,5 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін қаржылай көмек көрсетілді. Биылғы жылы бұл қаражаттың көлемін 5 млн. теңгеден 8 млн. теңгеге дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Соңғы 3 жылда ауылдық жерлерге 3 616 адам қоныс аударған», - деді Нариман Төреғалиев.

Қаладан ауылға қоныс аударған жастардың бірі Эльвира Аманова шара барысында мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Отау құрғалы 10 жыл  бойы жолдасымыз екеуіміз пәтер жалдап тұрдық. Ендігі кезекте отбасымызбен Бәйтерек ауданының Чиров ауылына қоныс аудардық. Осы пилоттық жоба аясында өз ісімізді бастамақ ниеттеміз. Осындай жоба әлеуметтік жағдайын түзей алмай жүрген талай жандарға туған жеріне, ауылына барып, тек қана жағдайын ғана түзеп қана қоймай, еліміздің өркендеуіне де өз үлесін қосар еді», - деді Эльвира Оралбекқызы.

Жиын барысында облыс әкімі жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мақсатында «Отбасы банк» АҚ БҚО филиалы басшысымен арнайы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум нәтижесінде «Отбасы банк»-пен бірлесе 35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген несие берілмек. Осы орайда, БҚО-да тұрғын үй алуға 600 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, жас отбасыларды баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, іс-шарада еліміздегі Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы туралы да айтылды. Батыс Қазақстан облысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іліккен 4  маман басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеп жүр. Ал, биылғы іріктеленіп алынған жастардың екеуі Батыс Қазақстан облысының тумалары. Оларды қазіргі уақытта жұмысқа орналастыру бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр.

 

 

 

                     Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

 

12 января 2024
БҚО-да Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар іске асырылуда

 

Бүгін Батыс Қазақстан облысында өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің қатысуымен «Әділетті Қазақстан -Адал азамат» атты жас мамандармен кездесу жиынында Президенттік жастар кадр резерві туралы айтылды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іліккен 4  маман басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеп жүр. Ал, биылғы іріктеленіп алынған жастардың екеуі Батыс Қазақстан облысының тумалары. Оларды қазіргі уақытта жұмысқа орналастыру бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр.

 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

 

10 января 2024
Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды

Бүгін Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының өңірлерде Азаматтарды қабылдау орталықтарын кеңейту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыс және Орал қаласы, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталықтары  ашылды.

Облыс орталығындағы орталықтың  ашылу салтанатына қатысқан БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы өз сөзінде: «Біз Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мемлекеттік органдардың ашықтылығын көрсететін құралдың бірі – ол азаматтарды жеке қабылдау болып табылады. Былтырғы жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері 7 746 азаматты жеке қабылдады. Осындай орталықтар азаматтардың өзекті мәселелерін дер кезінде құзырлы органдар өкілдерінің басшыларымен бірлесе шешуге ықпалын тигізеді».

Сондай-ақ, аталған орталықта облыс әкімі  алдын-ала қабылдауға жазылған 10 тұрғынды қабылдады. Азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерін айтты. Өңір басшысы тиісті сала басшыларына азаматтардың мәселелерін шешу бойынша тапсырма берді.

        Тұрғындарды толғандыратын мәселелерін анықтау және оларды шешу мақсатымен құрылған азаматтарды қабылдау орталығында облыстық басқармалардың құзыреті шеңберінде кеңестер беріліп, облыс әкімімен, орынбасарларымен, барлық облыстық басқарма басшылары мен орынбасарларымен және аумақтық департамент басшыларымен бірыңғай кестеге сәйкес алдын-ала жазу арқылы жеке қабылдаулар жүргізілетін болады. Ендігі кезекте орталықта облыстық басқармалар, Орал қаласы әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері жұмыс жасайды.

 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылыс
10 января 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдетуді тапсырды

 

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Ең алдымен, құрылысы бірнеше жылға созылған №31 мектеп құрылысын қарады. Бұған дейінгі апаттық мектеп 2020 жылы бұзылған. Алайда құжат жүзінде құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталуы тиіс жаңа мектептің құрылысы бүгінде тоқтап тұр.

Нариман Төреғалиев  құрылыс басқармасы мамандары мен мердігер компания өкілдеріне ескертулер жасап, жұмысты жандандыруды қатаң түрде тапсырды.

«Өңірдегі әр нысан Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Басталған іс уақытылы бітуі тиіс! Әлеуметтік нысандар тез арада халық игіліне берілуі қажет. Сапасына да баса мән беріңіздер»- деді облыс әкімі.

Бұдан кейін, өңір басшысы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Соңғы 10 жыл бойы өңір тұрғындары түрлі жиындарда ғимаратты жөндеу мәселесін жиі көтеріп келді. 1958 жылы салынған нысанның әбден тозығы жеткендігін өткен жылғы кездесулерде де облыс әкіміне бірнеше өтініштер түскен болатын. Аймақ басшысы ғимарат заман талабына сай жөнделетінін айтқан еді. Енді ғимарат қазіргі уақытта күрделі жөнделуден өтуде.  Жоспарға сай 106 орындық, 74 тұрғын бөлмелі «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің  ғимараты осы жылғы көктем мезілігінде қолданысқа берілмек.

Облыс әкімі тиісті сала басшыларына барлық құрылыс нысандарының сапалы болуын және  мерзімінде тапсырылуын қатаң қадағалауды тапсырды.

 

                                                                Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Отбасылық-демографиялық саясат
10 января 2024
Басымдықтар айқындалды

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.  

Жұмыс сапары Е.И.Тарасенконың облыс әкімі Н.Төреғалиевпен жұмыс барысындағы кездесуімен басталды, оның барысында Е.И.Тарасенкоға өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат табысталып, өзара іс-қимылдың алдағы басымдықтары талқыланды.

Одан кейін Е.И.Тарасенконың қатысуымен, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, облыстық полиция департаментінде «Кешенді шаралар негізінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті, аталған шараға полиция департаментінің өкілдері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау ішкі істер органдарының қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, жұртшылық өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Мемлекет басшысы  Қ.К.Тоқаевтың «Еgemen Qazaqstan» республикалық газетіне берген сұхбатында айтқан «Келешекті қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген сөздері аталған шараның өзегіне айналды.

Сондай-ақ №4 және №5 емханаларда орналасқан «Жастар денсаулық орталығының» және «Үздік практиктер орталығының» жұмысымен танысу шарасы ұйымдастырылып, сол жерде өңір тұрғындарымен әңгімелесу болды.

         Жұмыс сапары жалғасуда.

        

          

 

 

09 января 2024
Қоғам дамуына серпін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне бер­ген сұхбатында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды. Сұхбат халыққа қызмет етіп жүрген азаматтарға бағыт-бағдар бе­рер нұсқаулық болуға тиіс.

Президенттің ат үстінде жүрген аза­мат­тардың әрдайым бастамашыл, нақты ісі­мен елге пайда әкелуі қажет деген сөзі  өршіл рухты мінезі болуы керек деген оймен үндеседі. Яғни рухты мінез маңызды ше­шімдер қабылдауда маңызға ие.

Біз Мемлекет басшысының бастамасы­мен кейінгі екі жылда көптеген маңызды реформаны іске асырып жатырмыз. Ел тарихында тұңғыш рет ауыл және аудан әкімдерін ашық сайлауды бастадық. Осын­дай көптеген өзгеріс Қасым-Жомарт Кемел­ұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жү­зеге асып келеді.

Президент сұхбатында атап айтқандай, хал­қымыздың қуатын арттыру, табысқа жетелеу жолында аянбай жұмыс істейтін боламыз. Батыс Қазақстан облысы бұл тұрғыда келелі істерді атқаратын болады. Халықты алаңдататын әлеуметтік мәсе­лелерді шешу  біз үшін басты міндет бол­мақ.

Осы жылы Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес өңір экономикасын кө­теру, білім беру, мәдениет, денсаулық сақ­тау, ауылдарды дамыту салаларында бір­қатар жобаны іске асыру жоспарымызда бар.

Өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Облыста халық игілігі жолында 17 мектеп, 12 медициналық, 2 мәдениет, 3 спорттық нысан ғимараттары қолданысқа берілді. Республикалық және облыстық маңызы бар 617 километр жол жөндеуден өтті. Сондай-ақ жергілікті деңгейдегі 312 километр жол жөнделді. Өңір тұрғындары үшін 73 тұрғын үй қолданысқа берілді. Ауыз су мәселесі де шешімін тапты. Биыл 47 ауылда жаңа су құбырлары салынып, таза ауыз сумен қамтылды. Өңір эко­номикасын әртараптандыру үшін алдағы 5 жыл ішінде 2,4 трлн теңгеге 70 ин­вестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осының арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысы ауылдарды дамыту, жергілікті елді мекендерде тұратын тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бас­ты міндетіміз екенін атап өткен болатын. Осының аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен облысымызға 6,4 млрд теңге кредиттік қаражат бөлінді. Қазіргі таңда бағдарлама аясында өңір бойынша өтініш білдірген 934 азаматқа 6,2 млрд теңге несие берілді. Берілген қара­жат ауылдық аймақтарда тұрып жат­қан іскер азаматтардың кәсібін дамытуға көмек береді.

Қазіргі таңда облыста 270 ауылшаруа­шылық кооперативтері жұмыс істейді. Со­ның ішінде өткен жылы 49 жаңа коо­ператив ашылып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

Президенттің тапсырмасы аясында өткен жылы елімізде ауылдық аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Құжат аясында өңірде халықты қаладан ауылдық жерлерге көшіру бағдарламасын іске асыратын боламыз. Бұл бағдарлама Пре­зи­дент сұхбатында атап көрсеткендей, аза­маттардың әл-ауқатын көтеруге бағыт­та­латын болады.

Кейінгі жылдары халықтың ауылға көшу үрдісі байқалып тұр. Кейінгі 3 жылда ауылдық жерлерге 3 616 адам қоныс аударған. Қаладан ауылға көшу – кезінде ауылдан көшіп кеткен азаматтар ауылға қайта оралып, өз ісін ашып, қасиетті қара шаңырақты қайта түлетеді деген сөз.

Біз ауылға көшіп барамын деген азамат­тар­ға өз тарапымыздан мемлекеттік бағ­дарламаларды пайдалана отырып және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып барынша қолдау білдіреміз. Соның бірі ауылдық жерлерге барған дәрі­гер­лерге 2,5 млн теңгеден 5 млн тең­геге дейін қаржылай көмек көрсетілді. Алда­ғы жылдарда бұл қаражаттың көле­мін 5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Бұдан бөлек, өңірде «Отбасы банк»-пен бірлесе 35 жасқа дейінгі жастарға жеңіл­детілген несие беріп, оларды тұрғын үй­мен қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алып отырмыз. «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй алуға 600 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Осының аясында 40 жас отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр. Облыста осындай маңызды бастамалар алдағы уақытта да жалғасады.

Президент сұхбатта бүгінге дейінгі жетістіктерді ой елегінен өткізіп, алдағы мақсат-міндеттерге барынша назар аударған. Барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап-түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуы керек. Бұл – ең басты талап. «Олар «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс», деді Президент.

Мемлекет басшысы айтқандай, халық игілігі жолында шешім қабылдаудан қорықпай, баршамыз елге пайдасы тиетін нақты жұмыстарды атқаруымыз қажет. Президент сұхбатындағы бағыттар қоғам­ның дамуына серпін беретіні анық. Сон­дықтан Әділетті Қазақстанды құру жо­лында Президент көрсеткен басым ба­ғыттар аясында жұмысты жалғас­ты­ратын боламыз.

 

08 января 2024
Оралдың жаңа шағын ауданы жасыл желекпен толықты

 

 

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының 10 шағын ауданына қарағай отырғызу рәсіміне қатысты. Бұл игі шарада облыстық ақсақалдар кеңесі, облыстық Ассамблея өкілдері, жастар және қоғам белсенділері де болды.

 Жоспарға сәйкес қаланы абаттандыру мақсатында аталған ауданға әзірге 100 түп қарағай отырғызылды. Өңірімізді көгалдандыру мақсатында бұл жұмыстар жалғасын тауып, келер аптада тағыда 100 дана қарағай отырғызылады деп жоспарлануда.

 «Орал – жасыл қала. Дегенмен әсем қаламызды одан әрі көркейтуге, абаттандыруға әр тұрғын өз үлесін қосуы қажет. Сондықтан біз бұрын отырғызылған ағаштарымызды сақтай отырып, жасыл желек қорын ұлғайтуға міндеттіміз», - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.   

Жалпы өткен жылы Орал қаласында 3000 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

 

Денсаулық сақтау
04 января 2024
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН БІЛДІ

 

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханаға барып, өрттен зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді.

Әкім Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және аурухананың бас дәрігеріне жарақат алған азаматтарға тиісті медициналық көмек көрсетіп, жағдайды бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Өрттен зардап шеккен 5 адам Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлік бригаданың көмегін алуда. 2 ер адам және 2 әйел адам жансақтау бөлімінде. Ал бір ер адам травматологиялық бөлімде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 02.07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайындағы «Rizyq» дәмханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.  Апат салдарынан 2 адам қаза тапқан болатын. Ал, түстен кейін тағы бір адамның денесі үйінділер астынан табылғаны туралы ақпарат түсті.

 

                                                Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Youtube.com
Twitter.com
Facebook.com
Instagram.com
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы