
Күні: 27.06.2021
Басталуы: 17:00:00
Ұзақтығы: 70 минут
Ақпарат:
Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры Иран-Ғайыптың «Махамбет» қойылымын көрсетеді.
Қойылымның режиссері- ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов , суретшісі – Рахат Сапаралиева.
Қойылым туралы қысқаша дерек:
Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі, қазақ поэзиясындағы ерекше тұлға, ақын Махамбет Өтемісұлы жайлы өлең жолдарымен өрілген драмалық қойылым батырдың өмірінің ең бір шырғалаң сәттерінен сыр шертеді. «Махамбет» трагедиясы - ел-жұртының азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған батыр ақынға қойылған легі үзілмейтін кезекті бір құрмет.
Бағдарламада:
- қойылым.
Махамбет – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қуаныш Амандықов.
Исатай - «Құрмет белгісі» төсбелгісінің иегері Талиғат Жігеров
Жәңгір - Мәдениет саласының үздігі Теміржан Матаев.
Фатима - «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Айжан Каирова.
Баймағамбет - Жантлеу Нуфтуллин
Қайыпқали – «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жылқыбай Жұбатов.
Шыман – Мәдениет саласының үздігі Айдар Жарылғапов.
Қарауылқожа – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрмет орденінің иегері Сердеш Қажымуратов.
Еспембет - Аманжол Сатканбаев
Байтоқ – «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері Жамбыл Заев.
Мадетбай – Мәдениет саласының үздігі Мұсағали Бектенов.
Ықылас – «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Салауат Түменов
Мұса - Сұлтанмухамедшах Телеуов
Асан шал - С. Туменов,
Айкүн - К. Аскарова.
Қызыр - Р Таймас
Гекке - К. Катшаев.
Билет бойынша +7 777 569 12 68; +7 775 409 47 32 нөмерлеріне хабарласа аласыз.