
Өткізу орны: Жастар мәдениет үйі
Күні: 15.12.2020
Басталуы: 17:00:00
Ұзақтығы: 60 минут
Ақпарат:
2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 17:00 – де Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік онлайн концертті өтеді. Онлайн концертте Жастар мәдениет үйінің вокалды аспапатар ансамблінің әншілері Азат Қабиев, Тарас Жауынбаев, Рустам Хафизов, Бибігүл Берекетова, Әсел Қажимова, Аэлита Ерсайынова, Айбар Хайырханов, Римма Нұрсұлтанова, Рүстем Кереев, Назира Хибашева, Аслан, Жасұлан Зинеденовтер және «Салтанат» би ансамблі /жетекшілері Бұлбұл Сапарғалиева, Мейрамгүл Танатова/ өнер көрсетеді. Шараның мақсаты: Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, көрермендерді өз Отанын сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық салт – сананы қалыптастыру