
Байқаудың мақсаты: Білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Байқаудың қатысушылары: байқаудың жас категориясына сәйкес барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Жас мөлшері: 10 – 16 жас. Байқау жұмыстары 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін obtsho.bko@gmail.com электронды поштасына жіберілуі қажет. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2020 жылдың 26 желтоқсан күні қорытындылайды.