Меню

Страницы

Статья

Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне бағынысты 24 басқарма және бағынысты мекемелер бойынша 01.04.2021-25.05.2021 жылдары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша:

 

  1. Басқарма өз қызметінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қызметін атқарады.

Бұл қызмет ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы №883 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы аясында жүзеге асырылады.

Қағиданың 3-бөлімі 15-1 тармағына сәйкес тікелей байланыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар. Яғни, мемлекеттік қызметті алу үшін тасымалдаушы (жеке және заңды тұлғалар) жергілікті атқарушының кеңсесі арқылы құжат тапсырып, тікелей байланыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызады.

Осыған байланысты, Қағидаға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы арқылы құжаттар тапсырады деген өзгерістер мен толықтыру енгізу қажет.

 

  1. Басқарманың Ережесінде заңнамада алынып тасталған қызмет көрсету түрлері (көлік қызметі субъектілерін аттестаттау, жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу) бар екендігі анықталды. Бұл құқықтық олқылық мемлекеттік қызметшінің қызметін асыра пайдалану түріндегі сыбайлас жеқорлық тәуекелін туғызады. Сәйкесінше, Басқарманың ережесіне тиісті өзгерістер енгізу қажет.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығымен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасына сәйкес Басқарма куәліктер береді.

Ал, бұл қызметті алушы өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тапсырып, сол жақта емтихан тапсырады.

Тек куәлік алу үшін Басқармаға келу арқылы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің көпсатылығын туғызуда.

Қызмет көрсетуді оңтайландыру мақсатында шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру қызметін толықтай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» беру керек.

 

  1. Басқарма қызметінде ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы негізінде жолаушыларын қызметін қадағалайды.

Алайда, Басқарма қызметкерлерінің тиісті бақылау жұмыстарын жүргізбеуі, жолаушы тасымалдаушы компаниялар тарапынан келісім-шарт талаптарын дұрыс сақтамауына  және жолаушылар наразылығына алып келеді.

Автовокзалдар мен автостанциялар ақпараттарды ұсыну кестесін бекітіп, ақпараттарды электронды түрде қабылдау мүмкіндігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары, Басқарманың интернет ресурсы мен әлеуметтік желілерде жариялау ұсынылады.

 

  1. Басқарма қызметкерлері маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау жүзеге асырады.

Қызметкерлер салынып немесе жөнделіп жатырған жолдарды қарап келгеннен кейін бірден есептерін тапсырмайды.

Бірізділік болу үшін республика көлемінде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау бойынша қағида бекіту қажет деп есептейміз.

 

Құрылыс басқармасы бойынша:

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағы 6-тармақшасына сәйкес коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салудың тапсырыс берушісі болып БҚО құрылыс басқармасы табылады.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту» қағидасына сәйкес реттеледі. Бұл қағидада жөнделетін объектіні теңгерімге алу туралы көрсетілмеген.

Аудиторлардың пікірінше күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу үшін БҚО құрылыс басқармасы объектілерді өз теңгеріміне алу қажет. Аудиторлар негіздмеге ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасын басшылыққа алады.

Бұл өз кезегінде уақыт пен қосымша қаражатты талап етеді.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін БҚО құрылысы басқармасы объектіні қайтадан меншік иесіне қайтарады.

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша:

 

  1. Бюджет әкімшілері Басқармаға өз бюджеттік өітінімдерін тапсырады. Әр бюджет әкмішісінің бір тауарды әртүрлі бағада тапсырады және әрқайсысының өздері тапқан бағалық ұсыныстары бар.

Басқарманың көрсетілетін қызметтер, сатып алынатын тауарлар, жұмыстардың орталықтандырылған бағаны қарауға мүмкіндігі жоқ болуына байланысты, бюджет әкімшілері ұсынған бағаларды бағалық ұсыныстары негізінде қабылдайды.

Осыған байланысты, Басқармаға көрсетілетін қызметтер, сатып алынатын тауарлар, жұмыстардың орталықтандырылған бағасын қарауға мүмкіндік беру қажет.

 

  1. Жыл сайын облыстық бюджет негізінде жергілікті атқарушы орган «Білім туралы» Заңының 6-бабы 8-1 тармақшасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Процесс мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидасына (№596 бұйрық) және Әдістемесі (№597 бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.

  «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына ескертпе енгізіліп, қаржыландыру медициналық білім беру ұйымдарынан басқа деп көрсетілді.

Яғни, медициналық білімдер үшін жергілікті атқарушы орган қаржыландыру жүргізе алмайды. Бұл құқықтық олқылықтар жергілікті бюджет есебінен медицина мамандарын дайындауға қайшы болып отыр.

Осыған байланысты, тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет, не болмаса Қағида қабылдау керек.

Денсаулық сақтау басқармасы бойынша:

 

  1. Басқарма өз қызметінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуға қатысу үшін кұжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы №20 бұйрығын басшылыққа алады.

Осы бұйрықтың 9-қосымшасында 31-тармағында Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі(тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен ратификациялануы тиіс.

Яғни, Тапсырыс беруші бір өнім берушіге шартты орындау мерзімін ұзарту мүмкін, екінші өнім берушіге ұзартпауы мүмкін жағдайындағы дискрециялық құзіреттілік түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызады.

 

  1. Басқарма ережесі қосымшасында бағынысты 40 ұйым көрсетілген. Алайда, «№7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны облыстық ауруханаға біріктірілгені (29.01.2020ж. БҚО әкімдігінің №18 Қаулысы) және «Батыс Қазақстан жоғары медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналғаны (23.09.2020ж. БҚО әкімдігінің №201 Қаулысы) анықталды. Құжаттардың талапқа сай болмауы азаматтық-құқықтық қатынастар кезіндегі әкімшілік кедергілерге алып келеді.

Басқарма өз қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидасы бойынша бағынысты ұйым басшыларын аттестаттау жүргізеді.

Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделегеннен және аттестатталатын басшымен әңгімелесуден кейін шешім қабылдайды. Шешімнің бірі  «атқаратын лауазымына сәйкес келмейді» болуы мүмкін. Бұл жағдайда аттестатталушы дау тудырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекеттер қабылдайды. Алайда, аттестаттау комиссия отырысы аудио және бейне жазбаға жазылмағандықтан, нақты шешім қабылдау кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін.

Аттестаттау комиссия отырысын міндетті түрде аудио және бейнежазбаға жазу туралы Қағидаға өзгеріс енгізу керек.

 

  1. Аталған қағиданың 5-бөлімі 26-тармағы 2-абзацы бойынша аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) құрылымдық бөлімшелерінің, кадр және заң қызметтерінің басшылары енгізіледі. Яғни, құрамында қоғам және кәсіподақ басшылары көрсетілмеген.

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидасына аттестаттау комиссиясының құрамына азаматтық қоғам институттары өкілдерін енгізу туралы толықтыру қосу қажет.

 

  1. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығымен бекітілген Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағида бойынша ауруханалар мен емханаларда бейнежазбалар жүргізіледі.

Техникалық құралдармен жазылған бейнежазбаларды сақтау мерзімі Қағидада көрсетілмеген. Сәйкесінше, әр медициналық ұйымның басшысы өз беттерінше сақтау мерзімін қабылдайды.

Қағидаға техникалық құралдармен жазылған бейнежазбаларды  регламенттеу туралы өзгеріс енгізу ұсынылады.

 

  1. Басқарма қызметінде ашықтылық пен жариялылық бойынша тиісті жұмыстар жасалмайтындығы анықталып, бизнес процесттерді жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

 

  1. Денсаулық сақтау, білім, спорт саласы бойынша бағынысты ұйымдары көп. Осы ұйымдардың басшыларының бірнеше жыл бойы (10 жылдан астам) бір ұйымды басқаруы, кей жағдайларда сол мекеменің тұралап қалуына әсер етеді.

Олардың басшыларын ротациялау туралы реттеуші нормативтік құқықтық акті жоқ. Ротациялау тек мемлекеттік қызметшілерге ғана реттелген.

Осыған байланысты, Бағынысты ұйым басшыларын ротациялау туралы қағида бекіту ұсынылады.

 

  1. Квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік коммуналдық мекемелерде басшының жұбайы (жолдасы) оның қарамағында қызмет жасайды. Мысалы, мектеп директорының жұбайы сол мектеп мұғалім. Яғни, ол тікелей директорға бағынбайды. Алайда, қызмет атқару кезінде, соның ішінді сыйақы беру, іссапарға жіберу кездерінде мүдделер қақтығысы орын алады. Медицина саласы бойынша келесі жағдай анықталды. 2020 жылы Теректі ауданының 2 аурухана директорының жұбайы сол мекемеде қызмет атқарады. COVID-19 вирусына байланысты 2020 жылдың маусым айында аталған ауруханада 20 орындық станционар ашылған. Пандемияның алдын алу мақсатында дәрігерлер мен қызметкерлер жұмылдырылған. Сәйкесінше оларға қаржылық қолдау төленген. алайда, оның бірі директор жұбайы станционар қызметіне жұмылдырылмағаны анықталды.

Квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік коммуналдық мекемелерде мүдделер қақтығысын реттейтін құжат бекіту қажет деп санаймыз.

 

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139 бабының 1 тармағына сәйкес, Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мекеме басшысына азаматтық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін.

 

Еңбек инспекциясы басқармасы бойынша:

 

  1. ҚР Еңбек Кодексіне 04.05.2020 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыретінен 17-баптың 5-тармағы «жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу» алынып тасталған болатын.

Алайда, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1019 бұйрығымен бекітілген «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру» қағидасына сәйкес Басқарма қызметкерлері Емтихан комиссиясының құрамына кіреді және сонымен қатар, Еңбек Кодексінің 193-бабының 12-тармағына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға құқығы көрсетілген.

Яғни, мемлекеттік еңбек инспекторлары мен білім сынағынан өтуші арасында мүдделер қақтығысы, тікелей байланыс орын алады.

Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларының емтихан комиссиясының мүшесі ретінде бір ұйымға қатысу, басқа бір ұйымға қатыспау құқығы да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Осыған орай, электронды түрде оқытудың барлық тәртібін жүргізуді толықтай оқу орындарына беруді және емтихан комиссиясының құрамынан мемлекеттік еңбек инспекторларын алып тастауды ұсынамыз.

 

  1. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шарттарына сәйкес барлық өндіріс орындары аттестациялаудан өтуі қажет.

Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына сәйкес, жұмыс берушінің ҚР еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы – ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 Мемлекеттік еңбек инспекторларының ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жазаның біреуін таңдаудағы құзыретінің болуы  сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдігін арттырады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына ескерту немесе айыппұлдың бірін қалдыруды, немесе заңнама талаптарын бірінші рет бұзған жағдайда ескерту беру деп өзгертуді ұсынамыз.

 

Ветеринария басқармасы бойынша:

 

  1. Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №268 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретінен бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру функциясы алынып тасталған. Аталған функция мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құзыретіне берілген. Осы орайда, жоғарыда аталған құқықтық актіде келесідей қайшылықтар туындап отыр:

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 1 бабының 45-1 тармағы бойынша, осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар ішінде эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі– эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат, - деп көрсетілген. Алайда, осы Заңның 18 бабы 1 тармағының 1-1 тармақшасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын инспекторлар эпизоотиялық зерттеу актісін шығарады - деп көрсетілген.

«Ветеринария туралы» Заңына енізілген өзгерістерге сәйкес, жергілікті атқарушы орандардың құзыретіндегі бақылау және қадағалау функциялары орталық атқарушы орандардың құзыретіне берілген болатын. Өзгеріске дейін әкімдіктердің жанынан құрылған ветеринариялық бөлімдердегі мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер эпизоотиялық зерттеу актісін жасап келді. Ал қазіргі кезде өзгеріске сәйкес ветеринариялық бөлімдер жабылып, мамандар ветеринариялық бақылау және қадағалау орандарына ауыстырылды. Сонымен қатар, тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторлардың ұсынуы және жүргізілген эпизоотиялық зерттеу актісі  бойынша  аса қауіпті жұқпалы аурулар ошағы пайда болған кезде карантин белілеу туралы шешім шығарылады. Сол себепті жоғарыда аталған Заңның 1-бабының 45-1) тармақшасына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар беретін құжат деп көрсетуді ұсынады.

 

  1. Басқарма және оған бағынысты ұйымдармен көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет бойынша тікелей байланыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екендігі анықталды.

Осыған байланысты, көрсетілетін мемлекеттік қызметердің стандарттарына қызметті берушінің кеңсесі арқылы дегенді алып тастап, тек «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы дегенді қалдыру қажет деп ұынамыз.

 

  1. Талдау барысында бағынысты ветеринариялық станциялардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары жоқ екендігі анықталды.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.

Осыған байланысты, ветеринарлық станцияларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекіту ұсынылды.

 

Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы бойынша:

 

          НҚА атауы: «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру туралы».

Ереженің 3 бөлім 20 тармақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алуға құжаттарды тапсыру кезіндегі қызмет беруші мен қызмет алушының арасындағы тікелей байланыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына соқтырады.

Осыған байланысты, қызмет беруші мен қызмет алушының арасындағы тікелей байланыс болғандықтан тікелей байланысты жою ұсынылады.

Бұл мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, жеке байланысты жоюға мүмкіндік береді.

 

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бойынша:

 

  1. НҚА атауы: «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары».

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №175 бұйрығы 3-қосымшасында материалдық-техникалық жарақтандырудың болуын құжаттамалық растау болып табылатын құжаттардың толық тізбесінің болмауы анықталды.

Осыған байланысты, қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағын «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 14-бабының талаптарына сәйкес келтіру» ұсынылады.

Бұл лицензия беру рәсімдерін реттеу, негізсіз бас тартуларды болдырмауға мүмкіндік береді.

 

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №235 «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес объектіге жүргізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізуді қамтамасыз ететінін халықты әлеуметтік қорғау органының өкілі сәйкестік туралы декларацияда қол қою арқылы растайды.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 25-бабына сәйкес қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы жергілікті атқарушы органының, мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктерінің өкiлдерi болмаса, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға тапсыруға жол берiлмейді. Алайда, аталған баппен бұл тұлғалардың сәйкестік туралы декларацияда қол қоюы көзделмеген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 1-бабының 48-1)-тармақшасына сәйкес сәйкестік туралы декларация мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектіде орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат болып табылады. Өз кезегінде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы жергілікті атқарушы органының маманы жобалау және құрылыс мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтардың талаптары саласының маманы болып табылмайды. Сондықтан құрылыс-монтаждау жұмыстарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізуді құрылыс нормалармен жұмыс жасайтын органдар, яғни сәулет және қала құрылыс органы немесе сол салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің жергілікті департаменті қамтамасыз етуі тиіс деп санаймыз.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, аталған кемшілік құрылыс саласының маманы болып табылмайтын халықты әлеуметтік қорғау органының маманын сәйкестік туралы декларацияға қол қоюды міндеттейді және оның құрылыс нормаларын білмегендігі кейбір алақол тұлғалармен пайдалануы мүмкін.

 

Қаржы басқармасы бойынша

 

  1. НҚА атауы: «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы».

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығында құқықтық олқылықтар анықталды.

Осыған байланысты, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне түсіндірме беру үшін ұсыныс жолдау ұсынылады.

Жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалдау ақысы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 2020 жылғы 20 маусымнан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы кезеңде есептелмейді.

 

  1. Коммуналдық мүлік жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейі бойынша облыстық коммуналдық мүлік, аудандық коммуналдық мүлік және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі болып бөлінеді.

Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру тәртібі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-бабымен қарастырылған. Алайда, аталған бап нормаларымен мемлекеттік мүлікті беру туралы тиісті өтінішхат түскеннен кейін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның оны қарастырып, тиісінше шешім шығару бойынша мерзімдері көрсетілмеген. Бұл мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғасының өтінішхатты қарастырып, шешім шығаруды субъективті себептермен ұзақ мерзімге созуына мүмкіндік береді.

Өз кезегінде аталған жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін деп есептейміз.

 

  1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік мүлік жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға беріледі.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен (бұдан әрі - Қағида) реттеледі. Қағиданың 19-тармағына сәйкес объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда тендерге қатысу үшін кепілдік жарна сомасы оның баланстық құнының үш пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Қағиданың 9-тармағына сәйкес объектінің баланстық құны туралы мәліметті құрылтайшыға объектінің басқару органы береді. Алайда, кепілдік жарнаны анықтау үшін объектінің баланстық құнын қай кезден есептеу керектігі нақтыланбаған. Бұл өз кезегінде баластық құнды әртүрлі жолмен анықтауға мүмкіндік береді. Тәжірибеде баланстық құнды нақты тендер өткізуді ұйымдастыру кезіндегі құнынан немесе жыл қорытындысы бойынша бухгалтерлік баланстан есептеу бойынша сұрақтар туындайды. Аталған жағдайда кепілдік жарна мөлшерін әдейілеп төмендету мүмкіндігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін.

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша:

 

  1. НҚА атауы: «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы».

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығы жерлеуге жер беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Осыған байланысты, Жер учаскелерінің жекелеген негіздері мен тиісті мөлшерлерін белгілеу бөлігінде жерлеудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау ұсынылады.

Бұл құқықтық олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

 

  1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабы 21) тармақшасы, 67 бабы 3 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар, осы баптың 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған мекеменің осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.

Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 68 бабында қызметкерлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады делінген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №1209 «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» қаулысының 9 тармағына сәйкес, қызметтік тұрғын үй беру тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметтік тұрғын үй кезек тәртібімен беріледі.

Алайда, жоғарыда айтылғандардың негізінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік пәтерлерді жалға беру барысында аталған заңдардың  бір-біріне қарама-қайшылығы анықталып отыр.

 

Дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша:

 

НҚА атауы: «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы».

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығының 2-қосымшада басқа оқу орындарынан қабылдау және келесі жылға ауысу спорттық нормативтерге байланысты орындалады. Бірақ бүгінгі күні орталық аппараттан бекітілген спорттық нормативтер жоқтығы анықталды.

Осыған байланысты, 3 бөлімге сәйкес орталық атқарушы органдармен бекітілген спорт түрлерінен спорттық нормативтер көрсету ұсынылады.

Бұл құқықтық олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

 

Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы бойынша:

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығы 1-қосымшада Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қызмет алу кезінде тікелей байланыс жасау тәуекелі анықталды.

Бұл мемлекеттік қызметті көрсету кезінде заңсыз артықшылық беру түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін.

 

«AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бойынша

 

  1. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы».

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы №1382 қаулысысында ӘКК сайтында есептер мен шешімдер жариялап, мекеменің ашық жоқтығынан ашықтық пен жариялылықтың болмауы анықталды.

Осыған байланысты, ашықтық және жариялықтықты камтамасыз ету ұсынылады.

 

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша:

 

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 138 (бірінші бөлігінде), 338, 339 және 340-баптарында көрсетілген жазаның санкциясымен айыппұл немесе ескерту беру , яғни дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі көзделген.

Кодекске өзгерістер енгізу арқылы жазалау түрінің бірін қалдыру немесе жаза түрін нақтылау үшін критерийлер әзірленген жағдайда заңнама талабы нақтыланады.

 

  1. Кодекстің 710-бабына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136 – бабымен «Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау» көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға құқылы.

Осымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 804-бабына сәйкес мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 319-бабына сәйкес «Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу» әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға  құқығы бар.

Нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектісі құрылысты заңсыз және жер учаскесін тиесілі құжатарынсыз  пайдаланған үшін жалпы 130 АЕК (379 210 тенге) мөлшерінде айыппұлға  ілігу мүмкін.

Осылайша, Кодекстің аталған тармақтарымен функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындалмаған.

Субъектілерге жүктеме түсірмеу және атап өткен 136 және 319 баптарын қолдану кезінде қайталанбау мақсатында, қолданыстағы Кодекс норамаларын нақтылау  ұсынылады

 

  1. ҚР Жер Кодексінің 92-бабының 2 тармағында  «егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жататын болып белгіленсе,  94 бабының 2 тармағына сәйкес  «жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қолдану үшін мерзімі – бір жыл болып  белгіленген. Заңда жер учаскесін игеріп пайдаланудың нақты критерийлері жазылмаған.

ҚР Жер кодексінің 94-бабына құрылысқа берілген жер учаскесін игеру мерзімін кезең-кезеңге бөліп нақтылап көрсету. Атап айтқанда бірінші жылы құрылыс алдындағы құжаттардың толық рәсімделуі (техникалық шарттары, сәулет жобалары мен құрылыс жобалары, сәулеттік-жоспарлау тапсырмалары, эскиздік жобалары, бекітілген жобалау-сметалық құжаттары және техникалық сараптама және т.б. құжаттардың болуы) болуы, екінші жылы құрылыстың басталуы, үшінші жылы құрылыстың толық аяқталуы қажет деп толықтыру. «Мақсатына сай пайдаланылмайтын не жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап қоюы бойынша азаматтық істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және шешіледі» деп қосымша толықтыру ұсынылады.

Бұл біріншіден, пайдаланылмайтын жерлер бойынша істердің соттарда ұзақ қаралудан босатса, екіншіден, сотта қаралу кезеңінде жер пайдаланушылар тарапынан  қандайда бір іс-әрекеттер жасауына жол бермейді.

 

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 138-бабына сәйкес жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін жою бойынша шара қарастырылған. Дегенменде, тәжіребеде меншік иелері мен жер пайдаланушылар немесе үшінші тұлғалар тарапынан дер кезінде жасалмаған фото немесе бейнежазбаларсыз заң бұзушылықты дәлелдеуге қиындықтар туғызады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 147-бабының, 2-тармағынын, 9-тармақшасы негізінде жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы межелік белгілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыратыны және жүргізілетіні болғандықтан сәйкесінше Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 138-бабына жер учаскелері шекарасында межелік белгілері жоғы (отсутствие) деп өзгерту ұсынылады.

Осылайша, заңнама талабы нақтыланады.

 

  1. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 147-бабының, 2-тармағынын, 6,13-тармақшалары бойынша қай кезде мемлекеттік бақылау жүргізілетіні айқындалмаған.

Осыған орай, Жер кодексінің 147-бабының,  2-тармағынын, 6,13-тармақшалары бойынша  мемлекеттік бақылау жүргізу мерзімін белгілеп,  бақылау жүргізу мерзімін айқындау ұсынылады.

 

  1. Басқарма қызметкерлері бақылау функцияларын іске асыру барысында «Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын жәнетексеру парақтарын бекіту туралы» ҚР Премьер министрінің орынбасары-ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №502 және ҚР Ұлттық экономика министрнің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №101 бірлескен бұйрығының 5-қосымшасындағы талаптардың тізбесінде Жеке немесе заңды тұлғалардан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының хаттамалық шешімдеріне және оның ұйымдастыруы мен өткізілуінің тәртібі бойынша туындауы мүмкін келіспеушіліктер нақты көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес «Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жатады» делінген.

Бірлескен бұйырыққа сәйкесінше толықтырулар, өзгерістер енгізу немесе осы мәселеге қатысты бұйырықтын 5-қосымшасындағы тізбенің нақты қай талабымен тексеріс тағайындалатынын айқындау ұсынылады.

Осылайша, Жер комиссияларының жұмысын бақылау реттеледі.

 

Ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша:

 

  1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығы.

Бұйрықтың 26-тармағында: «Егер қатысушы осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларының 24-тармағында көрсетілген мерзім ішінде мақсатты пайдаланылғанын және жұмыс орындарының құрылғанын растамаса, қатысушы мен кредитор арасындағы шартта көрсетілген мөлшерде қатысушы айыппұл төлейді және алынған қаражатты толық көлемде кредиторға қайтарады» делінген. Қатысушылардың барлық несие беру мерзімінде салық органдарына есеп беруі қарастырылмаған. Бұл жағдай мониторинг жүргізудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге кедергі болып табылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына қатысушылардың салық органдарына есептілік тапсыруы туралы толықтыру енгізу ұсынылады.

Ұсыныс орындалған жағдайда қызметкерлермен мониторинг жүргізудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етеді.

 

  1. Аталған бұйрықтың 3-тарауының 22-тармағына сәйкес, Кредитор қатысушыдан құжаттардың/мәліметтердің толық топтамасы бар өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және осы Кредит беру/микрокредит беру қағидаларының шарттарына сәйкес кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. Іс жүзінде тапсырыс бойынша материалдарды қарау 5-8 күн уақыт алады. Осыған орай бизнес-жобаны 15 жұмыс күні ішінде қарау қажеттілігі жоқ. Аталған жағдай қызметкерлермен қызмет көрсету мерзімін барынша созу немесе қысқа мерзімде бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығында бизнес-жобаның бағалауын жүргізу мерзімін қысқарту туралы өзгеріс енгізу ұсынылады.

Осылайша, бизнес-жобаларды бағалау мерзімін қысқартуға мүмкіндік болады.

 

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығының 11-тармағына сәйкес қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне қағаз нысанда осы Қағидалардың 12 және 36-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынуы көзделген. Бұл жағдай қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасында тікелей қатынас тәуекелін туғызады.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығының 11- тармағында тек электронды түрде қызмет көрсетуді қалдырып, өзгеріс енгізу ұсынылады.

Осы арқылы қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасындағы тікелей қатынас жойылады.

 

  1. «Астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрығымен Астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актiсiн құрушы комиссия құрамы бекітілген. Комиссия құрамы Төраға (Лицензиардың өкiлi), Комиссия мүшелерi - Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің маманы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциясының (бұдан әрі – ҚР АШМ АӨК МИК АИ) мемлекеттiк астық инспекторы, ҚР АШМ АӨК МИК АИ өсiмдiктердi қорғау және карантин бойынша мемлекеттiк инспекторы, Астық қабылдау кәсіпорнының басшысынан тұрады.

Комиссия құрамына қоғам өкілдері немесе маман-сарапшылар енгізілмеген. Бұл жағдай қызметтің объективті жүргізілуіне кедергі болуы мүмкін.

Осыған орай, «Астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрығымен бекітілген Астқы қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеруші комиссия құрамына қоғам өкілдерін немесе маман-сарапшыларды қосу ұсынылады.

Осылайша, жұмыстың объективтілігі және ашықтығы қамтамасыз етіледі.

 

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша:

 

  1. Экологиялық кодексінің 50-бабының 2-тармағымен Тіркелген күннен бастап II, III және IV санаттардағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарап, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттарды ұсынған тұлғаға қайтару көзделген.

Сонымен қатар, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын жобалар мен оларға қоса берілетін материалдар бойынша ескертулер болған кезде сарапшылар оларды ұсынған тұлғаға мұндай ескертулерді IІ санаттағы объектілер бойынша – он бес жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жояды; III және IV санаттардағы объектілер бойынша – жеті жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жояды. Ескертулер жойылмаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.

Бұрын жіберілген ескертулер жойылған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын беру көзделген.

Осылайша, «Құжаттар топтамасының толықтығы» мен «Сараптамаға ұсынылатын жобалар мен оларға қоса берілетін материалдар бойынша ескертулер» түсініктерінің жақындығына байланысты  оң қорытынды беру немесе  тапсырылған құжаттарды кері қайтару туралы шешім қызметкердің ыңғайына қарай қабылдануы мүмкін.

Осыған орай, Кодекстің 50-бабының 2 және 3-тармақтарындағы «Құжаттар топтамасының толықтығы» мен «Сараптамаға ұсынылатын жобалар мен оларға қоса берілетін материалдар бойынша ескертулер» түсініктерін ажыратып жазу ұсынылады.

Аталған ұсыныс орындалған жағдайда қызметкердің өз ыңғайына қарай шешім қабылау мүмкіндігі шектеледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 135-ө бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларымен бекітілген "II, III, IV санатты нысандарға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларының 2-тармағымен Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі белгіленген. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібінің 9-тармағымен экологиялық сараптамаға атпсырылған материалдар Экологиялық Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтің түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелерін қамтуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 135-ө бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында «Қоғамдық тыңдаулар» деген арнайы айдар құрылуы қажет. 

Алайда, басқарманың интернет ресурсында «Қоғамдық тыңдаулар» арнайы айдары құрылмаған, қоғамдық тыңдаулар туралы мәліметтер «Құжаттама» айдары ішінде орналастырылады.

Осыған орай, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында «Қоғамдық тыңдаулар»  арнайы айдарын құру ұсынылады.

Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету барысында ақпараттандырудың ашықтығы қамтамасыз етіледі.

 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша

 

  1. 07.03.2017 жылғы №69 БҚО әкімдігі қаулысымен бекітілген Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамсы Ережесінде шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша мониторинг жүргізу функциясы көзделмеген.

Аталған функция басқарманың негізгі қызмет бағыттарының бірі екендігін ескере, шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша мониторинг жүргізуді Басқарма туралы Ережеге толықтыру енгізу ұсынылады.

Осылайша, шетелдік жұмыс күшінің мониторингін жүргізу функциясы бекітіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 16-тармағына сәйкес ЖАО Қазақстан Республикасы азаматтар санының бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%-ын; Қазақстан Республикасы азаматтар санының үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90%-ын құрауы шарттарын сақтаған кезде рұқсат беруді және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады. Алайда, аталған ақпаратты Басқарма қызметкерінің тексеріп, білуге құзыреті белгіленбегендіктен, тек қызмет алушының тапсырған ақпаратына сүйенеді. Аталған жағдай тапсырылған ақпараттың жалған болған жағдайда, құқық бұзушылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына шетелдік жұмыс күшінің мониторингін жүргізу бойынша толықтырулар енгізу ұсынылады.

Осылайша, шетелдік жұмыс күшінің мониторингін жүргізу заңнамамен белгіленеді.

 

  1. Басқармамен санаторлық-курорттық ем алу немесе демалудың мониторингі жүргізіледі. Алайда, осы саланы реттеуші «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен санаторлық-курорттық ем алу немесе демалудың мониторингін жүргізу тәртібі белгіленбеген.

Осылайша, аталған салада мемлекет қаражатының тиімді жұмсалуы мен қызмет алушылардың қызметті толық алғандығының мониорингін жүргізу бағыты жоқ. Бұл жағдай мәліметтерді бұрмалауға мүмкіндік туғызады.

Аталған бұйрықта мониторинг жүргізу тәртібі белгіленген жағдайда санаторлық-курорттық ем көрсету барасы қадағаланады.

 

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 260 бұйрығымен «Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары» бекітілген

Алайда, мемлекеттік органдардың дерекқорлары интеграцияланбағандықтан, салық органдарының жұмыс берушілерді ңсалық төлеп тұрағндығы туралы мәлімет болмауы жұмыс орындарын ашудың мониторингін жүргізуге кедергі және ашықтықты қамтамасыз етпейді.

Осыған орай, мүдделі мемлекетті коргандардың дерекқорларын интеграциялау ұсынылады.

Осылайша, жұмыс орындарын ашу барысын бақылау мүмкіндігі, болады.

 

Жер қатынастары басқармасы бойынша

 

  1. «Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 бұйрығы)

Сауда-саттықтан тыс жер учаскелеріне құқық беру (ҚР Жер кодексінің 48-б. 1-т.), жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту (ҚР Жер кодексінің 49-1-б.), сондай-ақ шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелеріне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау (ҚР Жер кодексінің 43-1-б.) мәселелері бойынша қаралатын жер комиссиясының отырыстарында мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін.

Аталған жағдай «Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 бұйрығымен реттелмеген.

Осыған орай, мүдделер қақтығысы туындаған кезде жер комиссиясының отырысына қатысудан өздігінен бас тарту жөніндегі комиссия мүшелерінің міндетін енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 бұйрығына толықтыру енгізу ұсынылады.

Толықтыру енгізілген жағдайда мүдделер қақтығысын реттеуге немесе жоюға мүмкіндік беріледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес Бақармамен көрсетілетін "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" қызметі тек қағаз түрінде көрсетіледі; "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"; "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" қызметтері қағаз және электрондық түрде көрсетіледі. Осылайша, қызмет алушы мен қызмет беруші арасында тікелей қатынас түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды.

Осыған орай, қызметті толық электрондық форматқа көшіру ұсынылады.

 

Дін істері басқармасы бойынша

 

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығының
  • 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу";
  • 3-қосымшасының 3-тармағына сәйкес "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру";
  • 4-қосымшасының 3-тармағына сәйкес "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру";
  • 5-қосымшасының 3-тармағына сәйкес "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру";
  • 6-қосымшасына сәйкес "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"

қызметтерін көрсету барысында қызмет беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына арқылы да құжаттарды қабылдау арқылы көрсету көзделген.

Осылайша, кеңсеге жүгіну тәртібімен қағаз жүзінде қызмет көрсету барысында қызмет беруші мен қызмет алушы арасында тікелей қатынас көзделген.

Осыған орай тікелей қатынасты жою мақсатында қызметтерді электрондық форматқа көшіру ұсынылады.

 

  1. Тауар-материалдық құндылықтарды (үлестіру және насихаттау материалдары) бастапқы тіркеуден өткізбей жүргізу, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдарды орналастыру бойынша толық көлемде орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактілері қылмыстық іс бойынша қаралды (Басқарманың бұрынғы басшысы Ғизатовқа қатысты қылмыстық іс).

Осылайша, Басқарма қызметінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша ведомстволық бақылау шараларын ұйымдастыру ұсынылады.

Ішкі бақылау шараларын күшейту арқылы заңнама талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.

 

Тілдерді дамыту басқармасы бойынша:

         

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 75-бабында ҚР тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

          Лауазымды адамның тiл бiлмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы – ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, - деп көрсетілген.

          Аталған НҚА дискрециялық өкілеттіктер анықталды. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Осыған байланысты, «Бірінші рет жасалған жағдайда ескерту, қайталанған жағдайда он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» деп толықтыру қажет.

 

Білім басқармасы бойынша

 

  • Талдау барысында «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартқа сәйкес қай уақытта телнұсқа берілетіні көрсетілмеген, себебі құжаттың жоғалғаны немесе бүлінгені жөнінде дәйекті материалдар сұратылмайды. Сондықтан телнұсқаны бірнеше рет алуға болады.

        Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында құқықтық-лингвистикалық белгісіздік анықталып отыр.

       Осыған байланысты, «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру бөліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

        Нәтижесінде құжаттардың телнұсқалары қандай жағдайда берілетіндігі анықталады және техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын бірнеше рет алу жойылады.

Ішкі саясат басқармасы бойынша

 

          Қазіргі уақытта облыста 84 БАҚ субъектісі жұмыс істейді (мемлекеттік БАҚ – 27, мемлекеттік емес БАҚ – 58), оның ішінде баспа басылымдары – 74 (газеттер – 57, журналдар – 17), электрондық БАҚ – 7 (телеарналар – 2, радио – 3, кабельдік оператор – 1, телестудия – 1), ақпараттық порталдар – 3.

Басқармамен баспа БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған «материалдарды жариялау» ерекшелігі бойынша қызметтер көрсетуге мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалатыны анықталды.

Көрсетілетін қызметтердің көлемі кемінде 37 000 шаршы см, белгіленген бағалар – бір шаршы сантиметр үшін 37,57 теңгені құрауы тиіс.

Ақпараттық материалдың шаршы сантиметріне мәтіндік бөлік пен фотоматериал кіреді. Көрсетілген қызметтердің көлемін айқындау кезінде шаршы сантиметр үшін есеп айырысулар жарияланған материалдың (газет пен тақырыптың атауы, беттер, күндер, сондай-ақ жарнамалық материал енгізілмейді) жоғарғы мәтін бөлігінің басынан бастап төменгі жолына дейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, жарияланған материалдың көлемін анықтауда белгілі бір әдістеме әзірленбеген.

Сонымен, басқарма мамандары көрсетілген қызметтердің көлемін анықтау кезінде шаршы сантиметр үшін есептеулер кез-келген әзірленген ұсынымсыз немесе нұсқаулықсыз жүзеге асырылады, бұл өз қалауы бойынша орындалған жұмыс көлемін және төлем сомасын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте фотоматериалдың көлемі баспа мәтінінен үлкен және баспа мәтіні үшін бағаларда айырмашылық болмаған және фотоматериал болмаған жағдайлар болуы мүмкін. Фотоматериалдың көлемі көрсетілмеген (қажет болған жағдайда баспа материалының жетіспеушілігі әрдайым фотоматериалмен толықтырылуы мүмкін).

Сонымен қатар, тақырып пен қаріп өлшеміне қойылатын талаптар қарастырылмаған, бұл өз кезегінде орындалған жұмыстардың көлеміне әсер етуі мүмкін.

Осылайша, реттеуші құжаттың болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына ықпал етеді.

          Осыған байланысты, жарияланған материалдың көлемін анықтау әдістемесін әзірлеу және бекіту.

            Нәтижесінде, қызметкерлердің өздерінің сыбайлас жемқорлық мүдделері үшін баспа процесін реттей алуға мүмкіндіктері болмайды. Бекітілген әдістеме орындалған жұмыстарды объективті бағалауды қамтамасыз етеді

 

Мәдениет басқармасы бойынша

         

          Мәдениет туралы заңда ірі іс-шараларды ұйымдастыруда шақырылған әртістердің, жетекші және басқа да кейіпкерлердің гонорар төлеу шарттары, оның қаржыландыру көзі, шекті мөлшерлері көрсетілмеген (реттелмелген). Осылайша, іс-шараны ұйымдастырушылар шақырылған мамандармен алдын-ала келіссөз жүргізу мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

          Осыған байланысты гонорарларды төлеу ережелері мен шарттарын реттейтін НҚА әзірлеу қажет.

          Нәтижесінде іс-шараны ұйымдастырушылардың шақырылған мамандармен алдын ала сөз байласуына жол берілмейді. Бюджет қаражат үнемделеді.

 

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

         

Әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде іске асырылатын әлеуметтік тапсырыстар болып табылады.

2018 жылы 26 жоба – 126 584 000 теңгеге, 2019 жылы 22 жоба 133 870 000 теңгеге, ал 2020 жылы әлеуметтік 14 жоба 96 393 043 теңгеге жүзеге асырылды. Техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген мерзімдерде уақытында өткізіліп, Басқарма тарапынан қатаң бақылау үстінде. 2020 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа короновирус пандемиясын жариялауына байланысты облыстық бюджетін нақтылау кезінде мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылуына байланысты 7 әлеуметтік жоба бойынша мемлекеттік сатып алудан бас тартылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу негізінде жарияланған 7 жоба бойынша конкурстық комиссия шешімін нәтижелеріне конкурсқа қатысушы шағымданды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық комиссия балдарды есептейді. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін жеткізушілерді негізсіз таңдау тәуекелі бар.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында адами факторды болдырмау (баллдарды есептеу кезінде) яғни аталған процесті автоматтандыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру.

 

Мемлекеттік сатып алу басқармасы бойынша

         

  1. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші, егер осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Алайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалатындықтан, аталған тармақшада әлеуетті өнім берушінің бірінші басшылары тапсырыс берушінің өкілінің жегжаттары болып табылған жағдайда өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы еместігі қарастырылмаған.

Сыбайлас жемқорлық факторын жою бойынша ұсыныс: ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына өзгеріс енгізу.

Ұсынысты іске асырудан күтілетін нәтиже: әлеуетті өнім берушінің бірінші басшылары тапсырыс берушінің өкілінің жегжаттары болып табылған жағдайда мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқығы болмайды.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңамасына сәйкес бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру функциясы бойынша.

          Аталған функция «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы № 434-V Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          Объектілерді пайлануға қабылдау актілеріне құқықты бір заңды тұлғадан басқаға беру.

          Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурстық құжаттамада көзделген өлшемшартына сәйкес  өітінім ұсынған әр өнім берушіге қолданылатын шартты жеңілдіктерді белгілейді. Мәселен, құрылыс саласында жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушіге бас мердігер ретінде сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс өтілінің әр жылға бір пайыз және қосалқы мердігер ретінде пайыздың оннан бір бөлігі мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

          Қағидаға сәйкес, құрылыс саласында жұмыстарды сатып алу кезінде, жұмыс өтілін растайтын құжат «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі ҚР Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайлануға қабылдау акітлерінің электронды көшірмелері, жобалау бойынша жөмыс өтілін растау кезінде ведомствадан тыс сараптама қорытындысы болып табылады.

          Жоғарыда аталған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайлануға қабыолдау акітлеріне құқық бас мердігерден қайта құрудың түрлі нысандары жолымен тапсыру актілеріне сәйкес басқа шаруашылық субъектілеріне берілетін жағдайлардың саны көбейгені атап өтіледі. Бұл ретте, ҚР        Азаматтық кодексінің 46-бабы аясында көзделген заңнама номаларына сілтеме көрсетіледі.

          Аталған мәселе бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы және сәулет құрылыс заңнамасында нақты реттеу номалары болмауына байланысты, оны азаматтық заңнама аясында қарау конкурстық комиссия мүшелері арасында көптеген қайшылықтарды туғызады. Бұдан бөлек, осы практика әлеуетті өнім берушілердің жосықсыз бәсекелестігіне мынадай жағдайларда әкеп соғуы мүмкін:

          1.Өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізіліміне қосқан жағдайда, аталған норма бөлініштік теңгеріміне сәйкес құқықтарды бөлу және беру жолымен жаңа заңды тұлғаны құра отырып, «ребрединг» компаниясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, шын мәнінде өнім беріші шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылықтан қашады және мемлекеттік сатып алуға қатысуды жалғастырады.

  1. Мұндай жұмыс өтілін қабылдаған жағдайда, мемлекеттік саьтып алуға қатысу кезінде әр түрлі әлеуетті өнім берушілермен осы және басқа да жұмыс өтілін көрсетуде қауіп туындайды. Растайтын құжаттардың бірдей жиынтығы сатып алудың түрлі ұйымдастырушыларымен, түрлі конкурстарда қатысу талабы кезінде бөлініштік теңгерімді ұсына отырып, жұмыстың тікелей орындаушысы және жаңадан құрылған заңды тұлға ұсына алады. Бұл ретте, комиссия мүшелері аталған фактіні тексеруге мүмкіндігі болмайды

          Өнім берушілермен жұмыс өтілінің заңдылығын есептеудің нақты бағалау берілмейтін ҚР Азаматтық кодексінің 46-бабымен көзделген жағдайларды (заңды тұлғаларды біріктіру, бөлу, қосу кезіндегі құқық иеленуші), әлеуетті өнім берушілермен жұмыс өтілін есептеуге қатысты сұраныстарға ҚР Қаржы министррлігінің жауаптары беріледі.

          Бұл ретте, тәжірибені үшінші тұлғаларға, яғни заңды тұлғаны бөлу жолымен беру фактісі бар, үшінші заңды тұлғаға біріге отырып, бұрын бөлінген, бөлініштік теңгеріміне сәйкес заңды тұлғадан алынған тәжірибені оған береді.

          Заңнамадағы бұл кемшілік сыбайластық жмқорлық тәуекелдерін білдіреді.

            Осыған байланысты, ҚР қаржы министрілігіне объектілерді  пайдалануға қабылдау актілеріне құқықтық бір заңды тұлғадан басқаға беру мәселесі бойынша нақты реттеу нормаларын регламенттеуге қатысты ұсыныс дайындау.

 

  1. Әлеуетті өнім берушілермен олар құрылтайшысы болып табылатын еншілес компанияларға қатысты аналық компаниялардың жұмыс өтілін есептеудің талаптарын ұсыну фактілері анықталды.

Әлеуетті өнім берушілер ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 165-бабына сілтеме жасай отырып, (165-бап. Тұлғалар тобы. 2-тармақ. Нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаға немесе мұндай заңды тұлға осы нарық субъектісінің жеке - дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асырса, жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылады), жазбаша конкурстық өтінім құрамында жұмыс өтілін есептеуді талап етеді, бұл шешім қабылдау кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің күмәнін туғызады.

          Бұдан басқа, конкурстық өтінім құрамында, дәлелдерді растау ретінде «Тұлғалар тобының» түсінігін дұрыс талқылауды көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің жауаптарын бекітеді.

          Конкурс тәсілмен мемлекеттік сатып алу қорытындысы хаттамасын қалыптастыру кезінде конкурстық комиссия өтінім ұсынған әр өнім берушіге қолданылатын шартты жеңілдіктерді белгілейді. Әлеуетті өнім берушілермен үшінші тұлғалардың жұмыс өітілі ұсынылған кезде, шартты жеңілдіктерді қолдану тәртібіне бірыңғай және келісілген тәсіл болмаған жағдайда, конкурстық комиссиялармен шешім қабылдаудың даулы және дұрыс емес жағдайы құрылады.

          Заңнамадағы бұл кемшілік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін білдіреді.

          Осыған байланысты, ҚР қаржы министрлігіне әлеуетті өнім берушілермен олар құрылтайшы болып табылатын еншіліес компанияларға қатысты аналық компаниялардың жұмыс өтілін есептеу тәртібіне бірыңғай және келісілген тәсілді регламенттеуге қатысты ұсыныс дайындау.

 

Қаржы және мүлік саласы бойынша:

 

  1. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығының 41-тармағында «қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлаған кезде есепке қорлар немесе негізгі құралдардың әрбір түрлері бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар қоса беріледі» делінген. Алайда, қолданыстағы заңнамамен аталған прайс-парақтарды алу көздері қарастырылмаған, сондықтан бюджеттік өтінімді жасау практикасында шығыстарды жоспарлау барысында прайс-парақтарды ұсыну мақсатында, орындаушы нарықтағы қызмет, жұмыс немесе тауар жеткізушілерден қажетті прайс-парақтарды сұратуға мәжбүр болып, екі жақ арасында сыбайлас жемқорлық туындайтын қарым-қатынас пайда болу мүмкін.

Аталған заңнамадағы кемшілікті жою мақсатында, яғни сатып алу шығыстарын жоспарлаушы мен қызмет, жұмыс немесе тауар жеткізушілер арасында сыбайлас жемқорлық қарым-қатынас тәуекелдерін алдын алу мақсатында, бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну процесін оңтайландыру туралы ұсыныс беру қажет деп есептейміз.

  1. ҚР Бюджет кодекснің 69 бабына сәйкес заттай нормалар - қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері.

Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автокөліктермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және кеңсе орнымен қамтудың заттай нормалары, құрылыс,  объектілерді күрделі жөндеу, жолдарыды күрделі және ағымдағы жөндеу нормативтері бар. Әлеуметтік салада да салалық нормалары әрекет етеді.

Алайда, объектілерді ағымдағы жөндеудің нормативі бекітілмеген, яғни ағымдағы жөндеу өткізудің жиілігі және параметрлері анықталмаған.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен мекемелер жұмыс барысында кеңсе тауарларын қолданады. Кеңсе тауарларының қажетті көлемі нақты шығын негізінде бағаның өсуін ескере отырып жоспарланады, алайда шығын нормативтері бұл жерде де анықталмаған.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары бекітілді, оның 18-тармағында қосымша ақшалай төлемдерге шығындар қарастырылған.

Бұл шығындар орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – ОМО) мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне жылына екі лауазымдық жалақы сомасында ақшалай сыйақы төлеуді көздейді. Сәйкесінше, ОМО–ның бюджетін жоспарлау кезінде мемлекеттік қызметшілерге ақшалай сыйақы төлемдері ескеріледі, бұл қызметкерлерді материалдық көтермелеуге кепілдік береді.

ОМО-ның қызметкерлеріне кепілді сыйақы беру жөніндегі норма Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкелеріне еңбекақы төлеудің жүйесі туралы» Жарлығында да қарастырылған.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысы саяси және әкімшілік қызметкерлер лауазымдарының тізіліміне сәйкес деңгейлер (орталық және жергілікті) бойынша сараланған.

Алайда қазіргі таңда, ЖАО мемлекеттік қызметшілеріне сыйақы беру сыйақы бойынша қосымша ақшалай төлемдер есебісіз жоспарланған бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдаят мемлекеттік қызметкерлердің сыйақы алу шеңберіндегі тепе-теңдігін бұзу мүмкіндігімен қоса сыйақыға қаражат бөлу түрлі үнемдеу амалдары арқылы (тіпті кейде негізсіз үнемдеу немесе негізсіз шығындар арқылы) практикасына әкеліп соқтырады.

Осыған байланысты, ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілерін материалдық ынталандыру, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында көзделген кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті деңгейде сыйақы беру үшін ОМО-ның еңбекақы қорын жоспарлау сияқты заңды түрде айқындау мүмкіндігін қарастыру қажет деп есептейміз.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы (бұдан әрі - Қағида) 2011 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен (тиісті жергілікті атқарушы органдармен) келісім бойынша жүзеге асырылады.

Қағидаға сәйкес үш данада жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері сәйкесінше құжаттармен қоса келісуге жіберіледі.

Бұл ретте сәйкесінше құжаттар қолма-қол жіберіледі. Физикалық байланыс арқылы 2 тарап өздеріне пайда табу мақсатында осы жағдайды пайдалану мүмкін. Өз кезегінде бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, пара беруге арандату) әкелуі мүмкін.

Осыған орай, есептен шығару рәсімін автоматтандыру мақсатында, «Актілер мен сәйкесінше құжаттарды  жергілікті немесе тиісті саланың уәкілетті органдарына ұсыну тек мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы  жүргізіледі» тармағын енгізу бөлігінде тиісті өзгеріс енгізу қажет деп санаймыз.

 

Кадр қызметі бойынша:

 

  1. Мемлекеттік мекемелердің функциялары бір мекемеден екінші мекемеге штат бірліктерімен берілу мүмкін. Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 56 бабының 6 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге шатат бірлігі берілген мекемеден лауазым ұсынылады немесе ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда берілген мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.

Заңының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс процедурасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы  (бұдан әрі – Бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.

Ұсынылған лауазымнан бас тартқан мемлекеттік қызметші төрт орташа айлық жәрдемақыны алып, кейіннен өзі бас тартқан лауазымға орналасуға конкурсқа қатысуы мүмкін. Яғни, мемлекеттік орган тарапынан жәрдемақы төлеу шығыны мен конкурс өткізуге кететін уақыт көлемінде зардап шегуі мүмкін. Сол себепті Заңда ұсынылған лауазымнан бас тартқан мемлекеттік қызметішлер үшін дәл сол лауазымға жарияланған конкурсқа қатысуға шектеу болуы қажет.

  1. «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 25-тармағына сәйкес конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Және аталған қағидалардың 31-тармағына сәйкес тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс өткізу практикасында байқаушылар мен сарапшыларды конкурс өткізетін мемлекеттік органдардың өздері шақырады және бұл конкурстың әділ өтуіне кедергі болу мүмкіндігін туғызады. Сондықтан, аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу және конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, конкурс комиссия отырысына қатысу үшін байқаушылар мен сарапшыларды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган тағайындау қажет деп есептейміз. Сол себепте «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс беру қажет деп есептейміз.

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 25-тармағына сәйкес конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Және аталған қағидалардың 31-тармағына сәйкес тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс өткізу практикасында байқаушылар мен сарапшыларды конкурс өткізетін мемлекеттік органдардың өздері шақырады және бұл конкурстың әділ өтуіне кедергі болу мүмкіндігін туғызады. Сондықтан, аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу және конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, конкурс комиссия отырысына қатысу үшін байқаушылар мен сарапшыларды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган тағайындау қажет деп есептейміз. Сол себепте «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс беру қажет деп есептейміз.

  1. Мемлекеттік мекеме басшыларының бір лауазымда бірнеше жыл басқаруы сыбайлас жемқорлық тәуекелдіріне әкеліп соғуы мүмкін. Ротациялау тек мемлекеттік қызметшілер арасында ғана заңнамамен реттелген.

          Алайда, квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік кәсіпорындар басшыларын ротациялау заңнамада қарастырылмаған.

          Еңбек мотивациясын арттыру, басшы үшін «қолайлы жағдай» қағидатын бұзу, мамандарды кадрлық баспалдақ бойынша жоғарлату үшін, азаматтық қызметтегі басшылық лауазымдағы қызметкерлерді ротациялау қажет деп есептейміз.

 

Дата публикации
03 июля 2021
Дата обновления
03 июля 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

13 мая 2025
Выборы акимов города районного значения, села, поселка, сельского округов назначенные на 22 июня 2025 года
12 мая 2025
О регистрации избранных акимов Сарытогайского селького округа Акжаикского района
12 мая 2025
Брифинг «О начале Недели репродуктивного здоровья в ЗКО»

Социальные медиа

Youtube.com
Twitter.com
Instagram.com
Facebook.com

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации