Қайырлы кеш, құрметті батысқазақстандықтар!
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облысымыздың барлық деңгейдегі әкімдер есептері өтті.
Бүгінгі қорытынды есептік кездесу «Aqjayq» телеарнасында, облыстық әкімдіктің ресми сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде өтуде.
Есептік кездесуге сұрақтарды жолдау тәсілдері БАҚ беттері мен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таратылды.
Сын-ескертпелер мен ұсыныстар үшін арнайы жәшіктер де орнатылған болатын.
Сонымен қатар, тұрғындар экранда көрсетілген колл-орталық пен WhatsApp нөмірге өз сұрақтарын жолдай алады.
Құрметті көрермендер, сіз жолдаған сұрақтардың барлығына тікелей эфирде жауап беріп үлгермесем, келіп түскен сұрақтарға жауапты Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында жариялайтын боламыз.
Добрый вечер, дорогие западноказахстанцы!
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан в области проводятся отчеты акимов всех уровней.
Сегодняшняя отчетная встреча транслируется в прямом эфире на телеканале «Aqjayq», на официальном сайте и YouTube-канале акимата Западно-Казахстанской области.
Способы направления вопросов ранее освещались в социальных сетях и СМИ, дополнительно были установлены ящики для сбора замечаний и предложений.
Вы также можете направить свои вопросы через номера Call-центра и мессенджера WhatsApp указанные на экране.
Уважаемые телезрители, если ответить на все ваши вопросы в прямом эфире неуспею, ответы на все вопросы мы опубликуем на официальном сайте акимата Западно-Казахстанской области. Начало формыКонец формы
Ендеше баяндаманы бастауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті батысқазақстандықтар!
Қадірлі жерлестер!
Осы жылғы есептік кездесуімізді эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өткізіп отырмыз.
Өткен жылғы есебімде тұрақтылық пен бірлікті сақтау, мемлекеттік органдарға сенімділікті нығайту мен тұрғындардың кірістерін арттыруды өз жұмысымның негізгі басымдылықтары ретінде атап өткен болатынмын.
Былтыр атқарылған жұмыстар осы үш негізге сүйене отырып жасалды. Біз биыл да осы үш қағидатты ұстана отырып жұмыстарды жалғастыратын боламыз.
Өткен жылы біз бірлік пен түсіністіктің арқасында індетке төтеп бердік.
Пандемияға қарамастан өңірдің бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң нәтижелері арқасында экономикалық тұрақтылық қамтамасыз етілді.
Жыл қорытындысымен өнеркәсіп 3,7%-ға, құрылыс жұмыстары 0,3%-ға, тұрғын үйлерді іске қосу 9,1%-ға артты.
Промышленность и инвестиции
По итогам прошедшего года, промышленность выросла на 3,7%, за счет увеличения объёмов добычи газа на 6,8%, газового конденсата - на 6,9%.
Есть небольшое снижение в обрабатывающем секторе. На это повлияло снижение спроса в России из-за пандемии.
Вместе с тем, на наших заводах и предприятиях производство не останавливалось, выпускалась новая продукция, внедрялись инновации и новые технологии.
Так, в 2020 году впервые на воду спущено судно водоизмещением 400 тонн, изготовленное Уральским заводом «Зенит».
«Уральский трансформаторный завод» начал выпуск новой продукции – промышленных панельных радиаторов.
«Западно-Казахстанская машиностроительная компания» завершила строительство крупного инновационного объекта - печи подогрева нефти.
Компания «Топан» наладила инновационное производство высокотехнологичных химических реагентов.
Компания «Кублей» наладила полный цикл безотходного производства мясных изделий.
По итогам 2020 года объем инвестиций составил 468 млрд. тенге. Из них частные инвестиции - 81%. Это хороший объем инвестиций, но тем не менее есть снижение в нефтегазовом секторе (21,6%), которое связано с тем, что в 2019 году были большие инвестиции на Карачаганакском и Чинаревском месторождениях.
В остальных отраслях наблюдается рост инвестиций.
В прошлом году только в рамках Карты поддержки предпринимательства введено 7 проектов на 19 млрд. тенге с созданием свыше 270-ти новых рабочих мест.
В 2021 году планируется ввод ряда инвестпроектов на общую сумму 687 млрд. тенге с созданием около 3 тыс. постоянных рабочих мест:
- Проект снятия производственных ограничений по газу КПК (КПО Б.В.) (445,6 млрд. тенге);
- Проект 4-го компрессора обратной закачки газа (КПО Б.В.) (212,4 млрд. тенге);
- Кирпичный завод мощностью 20 млн. штук в год (1,1 млрд. тенге) (ТОО «134»);
- Мебельная фабрика мощностью 22 тыс. изделий в год (2 млрд. тенге) (ТОО «Квант»);
- Уральский технопарк «Дата центр» - 2 этап (2 млрд. тенге) (ТОО "LLYAGRO-ENERGY"),
- производство солнечных панелей мощностью 50 тыс. в год (840 млн. тенге) (ТОО «Green Spark Limited»);
- Турбогенератор 12 МВт на ТЭЦ (3 млрд тенге);
- Молочно-товарная ферма мощностью 5,5 тыс. тонн молочной продукции в год (3,9 млрд. тенге) (ТОО «Ringo-Milk»);
- Молочный завод мощностью 7 тыс. тонн молока в год (500 млн. тенге) (ТОО "UralskTradeCompany");
- Хранилище для фруктов и овощей мощностью 4 тыс. тонн в год (1,1 млрд. тенге) (ТОО «Bayston»);
- Современный тепличный комплекс на 11 гектар (14 млрд. тенге) (ТОО «World Green Company»);
- Комплекс по переработке овощных культур с упаковкой с общим объемом хранения до 7 тыс. тонн (450 млн. тенге) (КХ "Рубцов").
Также, в 2021 году планируется возобновить строительство завода глубокой переработки нефти в Теректинском районе и начать реализацию 10 новых инвестпроектов на общую сумму 156 млрд. тенге с созданием 900 постоянных рабочих мест.
Для потенциальных инвесторов функционирует инвестпортал, где они могут найти консультацию по принципу «одного окна» и необходимую информацию для вложения инвестиций.
Агроөнеркәсіп кешені
Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп көрсетті.
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 550 мың гектар құрады.
Дәнді дақылдардың 227 мың гектары орылып,
292 мың тонна өнім алынды.
Бұл көрсеткіш өткен жылдан 20,7%-ға артық.
Орташа өнімділік 2019 жылмен салыстырғанда гектарға 10,3 центнерден 12,9 центнерге дейін өсіп отыр.
Мал саны мен егістік алқаптарын көбейту мақсатында, соңғы екі жылда 922 мың гектар пайдаланылмайтын жерлер анықталып, мемлекетке 140 мың гектары қайтарылды. Ал 542 мың гектар жерді шаруалар қайта игере бастады.
Біз жерді дұрыс пайдаланбай отырғандардың аты-жөндерін жариялауды жалғастырамыз.
Жерді игеру процесін толықтай бақылау мақсатында арнайы геопортал жасалды. Геопорталда кезкелген адам әрбір жер учаскесі бойынша ақпаратты ашық түрде көре алады.
2020 жылы өсімдік шаруашылығында азғана төмендеу орын алды. Бұл, жаздағы қуаңшылық пен Жайық өзеніндегі судың аз болуына байланысты.
Саладағы еңбек өнімділігі 3 тоқсанда 25%-ға өсіп, 1,8 млн. теңгеге дейін жетті. Ал инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 24 млрд. теңгені құрап отыр.
Өңірдің негізгі басым бағыты – етті мал шаруашылығы.
Облыста мал басы бойынша тұрақты өсім бар, ірі қара мал басы – 10%-ға, жылқы – 15,7%-ға, қой мен ешкі – 5,1%-ға өсіп отыр.
Облысымыздың әлеуетін ескере отырып, өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында біз алдағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың тұжырымдамасын дайындадық.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында барлық аудандарда ауыл шаруашылығы кооперативтерін біріктіруді бастайтын боламыз.
Осы жылы қуаңшылыққа байланысты оңтүстік аудандарында мал азығы бойынша мәселе туындады.
Қиындыққа тап болған аудан шаруаларына Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым аудандарынан мал азығын жеткізуді ұйымдастырдық.
Оңтүстік аудандар жайылымдарын суландыру мақсатында Киров-Шежін арнасы қайта құру жұмыстарының соңғы кезеңін аяқтау үшін 2020 жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.
Жоба аясында Жайық өзенінен арнайы қондырғы арқылы су алып, Жайық-Көшім жүйесіне жіберу үшін, биыл осы жобаның құрылыс бастаймыз.
Сонымен бірге, облыстың үш суландыру жүйелерін қайта құру жұмыстарын бастайтын боламыз.
Бұл 300 мың гектарға дейін жайылым жерлерді айналымға қосу және Жайық өзенінің сол жағалауында мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Строительство жилья
В регионе в прошлом году введено 4838 квартир общей площадью 529 тыс. кв. метров (21,1 млрд. тг).
В том числе 527 квартир очередникам, из них многодетным семьям – 53 квартир.
В 2021 году для очередников планируем построить 1126 квартир в городе Уральск и Аксай, 640 квартир в сельской местности.
В нашей области большой спрос на жилье, многие хотят улучшить свои жилищные условия.
Для меня важно, чтобы люди покупали жильё здесь, в регионе.
Разработан сайт uralsk.smartmap.kz, можно найти информацию о строящихся в Уральске многоквартирных жилых домах, скоро и по г. Аксай информацию дадим.
Весной начнем строительство жилья в микрорайоне «Акжайык». Есть 2 местных инвестора, а также подали заявки компании из других регионов Казахстана.
Также в этом году планируем начать выдачу около 1800 земельных участков под строительство индивидуального жилья в Каратобе, Федоровке и в поселке Круглоозерное.
Газдандыру және сумен қамту
Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту ең алдымен көгілдір отын мен ауыз сумен қамтуға тікелей байланысты.
Осы бағытта жұмыстар кезең кезеңмен атқарылып келеді. Өткен жылы 1 миллиардқа жуық қаражатқа 21 ауыл газбен қамтылды (Теректі 10 ауылы және Ақжайық ауданының 11 ауылы).
2021 жылы Казталов ауданының 4 ауылына газ тарту жұмыстары жоспарда тұр. Нәтижесінде облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 98,7%-ға дейін өседі.
Сапалы ауыз сумен қамту да біздің басты назарымызда. Өткен жылы 25 мыңнан астам тұрғыны бар 31 ауылға таза ауыз су тартылды.
«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде биыл 4,2 млрд. теңге қаражатқа 16 ауылға су өткізуді жоспарлап отырмыз.
Нәтижесінде таза ауыз сумен қамту көрсеткішіміз 88%-дан 89,8% дейін өседі.
Жол мен көлік инфрақұрылымы
2020 жылы 42,3 млрд. теңгеге 436 шақырым жол жөнделді.
Өткен жылы Казталов ауданы мен Орал қаласын байланыстыратын жол толығымен жөнделіп, пайдалануға берілді.
Бұл пайдалануға берілген кезекті жол бөлігі болғанымен, осы кезге дейін жол азабын шегіп келген аудан тұрғындары үшін өткен жылы атқарылған маңызды істердің бірі.
Осы жылы Жәнібек, Бөкейордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды жөндеуді жалғастыруға республикадан 20 млрд. теңге қаражат бөлініп, 129 шақырым жол салынатын болады.
Сонымен қатар, тұрғындар көтеріп жүрген мәселелердің бірі - Атырау-Орал тас жолын реконструкциядан өткізу.
Біз Үкіметпен келісіп, аталған жол жиегін кеңейту үшін жобалық-сметалық құжаттаманы биыл әзірлеуді бастаймыз.
Өткен жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу үшін 12,7 млрд. теңге қаражат жұмсалып, 192 шақырым жол жөнделді. 2021 жылы осы бағытта 220 шақырым жолды жөндеу жоспарда тұр.
Елді мекендердің жолдарын жөндеу бойынша да айтарлықтай жұмыс атқарылды.
Өткен жылы 101 шақырым ауылішілік жолдар жөнделді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жақсы көрсеткіш.
2020 жылы Орал қаласының 46,2 шақырымды құрайтын 41 көшеге асфальт төселді. «Нефтебаза» ауданындағы көпір қайта салынды.
Қазіргі уақытта, 2021 жылға облыс бойынша 41,5 млрд. теңге қаражатқа 378 шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз.
«Орал» халықаралық әуежай терминалының құрылысына тоқталар болсақ, жөндеу жұмыстары объективті себептерге байланысты созылып кетті.
Біз реконструкциялау барысында ғимараттың іргетасы мүлдем тозығы жеткенін және оны қайта салу керектігін анықтап, құжаттамаға өзгерістер енгіздік. Бұл адам өмірінің қауіпсіздігі үшін қабылданған шешім болды. Қазіргі уақытта мердігер компания құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті.
Өткен жылдан бастап, тек жол салуға емес, өңірдегі барлық құрылыс нысандарына қоғам тарапынан бақылау күшейтілді.
Бұл ең алдымен ашықтықты қамтамасыз етуге және бөлінген қаражатты тиімді пайдалану үшін жасалып отыр.
Осындай бақылау жұмыстарына халық белсене араласу керек. Сонда ғана жөндеу жұмыстарының сапасы артатын болады.
Бұл жұмыстар біздің негізгі қағидаттарымызға сай мемлекеттік органдарға сенімділікті нығайтып, сыбайлас жемқорлықпен күресте өз жемісін береді деп білемін.
Жол қауіпсіздігі
Осы сұраққа аса көңіл бөліп келеміз.
Жоғарыда атап өткендей, өңірдің жол инфрақұрылымына қомақты қаражаттар бөлініп, жолдарымыз жөнделуде.
Орал қаласында, аудандарда бейнекамералар, жылдамдықты өлшеу құралдары орнатылу басталды.
Алайда, жүргізушілер арасында көлік жүргізу мәдениетін қалыптастырмай жол көлік оқиғаларын азайту мүмкін емес.
Әр жаяу жүргінші мен көлік жүргізушінің жауапкершілігі артында адам өмірі мен тағдыры тұрғанын түсінуіміз керек.
Біз малдардың қатысуымен болатын жол апаттарын азайту мақсатында бірқатар шараларды қолға алдық.
Облыс аудандарында қараусыз жүрген малдарды қамауға арналған қоршаулар дайындалып, 1500-нан астам мал иелеріне ескерту беріліп, 125 адамға айыппұл салынды (765 мың тг өңдірілді).
Нәтижесінде қараусыз жүрген малдардың қатысуымен болған жол апаттарында жарақат алғандар саны 60% төмендеді (2020ж. – 8, 2019ж. - 20).
Жол жиегіндегі жарық шамдарын орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша 21 мыңға жуық жарық шамдары орнатылса, соның ішінде 11 мыңнан астамы Орал қаласына тиесілі.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз.
Денсаулық сақтау
2020 жылы әлем бұрын-сонды болмаған індетке тап болып, бүгінде адамзат пандемиямен күресуде.
Коронавирус індеті бізді амалсыз әрекеттерге баруға мәжбүрледі. Әрбір шектеу шараларының артында ұлт саулығы тұрғанын түсіну қажет.
Медициналық қызмет көрсету, емдеу барысында көптеген қателіктер кеткенін мойындау қажетпіз. Турасын айтқанда біз мұндай сынаққа дайын болмадық.
Індетпен күрес дәрігерлерімізге оңайға соққан жоқ. 700-ге жуық медициналық қызметкер жұмыс орнында жұқпалы ауруға шалдықты (170 дәрігер, 396 орта, 118 кіші қызметкер, 18 басқа). Төрт дәрігеріміз ажал құшты.
Осы ретте, олардың жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Аурумен бетпе-бет келген ақ халатты абзал жандарымыздың еңбегін бағалай отырып, дәрігер мамандығына көзқарасымызды өзгерттік.
Бұл күресте ардагер-дәрігерлеріміз, жеке медициналық клиника мамандары мен волонтерлар өз көмектерін ұсынып, бізбен бірге болды.
Мемлекет Басшысының тапсырмасымен эпидемияға қарсы шараларға қатысқан 14 мыңнан астам маманға 3,5 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.
Қызметте ерен еңбегімен көзге түскен 15 медициналық қызметкер орден-медальдармен наградталды.
Өңірде медицина кадрлары мәселесі күрделі болып отыр.
Дәрігер кадрларының тапшылығы 277 бірлікті құрайды (оның ішінде қалада-173, ауданда-104). Дегенмен, 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ға төмендеу байқалады. 2020 жылы облысқа барлығы 106 түлек келді.
Өңір дәрігерлері қиын оталарды жасау бойынша тәжірибе жинақтау үстінде.
Мысалы, қалалық көпбейінді ауруханада алғаш рет инсульт алды күйдегі науқастардыңми артерияларына өте күрделі оталар жасалды.
Ал кардиологиялық орталықта алғаш рет жаңа босанған науқастың қолқа клапанын ауыстыру отасы сәтті іске асты. Аталған ота ана өлімін болдырмауға өз септігін тигізеді деп сенемін.
Медициналық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында, Президент тапсырмасымен, 3 ай мерзім ішінде жаңа модульді инфекциялық аурухана тұрғызылып, қажетті медициналық аппараттармен жабдықталған. Медиктердің айтуынша, жаңа модульді аурухана, науқастарды емдеуде зор көмек тигізіп отыр.
2020 жылы 1,7 млрд. теңгеге 15 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.
Тұңғыш Президент қорының қолдауымен облыстық балалар көпбейінді ауруханасында жабдықталған балалар оңалту орталығы ашылды.
Сондай-ақ, 37 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынып, жедел жәрдем автокөліктері 100-ге дейін ұлғайды.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі үшін облысқа 9 бірлік жылжымалы медициналық кешендер сатып алынып аудандарға таратылды (Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Теректі, Тасқала, Қаратөбе, Шыңғырлау).
Қазақта «Біреу – біреуге сүйеу» деген керемет мақал бар. Пандемиямен жұмыла күресіп, бір-бірімізге демеу бола білдік.
Халқымыз бір ел екенін көрсетіп, жақынына жаңашыр бола білді. Бұл тұрақтылық пен бірліктің үлкен үлгісі.
Еріктілер жылы
Мемлекет Басшысы волонтер болу - жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі екендігін және оны кезекті науқанға айналдырмау керектігін атап өтті.
Жалпы, қазақ қоғамында қайырымдылық жасау үрдісі ежелден болған.
Ол заманда ерікті, волонтер деп ешкім ешкімді атамаса да, жетім көрсе жебей жүріп, жесірін жылатпау, қарт адамға қолғабыс жасау - сауапты іс саналатын.
Биыл елдегі күрделі жағдайға байланысты волонтерлік ұйымдардың жұмысы күшейіп, пандемия кезінде аянбай еңбек етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсетті.
Осы орайда, өңір жастары сайт жасақтап, онда 10 мыңға жуық еріктілер мен олардың 18 мыңға жуық айшықты істері тіркелген.
Еріктілердің күшімен өңіріміздегі 22 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілді.
Қазірдің өзінде ерікті жастарымыз ардагерлер мен зейнеткерлерге қажетті дәрі-дәрмектерді, азық-түліктерді үйлеріне жеткізіп, аулаларын қардан тазалап қол ұшын беруде.
Осы бағыттағы жұмыстарды жария қылмай, халық санасына сіңіріп, өмір салтына айналдырып жатқан еріктілердің еңбегі зор.
Сонымен қатар, күннің ыстығы мен суығына қарамай блокпосттарда еңбек еткен барша қызметкерлерге, індетпен күреске жұмылып шыққан барлық қоғамдық ұйымдарға, еріктілер мен жастарға шексіз алғысымды айтқым келеді.
Мемлекет басшысы «Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды» деп ерекше баға берді.
Эпидемияға қарсы күресте қаржылық қолдау көрсетіп, елге жанашырлық танытқан барлық демеушілерге алғысымды білдіремін!
Білім беру саласы
Бұл - өте жауапты әрі кең ауқымды сала. Өңірдің білім беру ұйымдарында 191 мыңнан астам балаларымыз білім алуда.
Өткен жылдың басында өңірде 7 үш ауысымды мектеп болатын.
Қазіргі таңда Орал қаласындағы 450 орындық және Зачаган кентінде 900 орындық мектептің пайдалануға берілуі есебінен 4 мектептің мәселесін шештік.
Сонымен бірге, биыл Орал қаласының №18 мектебінің құрылысы басталатын болады.
2020 жылы апатты жағдайдағы мектептерді жою мақсатында, Ақжайық ауданында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Казталов ауданында 600 орындық, Сарықұдық ауылында 60 орындық және Орал қаласындағы 300 орындық №33 орта мектептің құрылысы жүргізілуде.
Үш ауысымдылық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу үшін жеке инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізудеміз.
Қазіргі таңда, жеке инвесторлар Орал қаласындағы №31 және Зачаган кентінде №52 орта мектептерінің құрылысын жүргізуде.
Сондай-ақ, басқа да инвесторлар биылғы жылы мектеп салуға ниет білдіріп отыр.
Өткен жылы 28 мектеп пен 2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді. Осы жұмыстардың 85%-ы ауылдық жерлерде атқарылды.
2020 жылы жеке инвесторлар есебінен 1 университет және 3 колледж студенттеріне арналған 1 мыңға жуық орны бар жатақханалардың құрылысы басталып, біреуін пайдалануға бердік.
Бұл жергілікті бюджеттің 6,5 млрд. теңге қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Өскелең ұрпақтың терең білім алуына жағдай жасау үшін республикалық физика-математика мектебінің филиалы 1-2 сынып оқушыларын биылдан бастап қабылдайтын болады.
Облысымыздың білім саласындағы әлеуеті зор.
Мысалы үшін, өткен жылы оқушыларымыз «IQanat» олимпиадасында математика пәнінен «Үздік команда» номинациясын жеңіп алды.
Осы жерде білім беру ұйымдары басшыларының рөліне тоқталғым келіп отыр.
Кейбір мектеп директорлары өздеріне артылған жауапкершілікті сезінбейді. Білім ордаларында жылдар бойы қордаланған мәселелерді шешу қажет деп ойлаймын.
Мысалға, облыс орталығында орналасқан зерде бұзылыстары бар балаларға арналған №15 мектеп түлектерінің жұмысқа орналасуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Бүгінде мектеп-интернат түлектері сертификат емес, диплом алу мақсатында оны колледж етіп өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Олардың қоғамда өз орнын тауып, маман иесі атануына мектеп басшылығы бар күшін салуы тиіс.
Қоғамды алаңдатқан тағы бір мәселе – оқушылардың білім деңгейі.
Қазіргі күнде ата-аналар балаларын қосымша оқытуға ұстаздарды жалдауға мәжбүр.
Бұрын үлгерімі төмен балаларды мұғалімдер мектептен тыс тегін оқытып, қажетті білім беретін еді.
Мемлекет Басшысы ұстаздар мәртебесін көтеру туралы және педагогтарға барлық жағдай жасау керектігін айтқан болатын. Бүгінде мұғалім жалақысы айтарлықтай өсті. Мектептер қажетті нәрселермен жабдықталуда.
Ендігі кезекте, ұстаздар - Ұстаз деген ұлы мамандықтың мәртебесін түсіріп алмауы тиіс. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ардагер ұстаздардан үлгі алуымыз қажет.
Әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту
Ел Президенті қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу деп көрсетті.
Өңірде осы бағытта бірқатар шаралар қолға алынды.
Елбасының бастамасымен жарияланған республикалық «Biz Birgemiz» акциясы аясында 30 мыңға жуық жерлестеріміз материалдық көмек (50,0 мың тг) алды.
Елдегі пандемияға байланысты облыс тұрғындарына мемлекет және демеушілер тарапынан 17 млрд. теңгеге жуық әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оған қоса 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек (АСП) берілді.
Пандемия кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жұмыспен қамту жол картасы» өңірлерде бірқатар нысандарды күрделі жөндеуден өткізіп, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.
Өткен жылы облысымызда 33 білім беру, 16 денсаулық, 12 мәдениет, 5 әлеуметтік, 2 спорт нысандары жөнделіп, 75 шақырым жолдар, 146 шақырым газ және 50 шақырым инженерлік желілері салынды.
Осы нысандарды жөндеу жұмыстарына 8 мыңға жуық адам жұмысқа тартылды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында:
- 762 адам техникалық және кәсіптік білім алуға жолданды;
- 355 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды;
- әртүрлі санаттағы адамдар 1113 кредитке қол жеткізді;
- 2034 адам жаңа бизнес-идеяларға гранттар алды;
- 836 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1870 жас жастар практикасына, 8418 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды.
Жалпы өткен жылы 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылса, соның 60% - тұрақты жұмыс орындары.
2020 жылы барлық аудан әкімдеріне шаруа қожалықтарында еңбек ететін азаматтарды ресми түрде тіркеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырған болатынмын.
Бүгінгі таңда 1106 жұмысшы шаруа қожалықтарына тіркеліп, еңбек қатынастарын заңдастырды.
Сонымен қатар, Қарашығанақтағы шетелдік жұмыс күшін талдай келе, көптеген жұмысшы мамандар шет елден тартылатынына көз жеткіздік.
Бұл позицияларды жергілікті мамандармен жабу үшін отандық мамандардың квалификациясын арттыру қажет.
Осы мәселені шешу үшін КПО б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялары есебінен (980 мың доллар) Ақсай колледжінің негізінде құрал-жабдықтар алып, арнайы оқыту орталығын ашатын боламыз (былтыр пандемияға байланысты себептермен аша алмадық).
Мәдениет
2020 жыл қазақ халқының ұлы тұлғаларының атаулы даталарымен есте қалды.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой құрметіне Еуразия даңғылы - Абай даңғылы болып өзгертілді.
Ақын Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің мерейтойларына орай республикалық ақындар айтысы өткізілді.
Жұбан ақынның ескерткіші қойылып, Ақжайық ауданында «Жұбан орталығы» ашылды.
Мәдени нысандардың жағдайына тоқталар болсақ, өткен жылы облысымызда 20 нысан жөнделді.
Жаңақала ауданы Жаңажол ауылындағы жаңа 150 орындық мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді.
Теректі ауданының Жаңа Өмір ауылындағы 300 орындық, Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылындағы 150 орындық Мәдениет Үйлерінің құрылысы жалғасуда.
Ақжайық жұртшылығы мен зиялы қауымның көптен сұрап жүрген 900 орындық концерт залы бар Өнер Сарайының құрылысы жүргізілуде.
Ішкі туризмді дамыту мақсатында «Жайық қалашығы» мен «Хан Ордасы» музей-қорығы бойынша жобаларды іске асыру жоспарымыз бар.
Сондай-ақ, биыл Хан Ордасы ауылының туристтік әлеуетін арттыру мақсатында ауылдың кіреберіс жолын жөндеуді бастаймыз.
«Өнерсіз елдің - өрісі тар».
Халыққа мәдениеттің мәйегін ұсынатын саладағы келіспеушіліктер өбізді өрге жетелемейді.
«Ауызбіршілік жоқ жерде ешқашан ұлттық идеялар жүзеге асқан емес» деген Елбасымыз.
Сөзімізбен бірге - істе де адалдық керек.
Биыл біз даңқты әнші-композиторларымыз Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығын, Қапан Мусиннің 100 жылдығын және Базарбай Жұманиязовтың 85 жылдық мерейтойларын тойлайтын боламыз.
Сондай-ақ, Сейтек пен Динаның 160 жылдығы мен Тұяқберді Шәмеловтың 70 жылдығын республикалық деңгейде өткізу жоспарымызда тұр.
Жырлары алты алашқа тараған Әбубәкір Кердерінің 160 жылдығы мен Марабай жыраудың туғанына 180 жыл толуына арналған мәдени іс-шараларымызды тиісті деңгейде өткізуіміз қажет.
Жырларынан Абай Құнанбайұлы сусындаған Марабай жырауды ел ішінде кеңінен дәріптеуіміз қажет. Өңір тұрғындары Марабай сынды жерлестерінің еңбектерімен танысып, жастарға насихаттау керек.
Бұл ретте, мәдениет басқармасына шаралардың тағылымдық мәніне баса назар аударуды тапсырамын.
Спорт
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, Жаңақала және Бөкей ордасы ауданында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 6 ауданда 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Ал осы жылы облысымыздың Дариян, Тайпақ және Бұлдырты сияқты ірі ауылдарында спорт нысандарының құрылысын бастаймыз.
Тұрғындардың спортқа қызығушылығын арттыру және жастарды спортқа тарту мақсатында өткен жылы бюджет және демеушілер есебінен 46 спорт алаңы салынды.
Ал 2021 жылы облыс орталығында 20 көпбейінді спорт алаңдарын салу көзделіп отыр.
Облыста спорттық нысандарды ашуда жеке кәсіпкерлердің белсенділігі қуантып отыр.
Одардың қаражатына Орал қаласында 7 нысан ашылды.
Аудандарды айтар болсақ, Бәйтерек ауданының Погодаево ауылында мәдени-спорттық кешен ашылса, Казталов ауданының Бостандық ауылында бокс залы және Жәнібек ауданында ат спорт мектебі ашылды.
Өткен жылы өңір спортшылары бокстан, үстел теннисінен, әйелдер күресінен және тағы да басқа спорт түрлерінен жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Осындай спортшыларымыз көп болу үшін облысқа медициналық-дене шынықтыру диспансері қажет.
Арнайы спортдиспансердің жоқтығы балаларды жастайынан қабілетіне қарай спорт түрлеріне бағыттауға, олардың денсаулығын бақылауға және жасөспірімдердің даярлығына кері әсер етіп отыр.
Осы ретте, облыстық спорт басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасына осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын.
Пандемия кезінде облыс жұртшылығы спорт денсаулық кепілі екенін түсініп, спортпен айналысуға ынталары артты.
Себебі адам ғұмырының өлшемі де, тіршілік көзі де денсаулыққа байланысты.
Спортпен шұғылдану үшін міндетті түрде үлкен кешендерге, жаттығу залдарына бару қажет емес.
Біз бар болғаны спортты өмір салтымызға айналдыруымыз керек. Ал кейде біздің бос уақытымыз той-томалақпен, ойын-сауықпен өтіп жатады.
Өңірімізде соңғы кезде той тойлайтын нысандардың ішінара спорт алаңдарына айналып жатқаны көңіл қуантады.
«Той тойлайтын емес, ой ойлайтын заманда» денсаулыққа бір сәт назар аударып қойғанымыз абзал.
Цифровизация
В рамках поручения Президента провели мобильный интернет в 68 сёл с населением свыше 250 человек.
На сегодняшний день мобильной связью обеспечено 96% населения области. Тем не менее есть проблема по качеству мобильной связи и интернета.
В 2021 году планируем решить вопрос по обеспечению сотовой связью в 95 малонаселенных сел, где отсутствует мобильная связь.
Также планируем повысить скорость и качество мобильного интернета в 86 селах.
Хороший показатель - в прошлом году 95% государственных услуг оказано в электронном виде. Наиболее востребованные услуги – запись на прием к врачу, выдача ветеринарного паспорта, выдача свидетельства о рождении ребенка, изменение целевого назначения земельного участка.
В связи с этим необходимо дальше продолжать работу по повышению цифровой грамотности населения. Акимам районов и города Уральск для этого надо обеспечить население уголками самообслуживания.
Созданный в 2019 году IT-HUB помогает решать с помощью цифровизации задачи как государственных органов, так и частных компаний. Например для акимата были реализованы проекты «109», «112», сайт stopcovid.kz, для частной компании разработан единый платежный документ по коммунальный услугам.
Нашим компаниям и государственным органам надо активнее использовать площадку IT HUBа для оптимизации своего бизнеса или работы организации.
В этом году надо начать реализацию смарт решений в районах области.
Сейчас разрабатывается проект «Smart Aqsai» по которому планируется установка современных видеокамер, осветительных приборов, интеграция баз данных и другое.
Такую работу надо начать по всем районным центрам на системной основе. Поручаю это Управлению цифровизации.
Разгосударствление и эффективность расходов бюджета
Для снижения расходов начали закупки работ и услуг с трёхгодичным финансированием. Что это дает.
Первое – снижение коррупции.
Второе – долгосрочные и стабильные контракты для подрядчиков.
Третье – экономия времени и средств. К примеру, если на установку видеонаблюдения по городу мы планировали затратить 2,3 млрд. тенге, сейчас это обошлось бюджету области в 3 раза дешевле, при этом в эту стоимость входит трёхлетнее обслуживание видеокамер.
По такому принципу были проведены закупки по уличному освещению, посадке и содержанию многолетних и однолетних зеленых насаждений, ремонту и содержанию фонтанов, по установке и обслуживанию светофоров.
В этом году начали централизацию госзакупок подведомственных организаций наших 4 управлений.
Основная цель – повысить эффективность бюджетных средств и снизить коррупционные риски.
Кроме того, мы сократили расходы на проведение имиджевых мероприятий в трехлетнем бюджете, это свыше 1-го миллиарда тенге (395,4 млн. тенге – 2020 год, 2021 год – 354,9 млн. тенге и 2022 году – 356,4 млн. тенге).
Сэкономленные средства были направлены на решение самых актуальных социальных проблем региона.
Начали работу по регистрации компаний в регионе. В прошлом году от зарегистрированных 80 налогоплательщиков в местный бюджет от них поступило 217 млн. тенге.
В соответствии с поручением Президента сокращаем присутствие государства в экономике, продолжам передачу в доверительное управление коммунальных объектов.
В прошлом году в доверительное управление передали:
- Колледж сервиса и новых технологий;
- Здание бывшей протезно-ортопедической мастерской;
- Областная ДЮСШ по национальным видам спорта;
Здесь мы не только экономим бюджетные средства, но помогаем МСБ, создаем рабочие места через частные инвестиции.
В то же время передача объектов в частные руки всегда осуществляется с учетом мнения населения.
Одним из примеров можно назвать приостановление передачи парка культуры и отдыха.
Если не решаются проблемы населения – мы будем возвращать объекты в коммунальную собственность.
Например, на сегодня принято решение о возврате в коммунальную собственность АО «Западно-Казахстанский РЭК», в свое время вернули ТОО «БатысСуАрнасы».
Неоднократно поднимался населением по вопросу строительства новой тюрьмы в Зачаганске. С учетом интересов жителей мы договорились с МВД о передаче недостроенного здания СИЗО в коммунальную собственность.
Тюрьма строиться не будет, сейчас готовим решения по использованию этого объекта, ищем инвесторов. Если будут идеи….
Экология и водные ресурсы
Одной из основных проблем является вопрос об экологическом состоянии и проблемах бассейна реки Жайық.
Уровень паводковый воды в р.Жайық был самым низким за последние 50 лет (в 2019г. - 240 см, сред. за посл. 50 лет - 594 см).
В начале декабря между министрами природных ресурсов РК и РФ подписана Дорожная карта с указанием конкретных мероприятий по сохранению экосистемы реки. Вопрос на контроле Администрации Президента.
С целью предотвращения обрушения берега реки Жайық и защиты жилых домов от разрушения во время паводка в черте г.Уральск, села Жарсуат Бурлинского района и с.Чапаево Акжаикского района начаты берегоукрепительные работы общей протяженностью 3,7 км.
Также есть вопросы по озеру Шалкар. Это самый глубокий и крупный водоем в области. За последние 5 лет из-за отсутствия осадков наблюдается спад уровня воды в озере.
В связи с этим планируется начать реконструкцию Жайық-Шалкарского канала с насосной станцией.
Ведется контроль по крупным нефтегазовым компаниям. На КPO b.v., ТОО «ЖайыкМунай» и ТОО «Конденсат» используются современные установки и технологии, которые сокращают выбросы загрязняющих веществ в атмосферу.
В рамках реализации Послания Главы государства начиная с текущего года до 2025 года будет высажено почти 57 млн. штук деревьев (2021г. - 3,47 млн. штук, 2022г. - 8,1 млн. штук, 2023г. - 11,8 млн. штук, 2024г. - 14,97 млн. штук, 2025г. - 18,2 млн. штук).
Запущен цех по производству брусчаток и бордюров способом утилизации пластика и полиэтилена.
В связи с этим поручаю управлению природных ресурсов совместно с акимами районов и города Уральск организовать сбор и прессование пластика для его дальнейшей переработки.
Қадірлі жерлестер!
Еліміз егемендік алғалы өңірдің экономикасы нығайып, тұрақты даму жолына түсті.
Тәуелсіздік жылдары облыс экономикасына 5 трлн. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Облыс халқының табиғи газбен қамтылуы 98,6%-ға жетті. Мысал ретінде айтсақ, 1993 жылы Орал қаласының газбен қамтылуы небары 15%-ды құрады.
2000-шы жылдары облыстың 31% ғана сумен қамтылса, бүгінде таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 88%-ға жетіп отыр.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 мың есе көбейіп, 6 млн. шаршы метр көлемінде тұрғын үйлер бой көтерді.
Естеріңізде болар - 90-шы жылдары балабақшалар жабылып, балалардың көбі үйде отыруға мәжбүр болды. Өскелең ұрпақтың болашағы үшін 42 балабақша мен 86 мектеп салынды..
30 жыл ішінде облыста 2220 шақырым жол салынып, жөндеуден өтті.
Бұл құр сандар емес.
Әбіш ағамыз айтқандай, «Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік».
Бұл осындай жауапкершілікті сезіне білген, сынаққа төзе білген жерлестеріміздің ерен еңбегінің нәтижесі
Бізге Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Оны қастерлей білуіміз керек. Біз Тәуелсіздіктің маңыздылығын кейінгі ұрпақ бойына сіңіруіміз қажет.
Халық «Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді» деп айтады. Келешегіміз айқын болу үшін, тарихымызды ұмытпауымыз керек.
Осы кезге дейін біздің ел болып отырғанымыз халықтың әр нәрсені ой елегінен өткізіп, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінен деп түсінемін. Бұның дәлелі ретінде Тәуелсіздік алғанға дейін көрген қасіретті жылдар мен 30 жыл ішінде туындаған дағдарыстарды айтуға болады.
Біз қайта-қайта оралған экономикалық кризистерге мемлекеттің қолданған шаралары мен халқымыздың еңбегі арқасында төтеп беріп келеміз.
Әрбір азамат мемлекеттің құрылу процесіне қатысы барын сезіну керек.
Менің ойымша, біз ұлтаралық достығымызды нығайтып, адасқанға жол сілтеп, бір-бірімізге демеу болуымыз керек.
«Ел болам десең, бірлігінді жойма, бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз.
Құрметті батысқазақстандықтар!
Өңірде атқарылған істер мен жоспарларымыз туралы баяндап шықтым.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген халық даналығы бар. Өңірдің даму жолындағы жұмыстарды бірге іске асыра берейік. Назарларыңызға рақмет!