Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі
10 декабря 2025

Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі

2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық және кенттік округтердің әкімдерінің сайлауы
Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
10 декабря 2025

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес
2026 жылғы 18 қаңтарға өкілеттігі аяқталуына байланысты:

1. Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің;

2. Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

Оқиғалар
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік іс-қимыл» науқаны аясындағы шаралар
05 декабря 2025

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен елімізде ұйымдастырылған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» атты республикалық науқан аясында кезекті іс-шаралар өтті.

4 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы (бұдан әрі – БҚО) әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдерінің Дариян, Рубежин және Байқоныс ауылдық округтеріне жұмыс сапары болды. Дәстүрлі бастама ретінде «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алуда бірігейік» ұранымен ұйымдастырылған (облыс–аудан деңгейінде) бірлескен ведомствоаралық топтың отырысы өтті. Отырысқа БҚО әкімі аппаратының өкілдері, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық прокуратураның прокуроры, БҚО бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық және аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер, аудандық Аналар кеңесі, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы ұйымдары, ІТ саласының өкілдері және басқа да мамандар қатысты.

Одан кейін топ мүшелері Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатында және Дариян орта мектебінде (Дариян ауылы), сондай-ақ Қадыр Мырза Әлі атындағы қазақ орта мектебінде (Байқоныс ауылы) болып, жоғары сынып оқушылары және педагогтермен қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі цифрлық қауіпсіздік және онлайн-зорлықтың алдын алу тақырыптарында кездесулер өткізді. Сонымен қатар Облыстық психологиялық қолдау орталығының арнайы мамандары Рубежин колледжінде «тәуекел тобына» жататын студенттерге қажетті психологиялық көмек көрсетті.

Ведомствоаралық топ жұмысының мазмұны қыздар мен әйелдердің цифрлық зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлығын, олардың цифрлық сауаттылығы мен интернеттегі қауіпсіздік ережелері жөніндегі білімін арттыруға бағытталды.

Жұмыстың жеке бағыты ретінде практикалық қолдау көрсету ұйымдастырылды. Топ мүшелері Дариян және Рубежка ауылдарының ерекше назарды қажет ететін тұрғын әйелдеріне барды. Олардың арасында көп балалы, аз қамтылған, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық немесе цифрлық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер болды.

Іс-шаралар жалғасуда.

АРДАГЕРЛЕР АҚЫЛЫН АЙТТЫ
02 декабря 2025

Оқиғалар
Цифрлық қауіпсіздік
02 декабря 2025

 

Елімізде жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылатын «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар» халықаралық науқаны қоғамның назарын әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аударуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, халықтың қолжетімді қорғау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Биылғы жылы науқан мазмұнының негізгі бөлігі цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны болдырмауға арналды.

Батыс Қазақстан облысында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесе әзірленген жоспарлы іс-шаралар кең ауқымда өткізілуде. Оларға барлық уәкілетті мемлекеттік органдар, прокуратура, полиция өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ және басқалар қатысуда. 1 және 2 желтоқсанда Орал және Ақсай қалаларындағы дағдарыс орталықтарында кездесулер өтті. «Зорлық-зомбылықсыз цифрлық кеңістік» тақырыбындағы кездесулер бағдарламасына әңгімелер, тренингтер, консультациялар, бейнесессиялар, практикумдар енгізілді. Оларды медиаторлар, психологтар, ІТ-мамандар, прокуратура өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жастар ресурстық орталықтарының мамандары жүргізді.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, облыстық комиссия мүшесі Ж.Қ.Абдолов баяндамасында «Жалпы цифрландыру деңгейі жыл сайын өсіп келеді, ал пайдаланушылардың жасы төмендеп барады, бұдан бөлек, Қазақстан толық цифрлық мемлекетке айналу мақсатын қойды, бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өтті. Науқан қатысушыларының міндеті – әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыруға, цифрлық қауіпсіздік идеяларын ілгерілетуге, сондай-ақ тиісті сауаттылық пен құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал ету», – деп атап көрсетті.

Кездесулердің қорытынды бөлімінде барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар (тақырыптық флаерлер, буклеттер, жадынамалар) таратылды.

 

 

«Әдеп. Парасат. Абырой.» – Мемлекеттік қызметтегі сабақтастық пен жауапкершілік негізі
02 декабря 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі құндылықтар мен этикалық нормаларды белгілейді. Кодекс талаптары мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік саясатты дәйекті түрде жүзеге асырып, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін сақтауға және нығайтуға міндеттейді.

Мемлекеттік қызмет – мемлекет пен халықтың ерекше сенімін білдіретін жауапты міндет. Осыған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге адалдық, заң талаптарын сақтау, кәсібилік және адамгершілік қасиеттерді ұстану секілді жоғары талаптар қойылады. Әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке дамуы қоғамдағы оң өзгерістердің бастауына айналуы мүмкін, сондықтан олардың күнделікті қызметіндегі әдебі мен парасаттылығы қоғамға үлгі болуы қажет.</p> <p>Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткен аптада «Әдеп. Парасат. Абырой.» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Шара – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мамандардың еңбек ардагерлерімен және салада ұзақ жыл қызмет еткен мамандармен жүздесіп, олардың ақыл-кеңестері мен тәжірибесін тыңдауына бағытталған маңызды алаң болды.

Кездесу алдында жас мемлекеттік қызметшілер Мәншүк Мәметова мемориалдық музейі мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасап, өңір тарихымен танысты.

Шара облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Хайруллинаның бастамасымен және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы С.Сүлейменнің қолдауымен ұйымдастырылып, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.

Басқосуға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Серік Кенжебекұлы Сүлеймен, мемлекеттік қызмет ардагері Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин, Х.Бекеева атындағы қазақ драма театрының актері әрі режиссері Самал Қадерұлы Абуов және өңір аудандарынан келген жас мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Кездесу барысында шақырылған қонақтар жас мамандармен өздерінің өмірлік тәжірибелерін бөлісіп, мемлекеттік қызметтегі адалдық, әдеп, жауапкершілік және кәсіби даму мәселелеріне қатысты құнды кеңестерін берді. Бұл – мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастар үшін аса маңызды бағыт-бағдар болды.

Айта кетейік, шарадан кейінгі келесі күні, 14 қарашада, «Тәуелсіздік тұғырым» атты қазақша Quiz зияткерлік ойыны өткізіліп, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.

Шара мемлекеттік қызметтегі ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас мамандардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.

Бекзат Қанәділ,

zhaikpress.kz

Оқиғалар
Цифрлық қауіпсіздік — басты назарда
01 декабря 2025

 

Батыс Қазақстан облысында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» науқанын өткізу іс-шаралары жалғасуда. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - облыстық комиссия) өкілдері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - БҚО бойынша департамент) бірлесіп, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының және Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының ұжымдарымен тақырыптық кездесу ұйымдастырды. Оның мақсаты – цифрлық қауіпсіздік идеяларын дәріптеуге, интернет кеңістігіндегі тең құқықтарды түсіндіруге, тұрақты адамгершілік бағдарларды қалыптастыруға атсалысу.

         Кездесу бірнеше кезеңмен өтті. Бұл "Цифрлық кеңістік әлемінде" балалар суреттерінің байқауы. "Интернет – сыйластық кеңістігі" тақырыбы бойынша интерактивті сұхбат барысында облыстық комиссия мүшелері (Л.Ю. Щукина - ЭКСПО + ЖШС директоры, облыстық Қамқоршылық кеңес төрағасы, Ш.С. Утебалиева - өңіріміздегі балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, А.Б. Сабурова - "Stop Bullying" қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасының орынбасары, Н.М. Қуанышалиева - облыстық психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары) және Комитеттің БҚО бойынша департаментінің аға прокурорлары А.Б.Ниязова, Э.Н. Сейтқалиева «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында сөз алды.

         Балаларға ақпараттық қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, модераторлар интернет қарым-қатынастың озық технологиялық көзі ретінде үлкен мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Оны тиімді пайдалану үшін онымен қарым-қатынас жасау дағдыларын жетік меңгеріп, интернеттің шексіз мүмкіндіктерінің айдынында батып кетпеу, көзге көрінбейтін түбіндегі иірімдері тартып кетпеуі үшін тәжірибе мен білім алып, жосықсыз пайдаланушылар құратын тұзақтарды уақытында көре білу қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар облыстық Қамқоршылық кеңес мүшесі, "Алау" ЖШС Бас директорының кеңесшісі А.Қ. Ажгалиев "балалардың болашағы – ортақ, ұжымдық жауапкершілік" екенін атап көрсетті.

         Науқандық іс-шаралар жалғасуда.

Оқиғалар
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» науқаны аясында
28 ноября 2025

 

Батыс Қазақстан облысында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» науқаны шаралары жалғасуда. Бұл науқан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қоғамның төзімсіздігін қалыптастыру, цифрлық қауіпсіздік, құрмет және интернет кеңістіктегі тең құқықтар идеяларын ілгерілету. Шаралар көп, қатысушылар құрамы да алуан түрлі.

28 қараша күні Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барды. Кездесу барысында облыс пен ауданның бірлескен ведомствоаралық тобының «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» республикалық науқанын іске асыруға арналған отырыс болды. Аталған науқанның ұраны – «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік». Қатысушылар қатарында БҚО әкімі аппаратының өкілдері, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары, аудандық прокуратура прокуроры, өңірдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі, мәслихат депутаттары, облыстық және аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, отбасын қолдау орталығы және басқа да мамандар болды.

Одан кейін топ мүшелері Камен мектебі мен «Бәйтерек» колледжіне барып, жоғары сынып оқушыларымен «Интернет – құрмет кеңістігі. Цифрлық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты тақырыптық кездесулер өткізді. Кездесуге қатысушылар ортақ пікірге келді: цифрлық кеңістік өздігінен реттелмейді, оны адамдар қалыптастырады. Егер әлеуметтік желілерде агрессивті мінез-құлықты жаулап алса, онда цифрлық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз онлайн-қарым-қатынас дағдыларын үйрету, эмпатия мен жауапкершілікті дамыту қажет.

Содан кейін облыстық және аудандық комиссия мүшелері ерекше көңіл бөлуді қажет ететін, соның ішінде көп балалы және толық емес отбасыларға барды.

Топтың барлық жұмысы халықтың цифрлық зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлықты арттыруға, қыздар мен әйелдердің цифрлық сауаттылығы мен құқықтық түсінігін көтеруге, сондай-ақ практикалық қолдау көрсетуге бағытталды.

2025 жылғы 23 қарашаға тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы
Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
25 ноября 2025

 

2025 жылғы 23 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлау қорытындысына сәйкес Қаратөбе ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 25 қарашадағы №32 шешімімен Калиев Зейнулла Гайноллиевич Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1976 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин ауылының тұрғыны.

Жарияланымдар
«ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
25 ноября 2025

 

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызыметінде брифинг өткізіліп, акцияның мән-маңызы туралы кеңінен баяндалды.

 

Социальные сети
Youtube.com
Twitter.com
Facebook.com
Instagram.com
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты