«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2024 жылғы 24 қараша күніне өкілеттігі аяқталуына байланысты:
1. Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің;
2. Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің;
3. Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
1. Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауданы Алмалы, Қабыршақты және Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындады.
10, 11 қазан күндері біздің өңірдің делегациясы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау қаласында өткен семинар-тренингке қатысты. Оны "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобасы аясында «Жаңа өмірді баста" жеке қоры ұйымдастырды. Семинар-тренингтің жұмысы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру мәселелеріне арналды.
Семинар-тренингке Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарының өкілдері қатысты. Біздің облыс делегациясының құрамына әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялардың өкілдері кірді.
Атап айтқанда Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Д.М.Сатарова, Орал қ.ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Ж.У.Айдыналиева, "Ақ Отау" отбасы орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Г.Есқалиева, облыстық білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық секторының бас маманы С.М.Хамзина, "TUGURYM" қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.С.Арыстанова, облыстық психологиялық қолдау әдістемелік орталығының психологы Г.А.Әбілманова қатысты.
Жұмыстың белсенді нысандары арқылы семинар-тренингке қатысушылар балалар еңбегін заңнамалық реттеу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылық, қамқоршылық және асырап алу жүйесі, тиісті көмекке мұқтаж адамдармен түзету және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған әлеуметтік қызметтер мен мекемелер желісінің жұмыс істеуі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. аспектілерін талқылады.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлігінде жаңартылған нормативтік-құқықтық базаның мазмұнына ерекше назар аударылды. Еліміздеіске асырылып жатқан тақырыптық әлеуметтік жобалар, оның ішінде "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциялары да назардан тыс қалмады.
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.
Қазан айының екінші жексенбісі – ҚР Мүгедектігі бар адамдар күні. Осыған орай «Шекарасыз әлем» атты қайырымдылық іс-шара өтті. Орал қаласы мен аудандарда тұратын ерекше қажеттілігі бар жандарға құрмет көрсетілді. Шарапатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Оқжетпес Life» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды. Сонымен қатар іс-шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі-Д.С.Искакова, "Атамекен" Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары-Э.Б.Утешева, "Батыс Қазақстан облысының Татар мәдени орталығы" ҚБ төрайымы, кәсіпкер, қоғам белсендісі-Ф.И.Миликеева, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі-М.А.Құрманбаева қатысты. Бұл күні қоғамдық бірлестік мүгедектігі бар 40-қа жуық жанға тамаша көңіл күй сыйлады. Қайырымдылық шараның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көңіл бөлу, толғандырған мәселелерінің оң шешілуіне көмек көрсету.
«Оқжетпес Life» қоғамдық бірлестігі мүгедектігі бар жандардың стартап жоба дайындап, кәсіп бастауына айрықша көңіл бөледі. Бүгінде бірлестік құрамындағы 37 адамның 24-інің мүгедектігі бар. 14-і Гүлнұр Меңдіханқызы жетекшілік ететін кәсіпорында жұмыс істейді. Аталмыш шарада отандық өнім көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде мүгедектігі бар жандардың қолынан шыққан ерекше туындылар жұртшылыққа ұсынылды. Олар - балалардың ой-өрісін дамытуға арналған түрлі ойыншықтар жасайды, тігін тігеді. Қол қусырып қарап отырғанды жөн көрмейтін цех қызметкерлері өздері сияқты ерекше жандарға жұмыс ұсынып, жан-жақты қолдау танытқан әлеуметтік кәсіпкерге алғыстан басқа айтары жоқ.
Шарапатты шарада ұйымдастырушылар кембағал жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, сый-сияпат табыстады.
Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Орал қалалық, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Бөрлі және Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2024 жылғы 8 желтоқсанға Орал қалалық мәслихатының №11, №16, №23, Бәйтерек аудандық мәслихатының №2, Бөкей ордасы аудандық мәслихатының №3, №7, Бөрлі аудандық мәслихатының №8, Сырым аудандық мәслихатының №9 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау тағайындалғанын хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру жене спорт басқармасы
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
1 |
Басқарма басшысы |
Персоналды басқару |
Басқармадағы қаржы-экономикалық бөлімінде бас маман лауазымының декреттік уақытына байланысты 2022 жылдың 11 тамызынан уақытша бос лауазымы бар. Лауазымның ұзақ мерзімі бос болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады |
2 |
Жоғары жетістіктер спорты бөлімінің басшысы |
Мемлекеттік қызмет көрсету |
Мемлекетік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стендта толықтай орналастырмау |
3 |
Кәсіпорын басшысы |
Қызметшілердің оларға жүктелген функционалдық міндеттерін орындау қәбілетінің, кәсіби даярлық деңгейін қадағалау |
Басқармаға бағынысты мекемелерде азаматтық қызметшілердің арасынан аттестаттаудан өтпеген азаматтық қызметшілер бары анықталды. Қызметшілердің оларға жүктелген функционалдық міндеттерін орындау қәбілетінің, кәсіби даярлық деңгейінің уақытылы аттестатталмауы |
4 |
Кәсіпорынның бас есепшісі |
Қаржылық жоспарлау және бақылау |
Азаматтық қызметшілердің штат кестесіне талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығын бұза отырып, мекеме «Әкімшілік персонал» С-2 блогына «мұрағатшы» лауазымын жатқызғаны анықталды. |
5 |
Кәсіпорынның бас есепшісі |
Қаржылық жоспарлау және бақылау |
Кәсіпорындарда 2022,2023 жылдары уәкілетті орган — Дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімінсіз директордың орынбасарына және бас бухгалтерге сыйлықақы төлегені анықталды, бұл «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 138-бабы 3-тармағын бұзу болып табылады. |
6 |
Кәсіпорынның бас есепшісі |
Қаржылық жоспарлау және бақылау |
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығын бұзушылықтар орын алған.
|
7 |
Кәсіпорынның бас есепшісі |
Қаржылық жоспарлау және бақылау |
Кәсіпорындарда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы NS 120-VI Кодексінің 36-бабын (Салық міндеттемелерін орындау) бұза отырып, кәсіпорынның дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары бар екені анықталды.
|
2024 жылдын 3 тоқсанында 1 аудит объектісінде - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара өткізіліп, аудитпен 253,1 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 132,2 млн.теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Мекемеге қатысты жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысының құжаттары негізінен қарау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды
Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша құжаттар Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданып, Мекеменің бұрынғы басшысы 55,4 мың теңге айыппұлға тартылды.
Сонымен бірге Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында аудиторлық іс-шара тағайындалып, жүргізілуде.
Оған қоса ішкі аудит қызметімен Орал қаласының жергілікті атқарушы органымен, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру бойынша, қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуына зерделеу жүргізу үшін құрылған жұмыс тобында қызмет атқарылуда.
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2024 жылдың 3 тоқсанында анықталған бұзушылықтармен жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет әкімшілеріне 3 хат, Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған 2 ұсыным енгізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасымен ішкі аудит қызметінің 2023 жылғы жұмысының тиімділігіне 2024 жылдың 26 қыркүйек – 4 қазан аралығында жүргізілген бағалаудың қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің жұмысы «тиімді» деп бағаланды (5 балл).
ІАҚ