Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік және ішкі сауда

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша БҚО бойынша ішкі сауданың НКИ – 100,3% құрады. Ішкі сауда көлемі 1 203 млрд. теңге.

Бөлшек сауда көлемі 578 млрд. теңгені (НКИ – 100,2%), көтерме сауда көлемі – 612,1 млрд. теңгені (НКИ – 100,2%) құрады.

2025 жылғы 1 желтоқсанына облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 59 949 бірлікті құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңіне 3,1% өсіп отыр (2024 жылдың 1 желтоқсанына- 58 147 бірлік).

2025 жылдың 1 шілдеге шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны – 122,2 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңінен 6% төмен (2024 жылдың 1 шілде 129,9 мың адам).

2025 жылдың 1 жартыжылдығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы көлемі 1 347,8 млрд. теңгені құрап, өсім 1% құрады (2024 жылдың 1 жартыжылдығында – 1 200,6 млрд. теңге).

Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2025 жылдың 1 жартжылдығында 36,7% немесе 810,6 млрд. теңгені құрады. Орта кәсіпкерліктің үлесі 4,5% немесе 98,7 млрд. теңгені құрады.

Анықтама: 2024 жылдың 1 жартыжылдығында ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 36% немесе 773,2 млрд. теңге құрады. ЖӨӨ-дегі ОК үлесі 3,9% немесе 82,9 млрд. теңгені құрады.

2025 жылы кәсіпкерлікті қолдаудың біріңғай кешенді бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 2 181,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға – 1 853,8 млн. теңге;

- кредиттерді ішінара кепілдендіруге – 179,4 млн. тенге;

- гранттық қаржыландыруға – 147,8 млн. теңге.

2025 жылы пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетігі шеңберінде несие сомасы 8 961,8 млн. теңгеге 1 335 жоба қолдау тапты, кредиттерді ішінара кепілдендіру аясында несие сомасы 1 934,8 млн. теңгеге 21 шартқа қол қойылып, кепілдік 692,8 млн. теңгені құрады. 147,8 млн. теңгеге 33 қайтарымсыз грант берілді.

Сыртқы экономикалық байланыстар

Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бес облысымен - Астрахан, Волгоград, Орынбор, Самара және Саратов облыстарымен шектеседі. Сыртқы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 1 532 км құрайды.

Батыс Қазақстан облысының әлемнің барлық елдерімен және Кеден одағымен (ЕАЭО) сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-қазанда 6 448,6 млн.АҚШ долларын құрады және 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4%-ға төмендеді (2024 жылғы қаңтар-қазанда сауда айналымы 6 721,8 млн. АҚШ долларын құрады).

Экспорттық жеткізілімдер 5 435,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7%-ға төмендеді (2024 жылдың қаңтар-қазан айларында экспорттық жеткізілімдер 5 846,4 млн. АҚШ долларын құрады).

Импорттық түсімдер 1 012,9 млн. АҚШ долларын құрады және 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға өсті (2024 жылдың қаңтар-қазан айларында импорттық жеткізілімдер 875,4 млн. АҚШ долларын құрады).

Негізгі экспорттаушылар: «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.в.» Қазақстандық филиалы (сұйық көмірсутекті шикізат), «Кублей» ЖШС (ет және консерві өнімдері), «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ (ұн, макарон өнімдері), «Стекло-Сервис» ЖШС (екі қабатты терезелер), «Орал трансформатор зауыты» ЖШС (трансформаторлар), «Орал механикалық зауыты» ЖШС (иінді біліктер), «Попков» ШҚ (кондитерлік бұйымдар), «Квант» ЖШС жиһаз фабрикасы (жиһаз), «Белес агро» компаниясының тобы (ұн, макарон өнімдері), «Каверина С.В.» ЖК (ірімшік шешил) және т. б.

2025 жылы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Өзбекстан, Ұлыбритания және Литва елшіліктерінің өкілдері келді.

2025 жылдың наурыз айында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімдігі мен Әзірбайжан Республикасының Мингечевир қаласының әкімшілігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың Жол картасына қол қойылды.

2025 жылғы 18-20 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысына Ресей Федерациясының Саратов облысы Үкімет төрағасының орынбасары А. И. Никитиннің төрағалығымен делегация келіп, екі өңірдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Сапар аясында тараптар екі өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысты.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясының Сючжоу қаласынан ресми сапармен делегация келді. Сапар аясында делегацияны Батыс Қазақстан облысының әкімі қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялар, ауыл шаруашылығын дамыту және т.б. мәселелер талқыланды. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды растауда Орал қаласының әкімдігі мен Сюйчжоу қаласының мэриясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Қытай делегациясы «Ayul Fest» халықаралық фестиваліне қатысты.

2025 жылғы 11-12 қараша аралығында Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің Мемлекет басшыларының қатысуымен ХХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Форумға екі ел үкіметтерінің өкілдері, инвесторлар, ұлттық компаниялар, оқу орындары, ғылыми сарапшылар, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Форум «Жұмысшы мамандықтары - экономика өсімінің қозғаушы күші» тақырыбында өтті. Форум аясында Батыс Қазақстан облысы ҚР Білім министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған технологиялық көрмеге ерекше назар аударылды.

Қазақстан - Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында Қазақстан өңірлері мен Ресейдің облыстық әкімшіліктері, бірқатар ірі компаниялар мен білім беру мекемелері арасындағы 11 өңіраралық және коммерциялық келісім бойынша құжаттармен алмасу өтті. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің шекаралас өңірлері-Орынбор, Волгоград және Саратов облыстары арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени салалардағы қатынастарды дамытуға бағытталған келісімдерге қол қойылды.

Документы
Қаулы
20 декабря 2024
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 ақпандағы №33 «2024 жылы күтіп-ұстау кезінде шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қаулы
19 февраля 2024
2024 жылы күтіп-ұстау кезінде шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекіту туралы
Құжат
28 ноября 2023
Кәсіпкерлік және сауда бөлімі
2023 жылы «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша жеңімпаздар тізімі (жастар гранттары)
Новости
Полезные материалы
Кәсіпкерлік
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссияның ШЕШІМІ
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Медиагалерея
События
01 марта
Батыс-Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына!
01 марта
Батыс-Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына!
01 июня
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Сұрақ: Бизнесті дамытуға гранттарды қалай алуға болады?

Жауап: Мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
* Грант сомасы 5 млн. теңгеге дейін.
* Іске асыру мерзімі 18 ай.
* Өзінің қатысуы кемінде 20%.
Міндетті шарттар: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу, бизнес-идеяның жаңалығы, жұмыс орындарын құру. Өтінімдер электрондық портал арқылы қабылданады KEZEKTE.KZ


«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 Қаулысына сәйкес 5,0 млн.теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне,әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
Кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Бұл ретте кәсіпкердің бизнес-жобасы тізілімде тіркелген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің қызмет саласына сәйкес келуге тиіс.
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) кәсіпкердің оны іске асыруға берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті ақшалай қаражатпен қоса қаржыландыруы;
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) Жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.
Мемлекеттік грант қаражаты мынадай мақсаттарға пайдаланылуға тиіс:
1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/ жаңғырту/ реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) Материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4)кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;
5)зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауға тиіс. Жауапты мемлекеттік орган: БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялақ даму басқармасы.


Сілтеме НҚА: «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы;

«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығы. 

Социальные медиа

Youtube.com
Twitter.com
Facebook.com
Instagram.com

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты