Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының
2024 жылдың қа
ңтар-желтоқсан айларындағы дамуы туралы ақпарат

 

2024 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға басқармаға бюджеттен 45 737,2 млн. теңге қаржы, соның ішінде өсімдік шаруашылығына – 1 679,4 млн. теңге, мал шаруашылығына – 12 396,4 млн. теңге, инвестициялық салынымдарды субсидиялауға – 9 202,7 млн. теңге, несиелердің және лизингтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға – 8 424,3 млн. теңге, «Халықтың табысын арттыру бағдарламасына» - 7 919,0 млн. теңге, «Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беру» - 5 000 млн. теңге, өңірімізде қалыптасқан төтенше жағдайдың залалын өтеуге – 947,7 млн. теңге, басқа да шараларға 107,4 млн. теңге бөлініп,40 114,0 млн. теңге қаражат игерілді (87,8%). Игерілмеу республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен 5 419,0 млн. теңгені құрады («Ауыл аманаты» бағдарламасы).

2024 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 256 854,6 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 95 319,1 млн. теңгені, мал шаруашылығы – 160 772,3 млн. теңгені, қызметтер – 763,1 млн. теңгені құрады. Статистикалық ақпарат бойынша нақты көлем индексі 2023 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 95,9%-ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 87,8%, мал шаруашылығы – 101,8%-ды, қызметтер – 100,0%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың аталған кезеңінде ауыл шаруашылығы саласына
10 149,7 млн. теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың сәйкесті деңгейіне
58,5%-ды құрады.

Осы кезеңде ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 32,5 млрд. теңге несие ресурстары тартылып, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 14,8 млрд. теңгеге 1 370 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары сатып алынды.

Өсімдік шаруашылығы

2024 жылы ауыл шаруашылығы алқаптарының әртараптандыру жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 615,5 мың га құрады (2023 ж. -  623,6 мың га).

Жалпы дәнді дақылдар егісі 312,8 мың га алқапты құрады (2023 ж. – 309,0 мың га), оның ішінде өткен жылы егілген 90,1 мың га күздік дәнді дақылдар.

Майлы дақылдар 102 мың га егілді (2023 ж. – 114,3 мың га), соның ішінде күнбағыстың егіс алқабы – 51,1 мың га.

Картоп және көкөніс-бақша дақылдары 4,0 мың га алқапқа отырғызылды (2023 ж. – 6,8 мың га), соның ішінде картоп – 2,0 мың га (2023 ж. – 1,7 мың га), көкөніс дақылдары – 1,4 мың га (2023 ж. – 3.6 мың га), бақша дақылдары – 0,6 мың га (2023 ж. – 1,5 мың га) құрады.

2024 жылы мал азықтық дақылдарының егіс алқабы 196,7 мың га құрайды (2023 ж. – 190,6 мың га), оның ішінде біржылдық шөптер – 25,9 мың га, сүрлемдік дақылдар – 2,0 мың га, көпжылдық шөптер – 168,8 мың га.

Егін ору жұмыстары

Облыста егін ору жұмыстары толық аяқталды. Жиналған 295 мың га алқаптан 10,1 ц/га өнімділікпен алғашқы салмаққа 299 мың тонна астық жиналды. (2023 ж. -  310,8 мың. тонна)

Майлы дақылдар 96,6 мың га орылып, орташа 10,0 ц/га өнімділікпен 96,2 мың тонна өнім алынды. (2023 ж. - 81 мың.тонна)

Бұдан бөлек 49,5 мың тонна картоп (2023 ж. – 68,9 мың тонна), 25,7 мың тонна көкөніс (2023 ж. – 61,7 мың тонна), 20,0 мың тонна бақша (2023 ж. – 30,6 мың тонна) өнімі жиналды.

Мал шаруашылығы

2024 жылды 1 желтоқсанға мүйізді ірі қара 919,5 мың басты (120,8%), қой – 1 191,5 мың басты (117,1%), ешкі – 169,6 мың басты (100,2%), шошқа – 10,9 мың басты (103,5%), жылқы – 289,9 мың басты (115,4%), түйе – 2,5 мың басты (109%) құрап өсіп отырса, құс – 1 197,8 мың басты құрап (85,1%), 14,9%-ға азайды.

Мал шаруашылығы саласында 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 87,4 мың тонна тірілей салмақта мал және құс еті өндірілді немесе 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 105,1%-ды құрады. Барлық шаруашылықтар бойынша сүт өндіру 198,4 мың тонна (95,9%), өндірілген жұмыртқа 131,7 млн. дананы (90,7%) құрап отыр.

2024 жылдың 1 қаңтарына облыста 952 асыл тұқымды ірі қара мал, 127 шаруашылық қой, 41 шаруашылық асыл тұқымдық жылқы және 1 шаруашылық түйе өсірумен айналысады.

Облыс бойынша мемлекеттік тіркелімде 154,9 мың бас асыл тұқымды ірі қара малы, 73,3 мың бас қой, 13,5 мың бас жылқы, 258 түйе өсірілуде.

Асыл тұқымды мал басының жалпы мал басындағы үлесі ІҚМ бойынша – 16,5%, қой – 5,8%, жылқы – 4,6% және түйе 10,3% құрап отыр.

2024-2025 жылдың мал қыстағына өткен қыстақтан қалған шөпті қоса есептегенде 2 128 мың тонна мал азығы әзірленді, бұл жоспардың 105,2% болды.

СҚО тәжірибесін тираждау.

Облыс тұрғындарының сүт және сүт өнімдерінің қажеттілігі 112 мың тоннаны құраса, қамтамасыз етілу үлесі 22,3% немесе 25 мың тонна.

Сүт және сүт өнімдеріне деген импортқа тәуелділікті азайту мақсатында облыста 2022-2025 жылдарға арналған «Сүт белдеуі» тұжырымдамасы іске асырылуда. Басым бағыт – мемлекеттік қолдауларды кеңейту арқылы жаңа
сүт-тауар фермаларын салу, жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуетін кеңінен пайдалану, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейту және сүт өңдеу кешендерінің жүктемелігін арттыру.

2023 жылы облысқа АӨК-дегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру (СҚО тәжірибесін тираждау) бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде бөлінген жалпы сомасы 6,0 млрд. теңге қаражатқа жылына жалпы 11,4 мың тонна сүт өндіретін 4 заманауи сүт-тауарлы фермалары қаржыландырылып, 1 СТФ пайдалануға берілсе («Ringo Milk» ЖШС), 1 СТФ малын алдағы қаңтар айында алып келіп жұмысын бастайды («Amanat» ШҚ), 2 СТФ  пайдалануға 2025 жылы беріледі («Арыстанов» ШҚ, «Төлеңгіт» ШҚ).

2024 жылы Бағдарлама аясында облысқа 5,0 млрд. теңге бөлініп, 3 жоба жүзеге асырылуда, іске қосу мерзімдері 2025 жыл.

Атап айтқанда:

  1. 400 басқа арналған СТФ құрылысы (инвестор «КТК888» ЖШС), қаржыландыру сомасы – 3,8 млрд. теңге;
  2. 2,5 мың тонна көлемдегі көкөніс сақтау қоймасын іске қосу (инвестор «Baystoun» ЖШС), қаржыландыру сомасы – 1,0 млрд. теңге.
  3. Суармалы жерді іске қосу (инвестор «Amaner IZI» ЖШС), қаржыландыру сомасы – 0,2 млрд. теңге.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы.

Статистикалық мәліметке сәйкес облыс көлемінде 373 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркеліп, соның ішінде 264 кооператив нақты жұмыс істеп тұр. (Жұмыс істеп тұрған кооперативтердің негізін мал шаруашылығы бағыты құрайды, бұл 196 етті мал шаруашылығы, қалғандарының ішінде 46-ы сүтті бағытқа, 9-ы өсімдік шаруашылығы бойынша, 7-і бау-бақша шаруашылығына, 6-ы сервистік қызмет көрсету бойынша).

2023 жылы 49 (бағдарлама шеңберінде құрылғаны – 26 АШӨК, 53%) ауыл шаруашылығы кооперативі, немесе облысымызда нақты жұмыс жасап тұрған кооперативтердің 9%-ы (оның ішінде 5 етті бағыттағы, 38 сүтті бағыттағы, 1 құс шаруашылығы, 5 кәсіпке қажет, қайта өңдеу саласына құрал жабдықтар сатып алу) «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несиеленді.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде 5 002 тұлға мүшелікте (3 заңды тұлға, 157 ШФҚ мен жеке кәсіпкерлер, 4 842 үй шаруашылықтары) болса, оларда 101 703 ауыл шаруашылығы малдары бар (44 079 бас ІҚМ, 56 816 бас ҰММ және 808 бас жылқы).

2023 жылдың қорытындысымен кооперативтерде 274,9 тонна ет, 9 002,9 тонна сүт, 4 740,0 тонна картоп, 49,6 тонна жүн, 24,0 тонна бал, 541,9 тонна бидай, 211,5 тонна арпа, 575,0 тонна көкөніс пен бақша бақылдары, 915,0 тонна мал азықтық дақылдар және 60,0 тонна өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.

Нақты жұмыс жасайтын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері мал шаруашылығы саласында субсидиялар және инвестициялық субсидия алып отыр.

Ауыл аманаты.

2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауды үдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес
2,5 пайызбен облысымызға 6,3 млрд. теңге несие қаржысы бөлінді.

2023 жылы атқарылған жұмыс нәтижесінде жалпы 992 несие беріліп, 1 135 жаңа жұмыс орындары құрылып, қаражат толық игерілді.

2024 жылғы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 7,9 млрд. теңге қаржы көлеміне 751 адамға шағын несие беру арқылы 1402 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын, алайда қаралған қаражаттың тек 2,5 млрд. теңгесі бөлінді.

2024 жылдың шілдесінде келген 1 млрд. теңгеге 116 өтінімге несие беріліп, 164 жаңа жұмыс орындары құрылып, толық игерілді. Сонымен қатар, желтоқсанда 1,5 млрд. теңге қаражат түсіп, 79,2 млн. теңгеге 8 несие беріліп, бұл жұмыстар жалғасуда.

2025 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 5,5 млрд.теңге қаржы көлеміне 815 адамға шағын несие беру арқылы 886 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.

Статистикалық ақпарат бойынша 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 92 775,4 млн. теңгенің тағамдық өнімдері өндірілген, физикалық көлем индексі 2023 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 106,7%-ды құрайды.

2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда жарма, ірі тартылған ұн 270 тонна (145,9%), ет және тағамдық субпродуктілер – 15 890 тонна (136,8%), ет қалбырлары 4 165 тонна (103,7%), рафинадталған және рафинадталмаған өсімдік майы 7 507 (104,1%), нан өнімдері 17 554 тонна (100,9%), шұжық өнімдері 9 442 тонна (104,0%), ірімшік пен сүзбе – 197 тонна (100,5%), өзге сүт өнімдері – 385 тонна (102,7%) өндіріліп, өндіріс көлемдерінің өсуіне әсерін тигізді.

Осы кезеңде ұн 98 811 тонна (93,4%), қайта өңделген сүт пен кілегей – 8 320 тонна (82,6%), балық қалбырлары 2 081 тонна (81,2%), сары май 132 тонна (96,3%), макарон өнімдері 19 289 тонна (92,3%), ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер 3 362 тонна (94,5%) өндірісінің төмендеуі байқалады.

Облыс бойынша 2024 жылы 22,7 млрд. тенгеге 19 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда жалпы құны 15,4 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде:

- 2 жоба («Amanat» ШҚ, «Ringo Milk» ЖШС) сүт тауарлы фермасын кеңейту (1100 басқа);

- 1 жоба («Авангард» ЖШС) астық қоймасын салу (5000 мың тонна);

- 2 жоба («Каукешев» ШҚ, «Нұрдаулет» ШҚ) бордақылау алаңын құру (1800 басқа);

- 1 жоба («Терра Акжайык») бордақылау алаңын кеңейту (15000 басқа);

- 4 жоба («КРС Агро» ШҚ, «Берекет» ШҚ, «Ет өнімі» ШҚ, «Арыстанов» ШҚ) суармалы жер учаскесін құру (1020 гектар);

- 1 жоба («Уральский молочный завод» ЖШС) сүт өңдеу зауытын кеңейту бойынша (7,2 мың тонна).

Документы
Шешім
03 июля 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссияның ШЕШІМІ:
Шешім
01 июля 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссияның ШЕШІМІ:
Кесте
01 июля 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығы
Құрметті азаматтар!
Конкурстық комиссиясының ШЕШІМІ:
Медиагалерея
1
МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ 1,5 ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ
1
ОБЛЫС ӘКІМІ АӨК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
События
18 сентября
Ашы0 диалог порталында сауалнама
14 августа
2020 жылғы 14 тамызда сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының қатысуымен интернет-конференциясы өтеді.
20 марта
Қала тұрғындары мен қонақтарын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз
Реализуемые проекты
"Акжайық -адалдық алаңы" жобасы
Перейти
Услуги
Организации
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы кооперациясы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімі
Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқарасының экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Youtube.com
Twitter.com
Facebook.com
Instagram.com

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы