2025 жылғы 21–22 сәуір күндері облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің басшылығымен барлық аудандарда шаруа қожалықтары иелері, кәсіпкерлер және жер пайдаланушылар үшін арнайы кеңестер өткізілуде.
Осындай кезекті кездесулер Тасқала және Ақжайық аудандарында жалғасын тапты.
Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бағдарламалар, өзгерістер мен қабылданған нормативтік актілер туралы ақпараттар беріліп, қатысушылардың жеке сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Сонымен қатар жер пайдаланушыларға жер заңнамасын сақтау, жер учаскелерін конкурс арқылы алғандардың міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу, суармалы жерлердің санатын өзгерту, жер қатынастары саласындағы жаңа өзгерістер және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы түсініктемелер берілді.