Мал қорымдарын салу үшін жер учаскелерін беру тәртібі туралы жиналыс.

Мал қорымдарын салу үшін жер учаскелерін беру тәртібі туралы жиналыс.

2025 жылғы 16 сәуірде ауылдық округтерде жеке инвесторлардың қаржысы есебінен мал қорымдарын салуды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңесте мал қорымдарын салуға жер учаскелерін беру тәртібі мен экологиялық рұқсат құжаттарын алу мәселелері қарастырылды.

Аталған кеңеске Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының мамандары қатысып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес, мал қорымдарын салу үшін жер учаскелерін беру тәртібі бойынша ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жер қатынастары басқармасы тарапынан осындай түсіндіру бағытындағы шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.