Шаруа қожалықтарымен өткізілген кездесулер туралы.

Шаруа қожалықтарымен өткізілген кездесулер туралы.

Ағымдағы жылы 10 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов  жетекшілігімен Қаратөбе және Сырым аудандарының шаруа қожалықтары және кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу кезінде шаруа иелері мен кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар, соңғы өзгерістер мен олардың жеке сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар, жер пайдаланушыларға суармалы және жайылымдық жерлер, инвестициялық жобалар үшін жер телімдерінін беру тәртібі мен жер пайдаланушылардың міндеттері, жерлерді мақсатына сай пайдалану бағытында және жер қатынастар саласныдағы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат берілді.

Осындай түсіндіру бағытындағы кездесулер осыған дейін облыстың 10 ауданында өткізілді.