
2025 жылғы 18 наурызда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Айтмұхамбетовтің тапсырмасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы бойынша агроөнеркәсіп кешені саласындағы өзекті мәселелерді шешу бағдарламасын дайындау мақсатында аудан орталығы – Сайқын ауылында Басқарманың бөлім басшысы Ж.И. Ашықпаев жұмыс тобының құрамында аудандық уәкілетті органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен кеңеске қатысты.
Кеңес барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған қажетті ұсыныстар беріліп, сондай-ақ жергілікті жер үшін маңызы бар мәселелер талқыланды. Соның ішінде, жер қатынастарына қатысты сұрақтар да көтерілді.