Заңсыз құрылыс, рұқсаты немесе құжаттары жоқ жер учаскелеріне жасалған мониторинг туралы.

Заңсыз құрылыс, рұқсаты немесе құжаттары жоқ жер учаскелеріне жасалған мониторинг туралы.

 Орал қаласы аумағының Жайық өзені арнасы бойында кейбір объектілердің заңсыз құрылысы, басып алу, тиісті құжаттарының болмауы, тұрмыстық қалдықтардың пайда болуына қатысты облыстық жер қатынастары басқармасының мамандары, бірқатар мүдделі мекемелер өкілдерімен бірнеше көшелер бойынша (Некрасова, Жуковская, Елизарова, т.б.) және Жайық өзенінің жағалауымен сол жерлерге барып қарап шықты.

 Қазіргі уақытта, өзендер жағалауын дамбылармен бекіту жұмыстарының жүргізілуіне орай, кейбір жеке тұрғын үйлер немесе коммерциялық объектілер тым жақын орналасқаны байқалады.

 Осы жұмыс тобының объектілерді аралау кезінде, әрбір жеке сектор бойынша олардың орналасуы, тиісті рұқсаттарының болуы, бекітілген жер учаскелерінің аумағынан шығу мәселелері сол жерде тиісті органдар мамандарының қатысуымен талқыланып, алдын-ала жасалатын шұғыл жұмыстар талқыланды.

 Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтар бойынша да адамдар және сауда орындары көп шоғырланған жерлері, тазалауды талап ететіні көрініп тұр.

 Ендігі жерде, қалалық әкімдік және жауапты органдар тиісті алгоритмге сәйкес, шұғыл шаралар алатын болып келісілді.

Қорытындысы облыс әкімдігінде талқыланып, қаралады.