Облыстық прокуратура, табиғат қорғау прокуратурасының өкілдерімен және жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу.

Облыстық прокуратура, табиғат қорғау прокуратурасының өкілдерімен және жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу.

Қала аумағында су тасқынымен күрес күн сайын күшейтіліп жатыр. Табиғи апатпен түрлі сала қызметкерлері, кәсіпкерлер мен тұрғындар барлығы бірдей өз көмектерін көрсетуде.

Дегенмен, тұтынушылардан, әлеуметтік желі беттерінде осы көрсетілетін қызметтерге қатысты түрлі ақпараттар келуде.

Осыған орай, бүгін қала аумағында жер қойнауын пайдалану, оның ішінде құм-қиыршық тас қоспасын өндіру бағытында айналысатын кәсіпкерлермен ақпараттық-түсіндіру форматындағы кездесу ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде, су тасқынын алдын алуға қатысты жасалып жатырған кейбір жұмыстарға ең қажеттісі құм-қиыршық тасы.

Сондықтан, осы саладағы кәсіпкерлер мен мекемелерге төтенше жағдай кезінде атқарушы органдарға көмек көрсету, төмен бағаға сату, мүмкіндік болса кейбір объектілерге, жеке тұрғындарға да ақысыз беру жақтарын қарау ұсынылды.

Кездесуде, облыстық прокуратура, табиғат қорғау прокуратурасы, бәсекелестікті дамыту және қорғау, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері заңнама талаптарын түсіндіріп, жұмыс бағытындағы хабарламалар берді.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер де бүгінгі күні қолдан келер көмектерін беріп жатқандарын, мемлекеттік органдарға қолдау көрсететіндерін жеткізді.

Олардың арасында да өндіру аумақтары суға кеткен жерлер бар.

Ең бастысы, барлық тараптар арасында түсіністік пен жұмыс жасау алгоритмі бар.

Табиғи апаттың алдын алу, тек бірлескен жұмыстардың арқасында нәтижелі болатынын жеткізгіміз келеді және соған шақырамыз.