Төсбелгі медалін табыстау!

Төсбелгі медалін табыстау!

Ағымдағы жылдың 6 наурызында Жерге орналастыру, геодезия және картография күніне орай Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитетінде қызметкерлерге геодезия және картография саласындағы өндірістік қызметтегі үздік жетістіктері үшін «Құрметті геодезист» және «Үздік геодезист» төсбелгілерін табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде геодезия және картография комитетінің төрағасы Бекмұхан Ахматдинұлы Бекмұқашев әрбір медаль иегерін құттықтап, өндірістік қызметте одан әрі табыс пен даму тіледі.

Марапатталғандардың арасында мемлекеттік қызметтер, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік талдау бөлімінің маманы Сұлтанғалиев Дияр Өтегенұлы «Үздік геодезист» төсбелгісімен марапатталды.