Басқарма ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жазғы спорт түрлерінен тест тапсырды

Басқарма ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жазғы спорт түрлерінен тест тапсырды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Токаевтың 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қоғам алдына жас ұрпақты тәрбиелеу, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты, әсіресе, балалар спортын дамыту жөнінде міндеттер қойылған.

Мемлекет басшысы ұлт саулығын нығайту, халықтың барлық жастағы топтарын жаппай спортқа тарту мәселесінің өзектілігін ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау аясында бүгін алға қойылған мақсатты жүзеге асырудың барлық шаралары алынуда. Осы тұрғыда халықтың дене дайындығы тестілері ұлт саулығын нығайту, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы  ықпалды шаралардың бірі болып табылады.

Осыған орай, ү.ж. шілде айында облыстың мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік ұйымдарының қызметкерлері арасында жазғы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті – Елбасы тестілері өткізіледі.

Сондықтан бүгін П.Атоян атындағы стадионда Басқарма ұжымы осы іс-шараға қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жазғы спорт түрлерінен (100 және 1000 метрге жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, кеудені көтеру, биік кермеде тартылу, граната лақтыру) тест тапсырды.