Табиғатты пайдалану және жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері бойынша кеңес

Табиғатты пайдалану және жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері бойынша кеңес

Бүгін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың облыстық арнайы мониторингтік тобының бастамасы бойынша онлайн режимінде (ZOOM) БҚО-да табиғат пайдалану және жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, республикалық және өңірлік АМТ басшылығы мен мүшелері, БАҚ өкілдері шақырылды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Сәмет модератор болды.

Кеңес барысында су айдындарында жер бөлу заңдылығы, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту заңдылығы, жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және т.б. мәселелер қозғалды.

Кеңес қорытындысы бойынша АМТ өкілдері көрсетілген салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері бойынша бірқатар нақты ұсынымдар (ұсыныстар) әзірлеуді және облыс басшылығының талқылауына шығаруды ұсынды.