Парламент жаңа жер түзетулерін қабылдады

Парламент жаңа жер түзетулерін қабылдады

Сенат депутаттары ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді ұзартатын жаңа жер түзетулерін қабылдады

Жаңа түзетулерге сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторий 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылатын болады, жалға алу тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғалар үшін қолжетімді болып қала береді, ал ауыл шаруашылығы жерлерін қосалқы жалға беруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, заңда конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері жазылған. Конкурсқа тым үлкен учаскелерді шығаруға тыйым салынады. Ауылдарында кемінде бес жыл тұратын ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурстарға қатысқан кезде артықшылыққа ие болады, оларға конкурстағы жеңіске әсер ететін қосымша балдар есептелетін болады.

Заңның тағы бір нормасы жайылым тапшылығы бар ауыл тұрғындарының проблемасын шешуге бағытталған. Сенаторлар бекіткен құжатта жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарда көрсетілген және жеке ауладағы жануарларды жаю үшін қажетті жайылымдарды жеке меншікке және жер пайдалануға тыйым салу жазылған.

"Бұл заңда жерді ұтымды және мақсатты пайдалану бойынша жаңа нормалар қарастырылған. Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру жөніндегі Жер кодексінің нормаларын қолдануға мораторий ұзартылатын болады. Құжатқа сондай-ақ, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелерін реттейтін жаңа нормалар енгізілген. Мұның бәрі елдің ұлттық мүдделеріне толық сәйкес келеді", - деп Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өтті.

Дереккөз: https://senate.parlam.kz/