23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні

Бүгін 23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты шара өтті. Алдымен БҚО-ның жер қатынастары басқармасы басшысының м.а. Ж.И.Ашықпаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Салтанатты шара барысында Басқарма басшысының орынбасары Ж.И.Ашықпаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Құрметті жерге орналастырушы" төс белгісімен, жерге орналастыру бөлімінің бас мамандары Д.Ө.Сұлтанғалиев пен А.А.Бермағамбетова ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Үздік жерге орналастырушы" құрмет дипломымен марапатталды.

Оған қоса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы шахмат бойынша облыстық онлайн-турнирде (https://lichess.org/ сайтында) Басқарманың бас маман-заңгері М.Н.Тілепов екінші орынға ие болды.