Мемлекеттік қызметшілер арасындағы онлайн турнирдің нәтижелері

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы онлайн турнирдің нәтижелері

4 маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасындағы турнир аяқталды.

Турнирді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп және Батыс Қазақстан облыстық салалық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен ұйымдастырды.

Шахмат жарысында:

Ерлер арасында:

1 орын. Сапиев Ерлан Гарифоллаұлы БҚО бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы.

2 орын. Тілепов Мұрадым Нұриманұлы Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының бас маман-заңгері.

3 орын. Қадырұлы Кенжебек Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы.

Әйелдер арасында:

1 орын. Ғұбайдоллина Әсемгул Досқазықызы Жаңақала ауданынық мәдениет, тілдерді дамыту, жене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы.

2 орын. Илясова Қымбат Кәрімқызы Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

3 орын. Идгеева Атир Шайзадақызы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы орын алды.