Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлерінің күні атап өтіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күнін жыл сайын 2017 жылдан бастап наурыздың екінші сенбісінде атап өтеді.

Ағымдағы жылы аталған күн 13 наурызда мерекеленеді. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының, "Қазгеодезия", "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың" қызметкерлері, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері және т.б. үшін кәсіби мереке.

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы жерге орналастырушыларды, геодезистер мен картографтарды кәсіби мерекелерімен құттықтайды!