12 ақпан күні сағат 16:00-де Шыңғырлау ауданының әкімі А.Мұханбетжанованың есеп беру кездесуі өтеді

12 ақпан күні сағат 16:00-де Шыңғырлау ауданының әкімі А.Мұханбетжанованың есеп беру кездесуі өтеді

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні сағат 16:00 - де Шыңғырлау ауданының әкімі А.Мұханбетжанованың аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі өтеді. Есеп беру форматы облысымыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн түрде Шыңғырлау ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми сайттары арқылы өткізіледі.

Осыған орай, есептік кездесуге өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды көрсетілген мекен-жайлар беруге болады: Шыңғырлау ауданы және ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында және Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының арнайы жәшіктеріне салуларыңызға, аудан әкімі аппаратының Facebook, Instagram, әлеуметтік желісіндегі парақшаларына, chingirlau_akimat@bko.gov.kz почтасына, 8 (71137) 33 445, 8 (705) 560 90 93 жұмыс телефондары арқылы қоюға болады.