Бөкей Ордасы ауданындағы Полигон жерлерінде шаруа қожалықтарын заңсыз орналастыру мәселелері жөніндегі кеңес.

Бөкей Ордасы ауданындағы Полигон жерлерінде шаруа қожалықтарын заңсыз орналастыру мәселелері жөніндегі кеңес.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен Бөкейордасы ауданындағы полигон жерлеріндегі заңсыз орналасқан шаруа қожалықтарына қатысты кеңес өтті.

Күн тәртібінде Бөкей ордасы ауданының шаруалары тарапынан көтерілген мәселелер де талқыланды.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясына сынақ алаңы үшін жалға берілген жерлерде мал шаруашылығы қызметін жүзеге асыру мүмкіндіктері айтылды.
Кеңеске құзырлы департамент, басқарма басшыларымен қатар, «Нарын» шаруа қожалығының жетекшісі Нағим Тәжімұратов та қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, әскери-сынақ полигоны басшылығының келісімімен ІІ санаттағы жерлер шаруашылық құрылымдарына қысқы мал азығын дайындау үшін пайдалануға беріліп келеді. Аталған учаскелерде тек маусымдық жұмыстарға ғана рұқсат етілгеніне қарамастан, полигон аумағында қыстақтар орналасқаны, заңсыз құрылыс нысандары салынғаны анықталуда.

Осыған орай жергілікті атқарушы орган арнайы жұмыс тобын құрып, өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстар жүргізуде.
Құзырлы құрылым кеңес отырысында айтылған деректер бойынша заңнама талаптарына сәйкес тексеру жалғасатын болады.
Кеңес төрағасы бақылау мен тексеру жұмыстарының жеткіліксіздігін айтып, ведомствоаралық байланысты күшейту және нақты алгоритм құрудың маңызын атап өтті. Бөкей ордасы ауданының әкіміне облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің тексерісі кезінде жергілікті уәкілетті органдар, қоғам белсенділері мен шаруа қожалықтарының қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Салалық басқармаға тексеріс қорытындыларын ескере отырып, келесі отырысты ұйымдастыру жүктелді.