
2026 жылғы 10 шілдеде салық төлеуді, инвестицияларды тартуды және тиісті ауылдық аумақтарды дамытуды қамтамасыз ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселелерін реттеу жөніндегі Арнайы комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала және Теректі аудандары әкімдіктері ұсынған материалдар қаралды. Әрбір мәселе бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараты тыңдалып, ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Арнайы комиссия тиісті шешімдер қабылдап, жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.