Жер – біздің байлығымыз, және оның құнарлылығының жай-күйіне дұрыс көзқарастан, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дұрыс шаруашылықтан жақсы өнім алу ғана емес, сонымен қатар құнарлы әлеуетті сақтау, қазіргі және келесі ұрпақ үшін жер ресурстарын көбейту де байланысты.
Батыс Қазақстан облысы аграрлық өңірлердің бірі болып табылады.
– БҚО-дағы басымдықтардың бірі етті мал шаруашылығын дамыту болып табылады. Ірі қара мал басы бойынша өңір республикада төртінші орын алады.
Асыл тұқымды ірі қара мал өсіру бойынша Батыс қазақстан облысы елімізде үшінші орында. Етті бағыттағы ірі қара мал өсіру бойынша облыс екінші орында. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша БҚО-ның Тасқала ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтерін біріктіру бойынша пилоттық жоба енгізілді.
«Жобаны толық іске асыру үшін бірқатар кедергілерді жою қажет. Сондықтан біз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы ұсыныс жолдадық. Егер бұл ұсыныс қолдау тапса, халықтың табысы едәуір артады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы айтқан жеті экожүйенің бірі – ет бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысы елдегі ең жоғары әлеуетке ие», – деп облыс әкімі Ғали Есқалиев ағымдағы жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тікелей эфирде Мемлекет басшысының жолдауы аясында өңірдің дамуы туралы баяндады.
Бүгінгі таңда аймақта мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер табиғи жайылымдарда ірі қара өсіреді. Ал далада өскен мал экологиялық таза өнім береді. Егер Кеңес Одағы кезінде облыстың жайылым алаңы 13 миллион гектар болса, бүгінде тек 7 миллион пайдаланылады. Осылайша, өңірде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Айта кету керек, әлемде таза, экологиялық таза өнімге сұраныс өте жоғары.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер туралы мәселе өзекті болып табылады. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) сайтында жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Өз кезегінде, конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Инвестициялар сомасында өнімді сақтау және қайта өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған объектіні салуға, технологиялық жабдық сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайтынын атап өткен жөн.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.
Конкурс жеңімпазы бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағаланады.
Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.
Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді беру жөніндегі конкурсты жариялағаннан кейін әрбір жеке не заңды тұлға оған қатысуға құқылы.
Сондай-ақ, атап өту керек, жер учаскесiн шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын азаматтар пайдаланады.
Мұрадым ТІЛЕПОВ
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының бас маман-заңгері