
Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні облыстық жер қатынастары басқармасының ұйымдастырумен, аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерінің мамандары үшін облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Хайруллинамен кездесу ұйымдастырылды.
А.Хайруллина мемлекеттік қызметшілерге саладағы соңғы өзгерістермен, жұмыс барысында, ұжым арасында жүзеге асырылуға тиіс шаралармен бөлісті.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге қатысты әдеп нормаларына жан-жақты тоқталды.
БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Мақсотов аудандық бөлімдермен жыл сайын арнайы кездесулер ұйымдастырылып, үнемі заңнама талаптарындағы жаңа нормалар, жұмыс кезіндегі қызмет алушылармен байланыс, әдеп нормаларын сақтауға қатысты ақпараттар айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілетініне тоқталды.
Түсіндіру форматында өткен кездесуде, мемлекеттік қызметшілер өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Мемлекеттік қызмет күнделікті түрде, тәртіппен заңдылықты, адалдық пен жауапкершілікті талап ететіні белгілі.
Сол себепті, әрбір маман осы қағиадаларды басшылыққа алулары керек деп санаймыз.