«Халық заңгері» әлеуметтік акциясы туралы

«Халық заңгері» әлеуметтік акциясы туралы

🔸 2026 жылғы 29 қаңтарда «Халық заңгері» атты әлеуметтік акция өтті.

🔸 Аталған акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру.

🔸 Акция аясында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы мен салалық мамандар тұрғындарды жеке қабылдап, жер қатынастарына байланысты өзекті мәселелер бойынша кеңестер берді. Атап айтқанда, жер учаскелерін рәсімдеу, мақсатты пайдалану, жер учаскелерін бөлу және біріктіру, сондай-ақ жерді жалға алу және жеке меншікке алу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

🔸 Іс-шара барысында келген азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты әрі толық жауап алып, қолданыстағы заңнама талаптары мен оны қолдану тетіктері туралы маңызды ақпаратқа қанықты. Акция тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтуға мүмкіндік берді.

🔸 Жалпы алғанда, «Халық заңгері» акциясы азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы олардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі болып табылады.