«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілген жер қатынастары саласына арналған шара туралы

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілген жер қатынастары саласына арналған шара туралы

2026 жылғы 13 қаңтарда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жер қатынастары саласында заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында облыстық жер қатынастары басқармасымен облыстық прокуратура және жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдерінің, сондай-ақ қалалық, аудандық жер қатынастары бөлімдері мен жер пайдаланушылардың қатысуымен арнайы кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдері мен жер пайдаланушыларға жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар, жер мәселелеріне қатысты сотта қаралып жатқан істер, бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтылды.
Сонымен қатар, облыстық прокуратура тарапынан жыл барысында жүргізілген тексерулер нәтижелерінің қорытындылары да талқыланды.
Мұндай кездесудің мақсаты жер саласында орын алатын заң бұзушылықтардың алдын алу және жер пайдаланушылар қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру болып табылады.