
2025 жылғы 23 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетовтің төрағалығымен «ҚР саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамыту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының» орындалу туралы Жұмыс тобының кезекті отырысы өткізіліп, онда өңіріміздегі саяжайлар мен бау-бақшалар шаруашылықтарына қатысты мәселелер жан-жақты қаралды.
Бүгінгі күні, облыс бойынша көлемі 5076, 9 га құрайтын 40680 саяжай және бау-бақша серіктестіктері бар.
Негізінен саяжай учаскелердің саны Бөрлі ауданында 1202, көлемі 338 га; Теректі ауданында 1819, көлемі 159 га; Бәйтерек ауданында 11 176, көлемі 1384, 5 га және Орал қаласы бойынша 26 483, көлемі 3 777 га құрайды.
Жоғарыда аталған Жол картасында саяжай және бау-бақша серіктестіктеріне кешенді талдау жасау, инженерлік инфрақұрылым жүргізу (жол, элект желілері жүргізу, суаруға арналған құбырларды төсеу және тағыда басқа) сияқты негізгі іс шаралар қарастырылған.
Қазіргі уақытта Орал қаласы бойынша саяжай тұрғындарын автобус қатынастарымен толық қамтамасыз етіліп отыр.
Сонымен қатар, саяжай, бау-бақша және жеке қосалқы шаруашылық субъектілерінің өндірілген өнімдерін өткізу үшін сауда орындары бөлініп, сатушылар жалдау құнын төлемей сата алу бағытында нәтижелі жұмыстары бар.
Ендігі кезекте, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мен қатар, электр энергиясына тарифтерді төмендету, камералар орнату мәселесі де зерделенуде.
Жұмыс тобының отырысының қорытындысымен салалық басқармалар мен аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берілді.