
Өздеріңізге белгілі, Облыс әкімінің 10 мамыр 2024 жылғы №106 өкіміне сәйкес, конкурссыз берілген жер учаскелерін заңдастыру жөніндегі Арнайы комиссия құрылып, оның құрамына мүдделі мемлекеттік, құқық қорғау және қажетті қоғамдық бірлестіктер өкілдері еңгізілді.
2025 жылғы 23 желтоқсанда Арнайы комиссияның 12 ші отырысы өткізіліп, 2 жер учаскесі заңдастырылды
Жалпы қорытынды мәлімет:
2003-2018 жылдары берілген барлығы 8288 жер учаскелері комиссия отырыстарына шығарылып, оның:
- 6355 жер учаскесі заңдастырылды;
- 1870 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылғандығы анықталды;
- 39 жер учаскесі бойынша нұсқама берілді;
- 2 жер учаскесі бойынша мұрагерлік процедуралардың жүруіне байланысты басқармамен (бөліммен) қосымша мониторингке алынaды;
- 22 жер учаскесі бойынша материалдар тексерілу сатысында.