Жер қойнауын пайдалану саласындағы комиссияның жұмыс сапары

Жер қойнауын пайдалану саласындағы комиссияның жұмыс сапары

Өздеріңізге белгілі БҚО жер қатынастары басқармасы жер қойнауын пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Осы ретте, зерттеп – қарау немесе тарату жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін қабылдауды тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, оның өкілдерінен және мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушының құратын комиссия (бұдан әрі – комиссия) (жер қойнауын пайдалану құқығы тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша тоқтатылған тұлғаның) өкілдерінен жүзеге асырады.
Мысалы, ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу және қабылдау комиссиясымен БҚО жер қатынастары басқармасының Бәйтерек ауданының ауылдық округінің аумағына барып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жұмыстарын қабылдау мақсатында жергілікті жерге шығу ұйымдастырылды.
Нәтижесінде аталған жер қойнауы учаскескелер бойынша тиісті жұмыстар өткізіліп, шешімдер қабылданды.
Алдағы уақытта да осындай шаралар жүйелі түрде жүргізіліп отырылатын болады.