Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратының аумақатық инспекторына геопорталды көрсету

Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратының аумақатық инспекторына геопорталды көрсету

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы Ж.Ашықпаев Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратының аумақтық инспекторы              Н.К. Егембердиевтің Батыс Қазақстан облысының IT-қоғамдастығы және мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан бірқатар IT-жобалар таныстырылды.

Кездесу кезінде басқарма өз теңгеріміндегі жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталының мүмкіндіктерін көрсетіп, порталдың функционалын жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, қатысушылар өңірді цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу және мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бағыттарын жан-жақты қарастырды.