🔔 «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы туралы

🔔 «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы туралы

🔸 2025 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халықтық заңгер» атты республикалық акция өткізілді.

🔸 Іс-шара аясында өңір тұрғындары жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелер бойынша басқарма мамандарынан кәсіби және нақты кеңестер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

📌 Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

👩‍⚖️ Кездесу барысында мамандар қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіріп, жер учаскелерін рәсімдеу тәртібі мен азаматтардың жер қатынастары саласындағы құқықтары мен міндеттерін баяндап өтті.

💬 Қатысушылар мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтіп, «Халықтық заңгер» акциясы азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын жақсырақ түсініп, тиімді қорғауына мүмкіндік беретінін жеткізді.