
📍 2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Геодезия және картография комитетінің ұйымдастыруымен кімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Ел аумақтарының нақты шекараларын айқындау — жер ресурстарын тиімді басқарудың және елді мекендердің тұрақты дамуының маңызды бөлігі.
Кеңестің басты мақсаты – әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу кезінде туындайтын мәселелерді талқылау және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру болды.
Кеңес барысында елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен жер балансына сәйкес елді мекендер санатына кіретін өзге де аумақтарды бас жоспар құрамына енгізудің маңыздылығы атап өтілді.
Облыстық жер қатынастары басқармасының қызметкерлері талқылауға белсене қатысып, өз пікірлерін білдіріп, бірқатар маңызды ұсыныстар ұсынды.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар назарға алынып, оларды іске асыру бағытында нақты шаралар жоспарланды.