Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдеріне тұрақты мониторинг және талдау жүргізу үшін фокус-топтар туралы.

Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдеріне тұрақты мониторинг және талдау жүргізу үшін фокус-топтар туралы.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделеу бойынша тұрақты мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы фокус-топ құрылды.

Аталған топтың құрамына облыстық жер қатынастары басқармасының бас мамандары Д. Султанғалиев пен Қ. Молдағалиев енгізілді.

Осыған орай, 2025 жылғы 21 қазанда облыстық мәслихат залында жоғарыда аталған қызметшілер жер қатынастары саласындағы бюрократиялық кедергілерге қатысты бірқатар кейстар мен нақты мысалдарды талқылап, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар пакетін әзірледі және фокус-топ мүшелерінің назарына ұсынды.

Шара барысында мемлекеттік қызметшілер тәжірибе алмасып, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру мен тиімді басқару мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.