Ашық есік күні

Ашық есік күні

📅 2025 жылғы 14 қазанда БҚО жер қатынастары басқармасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараға «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша білім алып жүрген Жоғары аграрлық-техникалық колледждің студенттері келіп, танысу сапарымен болды.

Сапар барысында болашақ мамандар басқарманың қызметімен танысып, оның негізгі жұмыс бағыттары туралы мағлұмат алды.

👨‍💻 Студенттерге Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының мүмкіндіктері мен жер балансы бойынша есептілікті қабылдау процесі көрсетілді.

🏛️ Сондай-ақ, басқарманың өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы және жер қатынастары саласындағы практикалық қызметі туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында студенттер басқарма ұжымымен танысып, жер саласындағы өзекті мәселелер жөнінде пайдалы мәліметтер алды.

Мұндай кездесулер теория мен тәжірибенің өзара байланысын нығайтып, жастардың жер қатынастары саласына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.