Басқарма қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Басқарма қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Орал қаласы аумағында тазалау және абаттандыру шараларын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 4 қазан күні басқарма қызметкерлері сенбілікке белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қала көшелері мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыс жиналып, ағаштар мен жасыл аумақтар ретке келтірілді. Қызметкерлер өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Сенбілік ұжымдық жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.