Ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеу жұмыстары туралы

Ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеу жұмыстары туралы

2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің бұйрығына сәйкес құрылған комиссиямен бірге басқарманың бас маманы Д. Султанғалиев ағымдағы жылғы 27-29 тамыз күндері Ақжайық, Қазталов және Жаңақала аудандарына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жүргізіліп жатқан топырақ зерттеу, жер бонитетін анықтау және мониторинг жұмыстарының барысы тексерілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы жерлерінің жарамдылығын бағалау үшін топырақтың құрамы, құрылымы, қасиеттері мен құнарлылығын зерделеу.

Жер бонитетін бағалау нәтижелері жер учаскелерінің өнімділік әлеуетін анықтап, аграрлық қызметті тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Ал мониторинг шеңберінде топырақ жағдайына жүйелі бақылау жүргізіліп, эрозия, тұздану, шөлейттену және басқа да деградациялық үдерістердің белгілері уақтылы анықталуда. Бұл өз кезегінде топырақ құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіру шараларын дер кезінде жүзеге асыруға жол ашады.